Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 7 сентября 2021 года № 359 «Об утверждении Правил ведения Единой системы государственных кадастров природных ресурсов Республики Казахстан»

Бұйрық · № 228 · қабылданған 25.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2021-no-359-ekb-184423/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 7 сентября 2021 года № 359 «Об утверждении Правил ведения Единой системы государственных кадастров природных ресурсов Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 228 ·25.07.2023
25.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 7 сентября 2021 года № 359 «Об утверждении Правил ведения Единой системы государственных кадастров природных ресурсов Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 228 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 7 сентября 2021 года № 359 «Об утверждении Правил ведения Единой системы государственных кадастров природных ресурсов Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 359 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
228
Қабылданған күні
25.07.2023
Көрсетілген редакция
25.07.2023 184423_644493.kaz
Соңғы өзгеріс
25.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033181
ЭКБ идентификаторы
184423
Редакция идентификаторы
184423_644493
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:43

0 «Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 359

бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24277 болып тіркелген) 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 359 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. «Жер кадастры» кіші жүйесі жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің деректері негізінде қалыптастырылады.
Деректерді беру Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық) «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес ақпараттық жүйелерді интеграциялау құралдары бойынша электрондық түрде жүзеге асырылады.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кадастры» кіші жүйесі Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрының деректері есебінен қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 43 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26894 болып тіркелген) Қазақстан Республикасындағы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларына сәйкес деректерді қамтиды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

Қолданыстағы