О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 7 сентября 2022 года № 3/443 «Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Управление туризма города Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 7 сентября 2022 года № 3/443 «Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Управление туризма города Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 3/443 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3/633
- Қабылданған күні
- 12.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 23.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 12.09.2025 214464_775313.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25R003633A
- ЭКБ идентификаторы
- 214464
- Редакция идентификаторы
- 214464_775313
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:19
0 Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 7 қыркүйектегі №3/443 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 7 қыркүйектегі №3/443 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
«Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
12 тармақ келесі мазмұндағы 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) арт-орталықтар, концерттік алаңдар және көпсалалы мәдени орталықтар форматында шығармашылық кеңістіктер құру;
11) қаланың тартымдылығын арттыру, «ивент-брендтерді», креативті индустрия өнімдерін және іс-шаралар өткізу және ілгерілету арқылы әлемдік кеңістікке интеграциялау;
12) Алматы қаласында креативті индустрияларды дамытудың тәуелсіз экономикалық болжамдарын әзірлеу.».
14 тармақ мынадай мазмұндағы 52-4), 52-5), 52-6), 52-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«52-4) қаланың креативті индустрияларын танымал ету бойынша жұмысты ұйымдастыру;
52-5) креативті шығармашылық процестер мен өндірістерді ынталандыру мақсатында шығармашылық кластерлермен, блогерлермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және стейкхолдерлермен ынтымақтастық орнату;
52-6) шығармашылық коворкинг-орталықтарды, клубтар мен қауымдастықтарды, шығармашылық студияларды, ұжымдық шығармашылыққа арналған кеңістіктерді, концерттік алаңдарды, көрме кеңістіктерін және т.б. ашу үшін жағдайлар жасау;
52-7) шығармашылық өнімді ілгерілету және коммерцияландыру мақсатында шығармашылық жобаларды дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ гранттық қолдау көрсету;»;
24 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«24. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» КММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Алматы қаласы Туризм басқармасы» КММ қарамағындағы ұйымдар: «Алматы туризм бюросы (Almaty Tourism Bureau)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Almaty Creative» креативті индустрияларды дамыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».
2 2. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1 1) Мекеменің құрылтай құжатына енгізілген өзгерістер туралы Алматы қаласының әділет органдарына хабарлауды;
2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жариялауға жіберуді, Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына ресми жариялау және орналастыруды қамтамасыз етсін;