Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 7 февраля 2022 года № 47 «Об утверждении Правил организации и финансирования мер по содействию предпринимательской инициативе»

Бұйрық · № 263 · қабылданған 14.07.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2022-no-47-ekb-169861/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 7 февраля 2022 года № 47 «Об утверждении Правил организации и финансирования мер по содействию предпринимательской инициативе» Күшін жойған Бұйрық ·№ 263 ·14.07.2022
30.06.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 7 февраля 2022 года № 47 «Об утверждении Правил организации и финансирования мер по содействию предпринимательской инициативе»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 263 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 7 февраля 2022 года № 47 «Об утверждении Правил организации и финансирования мер по содействию предпринимательской инициативе»
Атауы (қаз.)
«Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 7 ақпандағы № 47 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
263
Қабылданған күні
14.07.2022
Көрсетілген редакция
30.06.2023 169861_640753.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028818
ЭКБ идентификаторы
169861
Редакция идентификаторы
169861_640753
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:02

0 «Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 7 ақпандағы

№ 47 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 7 ақпандағы № 47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26747 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары бекітілсін.»;
1 және 2-қосымшалар алып тасталсын;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрілігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрілігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрілігі

1 Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2022 жылғы 14 шілдедегі
№ 263 бұйрығына
қосымша
Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қағидалар «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Еңбек нарығы» ААЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

3) бастапқы бизнес (стартап жоба) – микрокредиттеу ұйымына /МҚҰ/КС/ сенім білдірілген өкілге (агентке) микрокредит алу үшін жүгінген сәтте заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу/дара кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі бір жылдан аз уақытты құрайтын қатысушылардың бизнес-жобалары;

4) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата, әже, немерелер;

5) кәсіпкерлік субъектілері – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері), сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке және заңды тұлғалар;

6) кредиттік серіктестік (бұдан әрі – КС) – қатысушыларының ақшаларын шоғырландыру жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен кредиттерге және басқа да қаржылық, оның ішінде банк қызметтеріне қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеке және/немесе заңды тұлғалар құрған заңды тұлға;

7) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркеумен және есептік тіркеуден өтумен айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ «Микроқаржы қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

8) сенім білдірілген өкіл (агент) – тапсырма шартының негізінде жергілікті атқарушы органның атынан және оның есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмаларды орындайтын адам;

9) зәкірлік кооперация – шаруа (фермер) қожалықтарының және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерінің және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері бар басқа да үміткерлердің ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін ұлғайту және оны кепілді өткізу мақсатында агроөнеркәсіптік кешеннің орта және ірі субъектілерімен жасасқан азаматтық-құқықтық шарт негізіндегі әріптестік.

2-тарау. Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру тәртібі

3. Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, қайтарымды негізде микрокредит беру арқылы көрсетіледі.

1-параграф. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібі

4. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1-тармағында және «Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 178 қаулысына сәйкес айқындалған адамдар кәсіпкерлік негіздерінен өтеді.

5. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту үшін осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес келетін адамдар business.enbek.kz порталында (бұдан әрі – Портал) тіркеледі.

Осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес келетін адамдардың санаттарға сәйкестікті тексеру business.enbek.kz порталында автоматты режимде жүзеге асырылады, одан кейін skills.enbek.kz платформасында (бұдан әрі – платформа) «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» онлайн курсына қолжетімділік беріледі.

6. Онлайн оқыту курсының ұзақтығы оқу курсы басталған сәттен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн.

7. Онлайн оқыту курсы өтеусіз негізде ұсынылады.

8. Онлайн оқыту оқу материалдарын өз бетінше игеру жолымен жеке тәртіппен өткізіледі.

9. Онлайн оқытудың әрбір модулін аяқтау қорытындысы бойынша қатысушының алған білімі мен дағдыларын меңгеруін анықтау үшін аралық тестілеу өткізіледі.

Келесі модульді оқуға көшу үшін аралық тестілеудегі сұрақтардың жалпы санының кемінде 70 (жетпіс) пайызына дұрыс жауап беру қажет.
Онлайн оқыту курсын өту кезеңінде аралық тестілеуді тапсыру әрекеттерінің саны шектелмеген.
Курс қорытындысы бойынша қорытынды тестілеу өткізіледі.
Сұрақтардың жалпы санының 70 (жетпіс) пайызынан көп дұрыс жауап алған адамға платформада бірегей нөмір беріле отырып, оқуды аяқтағаны туралы электрондық сертификат беріледі. Сертификат жеке кабинетте көрсетіледі.

10. Оқуды аяқтағаны туралы электрондық сертификат алған адам оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл өткен соң онлайн оқытудың курсына қайта жіберіледі.

Оқуды аяқтау туралы сертификат оны алған күннен бастап үш жыл бойы жарамды.

11. Сұрақтардың жалпы санының 70 (жетпіс) пайызынан кем дұрыс жауап алған адамға онлайн оқыту курсы ішінде қорытынды тестілеуден екі реттен артық емес қайта өту мүмкіндігі беріледі.

