О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 7 июля 2022 года № 193/2 «Об утверждении перечня и нормы субсидий на пестициды, биоагенты (энтомофаги), а также объемы бюджетных средств на субсидирование пестицидов, биоагентов (энтомофагов) на 2022 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 7 июля 2022 года № 193/2 «Об утверждении перечня и нормы субсидий на пестициды, биоагенты (энтомофаги), а также объемы бюджетных средств на субсидирование пестицидов, биоагентов (энтомофагов) на 2022 год»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 7 шілдедегі «2022 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» № 193/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 334/5
- Қабылданған күні
- 29.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.11.2022 175910_609339.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22P0031249
- ЭКБ идентификаторы
- 175910
- Редакция идентификаторы
- 175910_609339
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:35
0
Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 7 шілдедегі «2022 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» № 193/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 7 шілдедегі «2022 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» № 193/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28795 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар бекітілсін:
осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормалары;
2022 жылға арналған пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға 1 794 035 000 (бір миллиард жеті жүз тоқсан төрт миллион отыз бес мың) теңге қаражатының бюджет көлемдері.».
2 2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.