О внесении изменений в решение Сарысуского районного маслихата от 7 апреля 2021 года № 4-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сарысускому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Сарысуского районного маслихата от 7 апреля 2021 года № 4-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сарысускому району»
- Атауы (қаз.)
- «Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 4-3 шешiмiне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6-7
- Қабылданған күні
- 21.07.2023
- Қолданысқа енгізілген күні
- 15.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 13.12.2023 184507_680918.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23GI005069
- ЭКБ идентификаторы
- 184507
- Редакция идентификаторы
- 184507_680918
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:47
0 «Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 4-3 шешiмiне өзгерістер енгізу туралы
Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 4-3 шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4937 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
6 тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға – 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;»;
7 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
3
«3) санаторийлік - курорттық емделуден өткен жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға және оларға теңестірілген адамдарға, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңына сәйкес еңбек ардагерлері санатына жататын азаматтарға жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген деңгейінен аспайтын мөлшерін ескере отырып, бір рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, санаторийлік – курорттық орындарда емделгені жөніндегі түбіртекті ұсыну бойынша;».