12. Оқуды тоқтатқан немесе қорытынды тестілеуден өтпеген адамға күнтізбелік жыл ішінде 2 (екі) реттен артық емес онлайн оқытуға қайта қатысу мүмкіндігі беріледі.

3-тарау. Қайтарымды негізде микрокредит беру тәртібі

13. Микрокредит беру ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы мақсат шарттарында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында микрокредит беру туралы шарт бойынша кредит беруге уәкілетті «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарының (бұдан әрі – микрокредит беру ұйымы)/МҚҰ/НС/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қарыз қаражатын беруі арқылы жүзеге асырылады.

14. Микрокредиттер «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1-тармағында және «Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 178 қаулысына сәйкес айқындалған адамдарға өз бизнесін ашу, оның ішінде бастапқы бизнес үшін беріледі.

15. Қайтарымды негізде микрокредит беру:

1) микрокредит беру ұйымдары/МҚҰ/НС;

2) сенім білдірілген өкіл (агенттігі) арқылы беріледі.

16. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген микрокредиттер нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша есептің 1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарында көзделген ақпаратты ұсынады.

17. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген микрокредиттер нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша есеп береді.

1-параграф. Микрокредит беру ұйымдары арқылы қайтарымды негізде микрокредит беру тәртібі

18. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1-тармағында және «Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 178 қаулысына сәйкес айқындалған адамдарға (бұдан әрі – қатысушылар) микрокредит беру мақсатында уәкілетті орган жергілікті атқарушы органға мынадай шарттарда бюджеттік кредит береді:

1) 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайыз жылдық сыйақы мөлшерлемесімен қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарымен 7 (жеті) жылға;

2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес жобаларға микрокредит беру;

3) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең 28 (жиырма сегіз) айдан аспайды;

4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 6 (алты) айды құрайды және бюджеттік кредит ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға аударылған күннен кейін есептеледі.

Ақшалай қаражат олар микрокредит беру ұйымына аударылған күннен бастап игерілген болып есептеледі.

19. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган бюджеттік кредит қаражатын микрокредит беру ұйымының кредиттік шарты бойынша береді және азаматтық заңнамаға сәйкес мынадай талаптармен бюджеттік кредит шартын жасасады:

1) кредит беру мерзімі – 7 (жеті) жылдан аспайды;

2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайыз;

3) игеру кезеңі – 12 (он екі) ай және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган бюджеттік кредитті аударған күннен бастап есептеледі;

4) нысаналы мақсаты – ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес жобаларды іске асыру үшін қатысушыларға микрокредит беру және қатысушыларға микрокредит беру үшін МҚҰ/НС қорландыру.

Микрокредит беру ұйымдарына кредит беру мерзімінің ұзақтығы 28 (жиырма сегіз) айдан аспайтын мерзімге негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі.

20. Микрокредит беру ұйымы МҚҰ/НС қарыз береді, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес МҚҰ/НС-мен мынадай шарттарда кредиттік келісімдер жасасады:

1) жеделділік, қайтарымдылық, ақылылық және нысаналы пайдалану қағидаттарына негізделеді. МҚҰ/НС үшін қарыз қаражаты қаржылық-тұрақты МҚҰ / НС-ны қоспағанда, қамтамасыз етуге беріледі;

2) кредит беру мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;

3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2 (екі) пайыз;

4) игеру кезеңі – микрокредит беру ұйымы мен МҚҰ/НС арасында кредиттік келісім жасалған күннен бастап 12 (он екі) айға дейін;

5) нысаналы мақсаты – ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес жобаларды іске асыру үшін қатысушыларға микрокредит беру.

Микрокредит беру ұйымы негізгі борышты өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең береді.
Ақша қаражаты МҚҰ / НС аударылған күннен бастап игерілген болып есептеледі.

21. Микрокредиттерді микрокредит беру ұйымы/МҚҰ/НС қатысушыға қайтарымдылық, мерзімділік, ақылылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану қағидаттарында мынадай шарттарда береді:

1) микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;

2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда 2,5 (екі жарым) мың айлық есептік көрсеткішке дейін, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін – 8,0 (сегіз) мың айлық есептік көрсеткішке дейін;

3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 (алты) пайыздан аспайды;

4) микрокредит беру ұйымының/МҚҰ/НС шешімі бойынша қатысушыға негізгі борышты және сыйақыны өтеу бойынша микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайтын жеңілдікті кезең беріледі;

5) қатысушының Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркелуінің болуы;

6) микрокредит беру ұйымы, МҚҰ/НС және қатысушы арасындағы микрокредит беру туралы шарттарда микрокредит алуға өтініш берген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз болатын қатысушыларды қоспағанда, жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперацияға қатысушылар үшін жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шарт міндетті түрде көрсетіледі.
Қаржыландыруды ұсыну тәртібі, қаржыландырудың негізгі шарттары, қатысушының міндеттемелерін қамтамасыз ету тәсілдері, қаржыландыру мерзімдері мен сомалары микрокредит беру ұйымының, МҚҰ/НС ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес белгіленеді.

