Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Сарыагашского районного маслихата от 7 сентября 2020 года № 54-480-VI «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Сарыагашскому району»

Өзге акт · № 13-93-VII · қабылданған 17.11.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2020-no-54-480-vi/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Сарыагашского районного маслихата от 7 сентября 2020 года № 54-480-VI «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Сарыагашскому району» Күшін жойған Өзге акт ·№ 13-93-VII ·17.11.2021
22.02.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Сарыагашского районного маслихата от 7 сентября 2020 года № 54-480-VI «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Сарыагашскому району»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 13-93-VII · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Сарыагашского районного маслихата от 7 сентября 2020 года № 54-480-VI «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Сарыагашскому району»
Атауы (қаз.)
Сарыағаш аудандық мәслихатының 2020 жылығы 7 қыркүйектегі № 54-480-VI «Сарыағаш ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
13-93-VII
Қабылданған күні
17.11.2021
Көрсетілген редакция
22.02.2024 161185_685733.kaz
Соңғы өзгеріс
22.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21UK025568
ЭКБ идентификаторы
161185
Редакция идентификаторы
161185_685733
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:51

0 Сарыағаш аудандық мәслихатының 2020 жылығы 7 қыркүйектегі № 54-480-VI «Сарыағаш ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Сарыағаш аудандық мәслихатының «Сарыағаш ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2020 жылғы 7 қыркүйектегі №54-480-VI шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5813 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Сарыағаш ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»;
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

1 «1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сарыағаш ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Сарыағаш ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

Сарыағаш аудандық мәслихатының
2021 жылғы 17 қарашадағы
№ 13-93-VII шешіміне қосымша
Сарыағаш аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
7 қыркүйектегі №54-480-VI
шешіміне 1- қосымша
Сарыағаш ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

1

1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Сарыағаш ауданыныда тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жолберілетін шығыстар үлесі 10% мөлшерінде.
Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың соммасы ретiнде айқындалады.

2 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

3

3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустирия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.

4

4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды пайдалануға жұмсалатын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының арасындағы жергілікті өкілді орган белгілеген айырма ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатаханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.

5

5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекомуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі №512 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

6

6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес «Азаматтараға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

7

7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

8 8. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

9 9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген соммаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

Қолданыстағы