О внесении изменения в постановление акимата Костанайской области от 7 апреля 2022 года № 145 «Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий, а также объема бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства на 2022 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Костанайской области от 7 апреля 2022 года № 145 «Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий, а также объема бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства на 2022 год»
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 145 «2022 жылға арналған басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 433
- Қабылданған күні
- 03.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 03.10.2022 172652_595550.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22N0030087
- ЭКБ идентификаторы
- 172652
- Редакция идентификаторы
- 172652_595550
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:38
0 Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 145 «2022 жылға арналған басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қостанай облысы әкімдігінің «2022 жылға арналған басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 145 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27591 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі
Қостанай облысы әкімдігінің
2022 жылғы 3 қазандағы
№ 433 қаулысына
қосымша
Қостанай облысы әкімдігінің
2022 жылғы 7 сәуірдегі
№ 145 қаулысына
2-қосымша
2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі
№
Субсидиялауға арналған бюджеттік қаражат көлемі,
мың теңге
1
Жергілікті бюджет
500 000,0
2
Республикалық бюджет
500 000,0
Барлығы
1 000 000,0