22. Микрокредит беру ұйымы, МҚҰ/КС қатысушының микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, қатысушылардың микрокредитімен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері алдын ала ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органмен жазбаша келісіледі.

23. Бұрын берілген микрокредиттер бойынша қатысушылар қайтарған қаражат есебінен микрокредит беруді ұйымдастыру микрокредит беру ұйымы мен ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган арасында жасалған кредиттік шарттың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес шарттарда қатысушыларға кейіннен микрокредит беру үшін қатысушыларға қайта микрокредит беруді/МҚҰ/КС қорландыруды жүзеге асырады.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар бұрын берген микрокредиттер бойынша қайтарылған қаражат есебінен микрокредит беруді ұйымдастыру микрокредит беру ұйымы мен ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган арасында жасалған кредиттік шарттың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге осы Қағидаларда көзделген талаптармен қатысушыларға қайта микрокредит беруді жүзеге асырады.

24. Қатысушыларға микрокредит беру туралы шешімді микрокредит беру ұйымы, МҚҰ/НС дербес қабылдайды.

25. Микрокредит беру ұйымы, МҚҰ/НС ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органмен жасалатын бюджеттік кредит шарты сомасының кемінде 40 (қырық) пайызын бастапқы бизнесті (стартап – жобаны) қаржыландыруға жібереді.

26. Микрокредит алу үшін қатысушылар микрокредит беру ұйымына, МҚҰ/НС осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды ұсынады.

27. Қатысушы микрокредит алуға ұсынған құжаттардың мазмұны мен мәліметтерін микрокредит беру ұйымы, МҚҰ/НС тарапынан тексеру мерзімі барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.

Құжаттар мен ондағы мәліметтер микрокредит беру шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, микрокредит беру ұйымы, МҚҰ/НС қайтару себептерін көрсете отырып, микрокредит алуға арналған құжаттар топтамасын қайтарады.

28. Микрокредит беру ұйымы, МҚҰ/НС барлық қажетті құжаттарды қоса және олар микрокредит беру талаптарына сәйкес келген жағдайда өтініш тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған бизнес-жобаға бағалау жүргізеді және микрокредит беруді мақұлдау не бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Микрокредит беру мақұлданған жағдайда микрокредит беру ұйымы, МҚҰ/НС қатысушымен микрокредит беру туралы шартқа қол қояды, кейін микрокредитті оның ағымдағы шотына аударады.

29. МҚҰ/НС берілген микрокредиттер бойынша ақпаратты ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде микрокредит беру ұйымына ұсынады.

Микрокредит беру ұйымы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға берілген микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады.

30. МҚҰ/НС микрокредиттің нысаналы пайдаланылуын мониторингілеу нәтижелері бойынша ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде микрокредит беру ұйымына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микрокредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп береді.

Микрокредит беру ұйымы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микрокредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп береді.

2-параграф. Сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы қайтарымды негізде микрокредит беру тәртібі

31. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі жобаны ауқымдау шеңберінде берілетін микрокредиттер сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы ұсынылады.

32. Сенім білдірілген өкілді (агентті) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган айқындайды.

33. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1-тармағында және «Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 178 қаулысына сәйкес айқындалған адамдарға (бұдан әрі – үміткер) ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі жобаны ауқымдау шеңберінде микрокредит беру мақсатында уәкілетті орган жергілікті атқарушы органға мынадай шарттармен бюджеттік кредит береді:

1) 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайыз жылдық сыйақы мөлшерлемесімен қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 10 (он) жылға;

2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес жобаларды іске асыру үшін үміткерлерге микрокредит беру;

3) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең 28 (жиырма сегіз) ай;

4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 6 (алты) айды құрайды және бюджеттік кредит ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға аударылған кезден бастап есептеледі.

34. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырма шарты бойынша азаматтық заңнамаға сәйкес бюджеттік кредит қаражатын мынадай шарттарда береді:

1) кредит беру мерзімі – 10 (он) жылдан аспайды;

2) игеру кезеңі – 12 (он екі) ай және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган қаражатты аударған күннен бастап есептеледі;

3) нысаналы мақсаты – ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес жобаларды іске асыру үшін.

Ақшалай қаражат сенім білдірілген өкілге (агентке) аударылған күннен бастап игерілген болып есептеледі.
Сенім білдірілген өкілге (агентке) кредит беру мерзімінің ұзақтығы 28 (жиырма сегіз) айдан аспайтын мерзімге негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі.

35. Сенім білдірілген өкіл (агент) мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны ауқымдау шеңберінде үміткерлерге микрокредиттер береді:

1) микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;

2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда – 2,5 (екі жарым) мың айлық есептік көрсеткішке дейін, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін – 8,0 (сегіз) мың айлық есептік көрсеткішке дейін;

3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды;

4) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;

5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды;

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеудің болуы.

Микрокредиттер беру тәртібі, микрокредитті қамтамасыз етудің негізгі шарттары, тәсілдері, үміткерлердің санаттары, қарыздардың мерзімдері мен сомалары сенім білдірілген өкілдің (агенттің) шешімімен белгіленеді және кредиттік шартта көрсетіледі.
Үміткерлерді сенім білдірілген өкіл (агент) тапсырма шартына сәйкес айқындайды.

36. Сенім білдірілген өкіл (агент) үміткерлердің микрокредит бойынша шарт міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, үміткерлердің микрокредитімен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері үміткерлердің микрокредитімен алдын ала жазбаша келісіледі ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган болып табылады.
Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырма шартын орындағаны үшін сыйақы төлеуді ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тапсырмаларды орындағаны үшін сыйақы төлеу мөлшері тапсырма шартында белгіленеді.

37. Сенім білдірілген өкіл (агент) бұрын берілген микрокредиттер бойынша үміткерлер қайтарған қаражат есебінен осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес талаптарда сенім білдірілген өкіл (агент) мен ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган арасында жасалған тапсырма шартының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге үміткерлерге қайта микрокредит беруді жүзеге асырады.

38. Микрокредит алу үшін үміткерлер сенім білдірілген өкілге (агентке) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды ұсынады.

39. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) микрокредит алуға үміткер ұсынған құжаттардың мазмұны мен мәліметтерін тексеру мерзімі өтініш барлық қажетті құжаттармен тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.

Құжаттар мен олардағы мәліметтер микрокредит беру шарттарына сәйкес келмеген жағдайда сенім білдірілген өкіл (агент) қайтару себептерін көрсете отырып, микрокредит алуға арналған құжаттар топтамасын қайтарады.

40. Сенім білдірілген өкіл (агент) барлық қажетті құжаттарды қоса және олар микрокредит беру талаптарына сәйкес келген жағдайда өтініш тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған бизнес-жобаға бағалау жүргізеді және микрокредит беруді мақұлдау не бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Микрокредит беру мақұлданған жағдайда сенім білдірілген өкіл (агент) үміткермен микрокредит беру туралы шартқа қол қояды, содан кейін микрокредитті оның ағымдағы шотына аударады.

41. Сенім білдірілген өкіл (агент) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес микрокредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп береді.

4-тарау. Гранттар беру тәртібі

42. Гранттар:

1) жиырма тоғыз жасқа толмаған, грант алуға өтініш бергенге дейін үш жылдан кем дара кәсіпкер ретінде тіркелген немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жас кәсіпкерлер;

2) атаулы әлеуметтік көмекті, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақыларды, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушыларды, қоныс аударушыларды, қандастарды, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдарды және (немесе) оның жұбайы (зайыбын), жастарды қамтитын халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.
Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз немесе бір реттік жиынтық төлемді төлейтін дара кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.

43. Гранттар жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде беріледі.

Бұл ретте тиісті қаржы жылының республикалық бюджеті туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.
Гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша мынадай мақсаттар үшін: қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде сауда объектілерінің аумағында бастапқы бизнесті өткізуге арналған үй-жайларды, оның ішінде сауда объектілерін жалдау ақысын төлеу жалға алуға, пайдалануға, сенімгерлік басқаруға беріледі.
Бұл ретте жұбайынан (зайыбынан), жақын туыстарынан еңбек құралдары, мүкәммал, технологиялық жабдық, жануарлар, мал, құстар, көшеттер, бұталар, тұқымдар, көшеттер сатып алынбайды, сондай-ақ бастапқы бизнесті іске асыруға үй-жайлар жалға алынбайды.
Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.

44. Гранттар нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.

45. Гранттар алуға өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру өтініштер қабылданғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

Гранттар алу үшін өтініштерді қабылдау лектер бойынша жүзеге асырылады.

46. Порталда өтініштерді қабылдау мерзімі әр лекте 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

47. Грант алуға кандидат осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған өтініш береді.

48. Грант алуға өтінім беру үшін Порталда тіркелгеннен кейін грант алуға кандидат осы Қағидалардың 42, 49-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкестігіне және мерзімі жүгінген сәтте үш жылдан аспайтын «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін аяқтау туралы электрондық сертификаттың немесе бұрын қатысқаны туралы сертификаттың болуына автоматты түрде тексеріледі, көрсетілген талаптарға сәйкес келген кезде грант алуға кандидат Порталда бизнес-жоба үлгісін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жүктейді, оны толтырады және Порталда жеке кабинетіне тіркейді.
Портал арқылы грант алуға өтініш берген кезде әлеуетті кандидат осы Қағидалардың 42-тармағында көрсетілген оған сәйкес санаттардың бірін таңдайды.

49. Портал грант алуға мынадай кандидаттардың:

1) ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыларды қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының қатысушылары болып табылатын;

2) соңғы 12 ай ішінде дәлелді себептерсіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуды тоқтатқан адамдардың өтініштерін қабылдамайды.

50. Грант алуға кандидаттардың өтініші мен бизнес-жобасын халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, бизнес, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, салалық сарапшылардың қатысуымен аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде құрылған комиссияның отырысына қарауға шығарады.
Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады.
Комиссия хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдау кезінде дауыс бермейді.
Комиссия хатшысы Халықты жұмыспен қамту орталығының өкілі болып табылады. Комиссия хатшысы комиссия отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады, төрағамен келісім бойынша отырыстың өткізілетін орнын, күнін және уақытын айқындайды, комиссия мүшелеріне алдағы отырыс туралы хабарлайды, комиссия мүшелеріне отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды ұсынады.

51. Комиссия отырысы порталда өтініштерді қабылдау аяқталған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде өткізіледі.

Комиссия отырысының өтетін орны, күні және уақыты туралы хабарлама грант алуға кандидаттың жеке кабинетінде көрсетіледі.
Комиссияның шешімі, егер оған отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданады.
Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия отырысын бейнетүсірілім тіркеуіне жол беріледі.
Комиссия отырысында грант алуға кандидат жаңа бизнес идеялардың жобасын таныстырады.
Комиссия осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес бағалау парағында грант беру (бермеу) себептері бар шешімді көрсетеді.
Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес комиссия шешімінде бизнес-идеялардың ендірілуге дайын екені туралы ақпарат көрсетіледі.
Комиссияның шешімі бағалау парағына сәйкес грант алушылардың тізімі көрсетіле отырып, комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді және оған қатысып отырған комиссия мүшелері қол қояды.
Комиссия отырысы аяқталғаннан кейін Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде комиссия шешімін отырыс хаттамасына және грант алушылардың қалыптастырылған тізіміне сәйкес «Еңбек нарығы» ААЖ-ға енгізеді.

52. Комиссия отырысының шешімі «Еңбек нарығы» ААЖ-ға енгізілгеннен кейін грант алуға кандидат Порталдағы «Жеке кабинет» арқылы грант беру/бермеу туралы тиісті хабарлама алады.

53. Комиссия грант беру туралы шешім қабылдаған кезде грант алуға кандидат тиісті хабарламаны алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Порталдағы банк деректемелері бар банк шотын ұсынады, ол «Еңбек нарығы» ААЖ-ға жіберіледі.

Көрсетілген мерзімде банк шотын ұсынбаған грант алуға кандидатқа Комиссияның грант беру туралы бұрын алған шешіміне қарамастан грант берілмейді. Бұл ретте кандидат келесі лектерде грантқа қайта өтінім бере алады.

54. Халықты жұмыспен қамту орталығы осы Қағидалардың 53-тармағына сәйкес грант алушының банкдеректемелері бар банк шотын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант беру туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) қол қояды және грант алушының Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

55. Грант алушы осы Қағидалардың 54-тармағына сәйкес шартты алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде порталда, жеке кабинетте Шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды, ол «Еңбек нарығы» ААЖ-ға жіберіледі.

Егер грант алушы белгіленген мерзімде Порталдағы жеке кабинетте Шартқа қол қоймаса, онда автоматты түрде грант алмайды, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылында грант алуға одан әрі өтініш бере алмайды.

56. Халықты жұмыспен қамту орталығы шарт жасалғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде грант алушының ағымдағы банк шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады және грант алушының деректерін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың салық органына береді.

57. Грант алушы грант алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында өз қызметін тіркейді.

Бизнес жобаны іске асырудың нысаналы пайдаланылуын грант алушы Порталда растайтын құжаттарды ұсыну арқылы он екі ай ішінде тоқсан сайын растайды.

58. Грант алушы грант алған күннен бастап 12 ай ішінде, бизнесті кеңейтуге бағытталған шараларды қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жіберілмейді.

59. Грант алушы гранттық қаражаттың нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылғанын немесе грант қаражатының пайдаланылмағанын растау болмаған кезде шарт жасалған күннен бастап 3 ай ішінде Портал арқылы қаражатты толық ерікті түрде қайтаруға өтінім береді.

60. Грант алушы гранттық қаражат толық көлемде пайдаланылмаған жағдайда порталдағы «Жеке кабинетте» тиісті өтініш беру арқылы қаражатты ішінара қайтаруды жүзеге асырады.

1.1 Берілген микрокредиттер нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша есеп

Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Берілген микрокредиттер нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша есеп
Р/с

Об­лы­стар­дың ата­уы
Аудан­дар­дың ата­уы
Мик­ро­кре­дит алушы­лар қа­та­ры­нан тір­кел­ген жұ­мыс­сыздар са­ны, адам
Мик­ро­кре­дит алушы­лар қа­та­ры­нан ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек алушы­лар са­ны, адам
Өт­кен жы­л­ға мал ша­ру­а­шы­лы­ғы бой­ын­ша өн­ді­ріс кө­ле­мі­нің ұл­ға­юы, НКИ %
Өт­кен жы­л­ға өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғы бой­ын­ша өн­ді­ріс кө­ле­мі­нің ұл­ға­юы, НКИ
Азық-тү­лік өнім­де­рін өн­ді­ру кө­ле­мі­нің ұл­ға­юы, НКИ в %
1
2
3
4
5
6
7
8

1.2 Микрокредит алу үшін құжаттар тізбесі

Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына
2-қосымша
Микрокредит алу үшін құжаттар тізбесі
Р/с

