Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 7 декабря 2021 года № 560 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление физической культуры и спорта акимата Костанайской области»

Қаулы · № 139 · қабылданған 04.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2021-no-560/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 7 декабря 2021 года № 560 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление физической культуры и спорта акимата Костанайской области» Қолданыста Қаулы ·№ 139 ·04.04.2023
04.04.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 7 декабря 2021 года № 560 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление физической культуры и спорта акимата Костанайской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 139 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 7 декабря 2021 года № 560 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление физической культуры и спорта акимата Костанайской области»
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 560 «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
139
Қабылданған күні
04.04.2023
Көрсетілген редакция
04.04.2023 179487_623808.kaz
Соңғы өзгеріс
04.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23N000139A
ЭКБ идентификаторы
179487
Редакция идентификаторы
179487_623808
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:01

0 «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 560 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, М. Дулатов көшесі, 68-құрылыс.»;
15-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«4) облыс аумағында бұқаралық спортты және мүгедектігі бар адамдар арасындағы және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;»;
көрсетілген ережеге қосымшада:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Владимир Матвиенко атындағы балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерві мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.».

2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) жоғарыда көрсетілген ережеге енгізілген өзгерістердің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы