О внесении изменения в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 7 октября 2020 года № 48/15 «Об определении системы мер, порядка и размера оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность и поселок, город районного и областного значения Северо-Казахстанской области за счет бюджетных средств»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 7 октября 2020 года № 48/15 «Об определении системы мер, порядка и размера оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность и поселок, город районного и областного значения Северо-Казахстанской области за счет бюджетных средств»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/15 «Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7/8
- Қабылданған күні
- 18.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 18.10.2023 187552_661487.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23S0760315
- ЭКБ идентификаторы
- 187552
- Редакция идентификаторы
- 187552_661487
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:18
0
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/15 «Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6586 болып тіркелген) мына өзгеріс енгізілсін:
шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері
Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
2023 жылғы 18 қазандағы
№ 7/8 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
2020 жылғы 7 қазандағы
№ 48/15 шешіміне 1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Кодексiнiң, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының негiзiнде әзiрлендi, Солтүстiк Қазақстан облысының ауылдық жерiне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне (бұдан әрi - қызметкерлер) бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтiк қолдау көрсету тәртiбi мен мөлшерiн айқындайды.
2 2. Әлеуметтiк қолдау көрсету жөнiндегi уәкiлеттi орган – «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган).
3 3. Осы Тәртіпте мына негізгі ұғымдар қолданылады:
1 1) бейінді маман – бұл жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
2 2) жұмыс берушi - тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы;
3 3) медицина қызметкерi – кәсіптік медициналық бiлiмі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
4 4) фармацевтика қызметкерi - фармацевтикалық бiлiмі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.
2 2. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсету тәртiбi мен мөлшерi
4
4. Солтүстік Қазақстан облысының аумағына басқа өңірлерден жаңадан келген, жұмыс берушімен еңбек шарттарын жасасқан және Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жерлері мен кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмыс істеуге жіберілген қызметкерлер біржолғы әлеуметтік қолдау алуға құқылы.
5
5. Біржолғы әлеуметтік қолдау алуға үміткер қызметкерлер жұмыс берушімен және уәкілетті органмен «Солтүстiк Қазақстан облысының ауылдық жерiне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтiк қолдау шарасын ұсыну туралы» Келісім жасайды, оған сәйкес әлеуметтік қолдау алған қызметкер мемлекеттік медициналық ұйымдарда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс істеуі тиіс.
6 6. Қызметкерлердің жұмыс берушімен еңбек шарты жасалған сәттен бастап 1 (бір) жыл ішінде әлеуметтік қолдау шараларын алуға өтінім беруге құқығы бар.
7 7. Медицина қызметкері Солтүстік Қазақстан облысы шегінде басқа аумақтығы бойынша мемлекеттік медициналық ұйымға жұмысқа ауысқан жағдайда, ұсынылған әлеуметтік қолдау қызметкерде сақталады.
8 8. Уәкілетті орган денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жерлері мен кенттері, аудандық және облыстық маңызы бар қалалары үшін мамандықтар бойынша медициналық және фармацевтикалық кадрларға сұранысқа талдау жүргізеді.
9 9. Әлеуметтiк қолдау мынадай бір жолғы төлемнен тұрады:
1 1) Cолтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласына жұмысқа жіберілген, жалпа практика дәрігері лауазымына қабылданған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;
2 2) Cолтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласына жұмысқа жіберілген бейінді мамандарға 3 500 000 (үш миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;
3 3) Cолтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген, жалпа практика дәрігері – лауазымына қабылданған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;
4 4) Cолтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген бейінді мамандарға 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде.
10 10. Қызметкерлер әлеуметтік қолдау алу үшін уәкілетті органға мына құжаттарды ұсынады:
1 1) жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
2 2) жоғары кәсіптік бiлiмі туралы дипломының көшiрмесi;
3 3) еңбек еткенін растайтын құжатының көшiрмесi (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);
4 4) мемлекеттiк медицина ұйымына жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшiрмесi.
11 11. Әлеуметтік қолдау көрсету туралы құжаттарды қарауды комиссия жүзеге асырады:
1 1) комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрауы тиіс;
2 2) комиссия төрағасы лауазымы бойынша уәкілетті орган басшысының орынбасарынан төмен емес тұлға болып табылады;
3 3) хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды.
12 12. Комиссия мына функцияларды жүзеге асырады:
1 1) қызметкерлер ұсынған осы Тәртіптің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қарайды;
2 2) он бес жұмыс күні ішінде қызметкерлерге әлеуметтік қолдау ұсыну не ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Қарау мерзімі қызметкерлер ұсынған құжаттардың дұрыс болмаған және құжаттардың тізбесі толық болмаған жағдайларда ұзартылуы мүмкін.
13 13. Бiржолғы төлем комиссия шешім қабылдағаннан кейін және бюджет қаражаты болған кезде екiншi деңгейлi банкте ашылған қызметкерлердің есептiк шотына аудару арқылы отыз күнтізбелік күн ішінде төленедi.
Қызметкерлерге әлеуметтiк қолдау көрсету жергілікті бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде қызметкерлерге комиссияның қабылдаған шешімі туралы хабарлайды.