Құ­жат­тың ата­уы
Құ­жат­тың/мә­лі­мет­тер­дің тү­рі
1
Мик­ро­кре­дит бе­ру ұй­ы­мы­ның/МҚҰ/КС/се­нім біл­ді­рі­л­ген өкіл­дің (агент­тің)іш­кі нор­ма­тив­тік құ­жат­та­ры­на сәй­кес мик­ро­кре­дит алу­ға са­у­ал­на­ма – өті­ніш
түп­нұс­қа*/элек­трон­дық құ­жат**
2
Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат
кө­шір­ме­сі***/құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі**/ мем­ле­кет­тік де­рекқор­дан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет­тер
3
Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі­нің ол ту­ра­лы ақ­па­рат­ты кре­дит­тік бю­ро­ға бе­ру­ге, сон­дай-ақ кре­дит­тік есеп­ті алушы­ға кре­дит­тік есеп­ті бе­ру­ге ке­лі­сі­мі
түп­нұс­қа*/элек­трон­дық құ­жат
4
Субъ­ек­ті­нің мем­ле­кет­тік (оның ішін­де құқық қор­ғау)/мем­ле­кет­тік емес ор­ган­дар­ға, бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­ры­на бе­рі­л­ген мик­ро­кре­дит ту­ра­лы ақ­па­рат­ты, мә­лі­мет­тер­ді және кре­дит бе­ру ту­ра­лы шарт бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­дің орын­да­луы /орын­дал­мауы ту­ра­лы бар­лық мә­лі­мет­тер­ді бе­ру­ге және алу­ға ке­лі­сі­мі
түп­нұс­қа*/элек­трон­дық құ­жат**
5
Биз­нес-жос­пар
қарыз алушы қол қой­ған түп­нұс­қа / элек­трон­дық құ­жат**
6
Қарыз алушы­ның уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның мик­ро­кре­дит алу, мү­лік­ті ке­пі­л­ге бе­ру жө­нін­де­гі мәмі­ле­ні ма­құл­дау ту­ра­лы ше­ші­мі
түп­нұс­қа (мик­ро­кре­дит ма­құл­дан­ған­нан кей­ін ұсы­ны­ла­ды)
7
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на және мик­ро­кре­дит бе­ру ұй­ы­мы­ның/МҚҰ/КС/се­нім біл­ді­рі­л­ген өкіл­дің (агент­тің)іш­кі құ­жат­та­ры­на сәй­кес ре­сім­дел­ген мү­лік­ті ке­пі­л­ге бе­ру жө­нін­де­гі ке­піл бе­ру­ші­лер­дің ке­лі­сі­мі
түп­нұс­қа (мик­ро­кре­дит ма­құл­дан­ған­нан кей­ін бе­рі­ле­ді)
8
Қыз­мет көр­се­те­тін банк­тен шот­тың бар екен­ді­гі ту­ра­лы анық­та­ма
түп­нұс­қа (мик­ро­кре­дит ма­құл­дан­ған­нан кей­ін) / элек­трон­дық құ­жат**
9
Неси­е­лік бе­ре­шек­тің, оның ішін­де қар­жы ұй­ым­да­ры­нан мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек­тің бо­луы ту­ра­лы анық­та­ма (кре­дит­тер болған кез­де)
түп­нұс­қа (бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап күн­тіз­бе­лік 30 күн­ге дей­ін­гі мер­зім­ге уәкі­лет­ті тұл­ға­ның түп­нұс­қа­мен са­лы­сты­рып тек­сер­ген кө­шір­ме­сіне жол бе­рі­ле­ді)/ кре­дит­тік бю­ро­лар­дан элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет­тер
10
Қарыз алушы­ның жа­ла­қы­сын және/неме­се өзге де кі­рі­сте­рін рас­тай­тын құ­жат (жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­ның үзін­ді кө­шір­ме­сі)
түп­нұс­қа (бар бол­са)/ мем­ле­кет­тік де­ректер ба­за­сы­нан элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет­тер
11
Ба­ға­лау ту­ра­лы есеп
түп­нұс­қа/элек­трон­дық құ­жат**
12
Ке­піл бе­ру­ші және ке­піл­мен қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі құ­жат­тар
кө­шір­ме­сі***/мем­ле­кет­тік де­рекқор­дан алын­ған элек­трон­дық мә­лі­мет­тер
* кредитордың қатысуымен толтырылады;
** микрокредит беруге өтінімдерді қабылдаудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде;
*** құжаттардың көшірмелері түпнұсқамен салыстырылады.

1.3 Микрокредитті нысаналы пайдалану туралы есеп

Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Микрокредитті нысаналы пайдалану туралы есеп
Р/с№
Кре­ди­тор­дың ата­уы
Қарыз алушы­ның ата­уы
Қарыз алушы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/ биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Жо­ба­ның ата­уы
Мик­ро­кре­дит бе­рі­л­ген күн
Мик­ро­кре­дит бе­рі­л­ген күн
Микро­едит со­ма­сы, тең­ге
Мик­ро­кре­дит бой­ын­ша сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі
Қарыз қа­ра­жа­ты­ның ны­са­на­лы мақ­са­ты (қарыз қа­ра­жа­ты­ның әр­бір ба­ғы­ты­ның ата­уы мен со­ма­сын көр­се­те оты­рып)
Қа­ра­жат­ты нақ­ты мақ­сат­ты пай­да­ла­ну(қарыз қа­ра­жа­ты­ның әр­бір ба­ғы­ты­ның ата­уы мен со­ма­сын көр­се­те оты­рып)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
кестенің жалғасы
Іс­ке асы­ру ор­ны (аудан)
ЭҚ­ЖЖ кодын көр­се­те оты­рып, эко­но­ми­ка са­ла­сы
Ба­стап­қы биз­нес( стар­тап жо­ба­лар), тең­ге
Іс­ін жа­ңа ба­с­та­ған, жұ­мыс іс­теп жүр­ген кә­сіп­кер­лер, тең­ге
Құ­ры­л­ған жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
12
13
14
15
16
Лауазымды адам _________ _________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жауапты қызметкер _________ ______________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

1.4 Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант алуға өтініш

Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
_____________________ ауданының (қаласының)
халықты жұмыспен қамту орталығының
директорына__________ кімнен____________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________
тұрғылықты жері ________________________
(байланыс телефонының нөмірі қаланың (ауданның) кодын көрсете отырып, электрондық пошта мекенжайы)
Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант алуға өтініш
Ұлттық жобаны жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыруға арналған грант беруді сұраймын.
Грантты мыналар үшін беруді сұраймын:

1. Жобаның атауы ____________________

2. Жобаның болжамды құны _______ теңге.

3. Грант алу мақсаты ______________ (анықтамалықтан таңдалады).

4. Үміткердің жұмыспен қамтылу санаты (автоматты түрде қойылады).

5. Білім деңгейі (анықтамалықтан таңдалады).

6. Жұмыс орындарын құру бойынша жоспарлы көрсеткіш

7. Үміткердің әлеуметтік санаты (автоматты түрде қойылады).

Бұрын берілген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің жоқ екенін растаймын.
Әзірленген бизнес-жобаны қоса беремін.
* ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне жауаптымын.
** мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының банктік құпияны қамтитын мәліметтерге қол жеткізуіне келісім беремін.

1.5 «Бизнес-жобаның атауы» бизнес-жоба

Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына
5-қосымша
Облыстың/қаланың атауы
Елді мекеннің атауы
«Бизнес-жобаның атауы»
бизнес-жоба
Жобаның бастамашысы: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
1. Жобаның бастамашысы
Ба­ста­ма­шы­ның аты-жө­ні (бар бол­са)
Ба­ста­ма­шы­ның ЖСН
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры
Тұ­ра­тын ме­кен­жайы
Ба­ста­ма­шы­ның ұй­ым­дық-құқық­тық мәр­те­бе­сі неме­се жұ­мыспен қам­ты­лу са­на­ты
* Да­ра кә­сіп­кер не тір­кел­ген жұ­мыс­сыз
Заң­ды ме­кен­жайы
* Да­ра кә­сіп­кер­дің не жұ­мыс­сыздың, не бі­рың­ғай жиын­тық тө­лем тө­ле­у­ші­лер­дің тір­кел­ген ме­кен­жайы
Кә­сіп­кер­лік қыз­мет тә­жі­ри­бе­сі
* Сіз­дің кә­сіп­кер­лік тә­жі­ри­бе­ңіз неше жыл (ре­сми неме­се бей­ре­сми)
От­ба­сы жағ­дайы және ең­бек­ке жа­рам­сыз ба­ла­лар са­ны
* От­ба­сы­лық жағ­дай­ы­ңы­зды және кәме­лет­ке тол­ма­ған ба­ла­лар са­нын көр­се­ті­ңіз
2. Бизнес-жобаның мақсаты
*биз­нес-жо­ба­ңы­здың мақ­са­тын бір сөй­лем­мен си­патта­ңыз
3. Жоба туралы қысқаша ақпарат
*биз­нес-иде­я­ңы­зды қы­сқа­ша си­патта­ңыз
4. Бизнес-жобаны іске асыру үшін қажетті тауарлардың/қызметтердің тізбесі
р/с

Ата­уы
Са­ны
Ба­ға­сы
Бар­лық со­ма
грант қа­ра­жа­ты (тең­ге)
же­ке мен­шік қа­ра­жат (тең­ге)
1.
Жиы­ны
* бизнес-жобаны іске асыру кезінде сатып алуды жоспарлаған тауарлар/қызметтер тізімін көрсетіңіз
5. Көрсетілетін қызметтердің / өткізілетін өнімнің бағасы

Қыз­мет / өнім
Ба­ға­сы (тең­ге)
1.
* сіз өндіруді/көрсетуді жоспарлап отырған тауарлардың/қызметтердің тізімін көрсетіңіз
6. Жоғарыда көрсетілген бағаларды ескере отырып, айына кіріс
Қыз­мет/та­у­ар түр­ле­рі
Ба­ға­сы
Ай­ы­на кө­ле­мі
Ай­ы­на та­быс
Жиы­ны
* ұсынылатын қызметтер / сатылатын өнімдердің бағасын ескере отырып, есептелген кірісті есептеңіз
7. Пайда болжамы
Көр­сет­кі­ші
Күн­тіз­бе­лік жыл
Грант ал­ған жы­лы
Ке­ле­сі жы­л­ға
Ке­ле­сі жы­лы
Кі­ріс
Бар­лық кі­ріс
Шы­ғыс
Бар­лық шы­ғыс
ТА­БЫС
* пайда «Жалпы кіріс – жалпы шығыс = пайда» формуласы бойынша есептеледі
болған
жағ­дай­да, шы­ғы­стар мен кі­рі­стер бап­та­ры­на тү­сі­нік­те­ме­лер­ді си­патта­ңыз
8. Нарықтағы жағдай және бәсекелестер

Өнім­нің/қыз­мет­тің ата­уы
Өнім/қыз­мет ба­ға­сы тең­ге­мен (бірл. үшін)
Өнім­дер­ді/қыз­мет­тер­ді кім­ге са­ту­ды жос­пар­лап отыр­сыз?
Өнім­ді/қыз­мет­ті са­ту­ды жос­пар­ла­ған тұл­ға­ның бай­ла­ныс те­ле­фо­ны
Сіз өз өнім­де­рі­ң­із­ді/қыз­мет­те­рі­ң­із­ді қай ай­м­ақ­қа, қа­ла­ға неме­се аудан­ға сат­қы­ңыз ке­ле­ді
Са­ту үшін қан­дай тех­ни­ка­лық та­лап­тар қа­жет
өнім­дер / қыз­мет­тер
Қан­дай бә­се­ке­ле­стер
ұқсас бар
өнім­де­рі­мен/қыз­мет
сіз­дің ай­ма­ғы­ңы­зда
*мы­са­лы: қо­рап, па­кет, плен­ка
*бә­се­ке­ле­стер на­ры­ғын зерт­теп, олар­ды си­патта­ңыз
Сіз­дің ай­ма­ғы­ңы­зда­ғы 1 әле­ует­ті кли­ент­тің ор­та­ша ай­лық та­бысы
Сіз­дің есеп­те­уле­рі­ңіз бой­ын­ша бір са­тып алушы 1 жыл ішін­де қан­ша та­у­ар/қыз­мет са­тып ала ала­ды?
Сіз­дің әле­ует­ті кли­ен­ті­ң­із­дің ор­та­ша ай­лық та­бысы та­у­ар­ды/қыз­мет­ті са­тып алу кө­ле­мі­нің есе­бі қан­дай де­ректер негі­зін­де жүр­гі­зіл­ді?
Қан­дай та­у­ар­лар / қыз­мет­тер сіз­дің өнім­де­рі­ңіз­ге / қыз­мет­те­рі­ңіз­ге бә­се­ке­лес?
9. Әлеуетті тұтынушыларды талдау
Та­у­ар­ды / қыз­мет­ті са­ту нүк­те­ң­із­дің ор­на­лас­қан же­рі (об­лыс, аудан, ауыл)
Нелік­тен сіз өз биз­не­сі­ңіз үшін дәл осы орын­ды таң­дады­ңыз? (бір­не­ше се­беп­тер­ді көр­се­ті­ңіз)
Кли­ент­тер сіз­дің өнім­де­рі­ңіз неме­се қыз­мет­те­рі­ңіз ту­ра­лы қа­лай бі­ле­ді? Олар сіз­бен қа­лай бай­ла­ны­са ала­ды?
10. Әлеуетті клиенттермен өзара әрекеттесу арналары
Сіз ши­кі­зат пен ма­те­ри­ал­дар­ды са­тып ала­тын жаб­дық­та­у­шы­ла­ры­ңыз бар ма? Сіз олар­мен бұ­рын­нан жұ­мыс жа­са­ған­сыз ба?
Сіз­дің бә­се­ке­ле­стік ар­тық­шы­лы­ғы­ңыз қан­дай және сіз­дің кли­ент­те­рі­ңіз бұл ту­ра­лы қа­лай бі­ле­ді? Сіз­дің биз­не­сі­ң­із­дің бә­се­ке­ле­стік ар­тық­шы­лы­ғын си­патта­ңыз және ол ту­ра­лы ақ­па­рат­ты кли­ент­тер­ге қа­лай жет­кі­зе­сіз?

1.6 Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алуға үміткердің бағалау парағы

Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына
6-қосымша
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алуға үміткердің бағалау парағы
Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда): ____________
Бизнес-жобаның атауы: _________________
Облыстың, ауданның атауы: ________________
Өтінімді қарау күні: ____________________

Ба­ға­лау кри­те­рий­і­нің ата­уы
Ба­ға­лау
1.
Биз­нес-иде­я­ның бә­се­ке­ге қа­бі­лет­ті­лі­гі
1. Биз­нес-жо­ба осы ел­ді ме­кен­де/аудан­да/қа­ла­да сұ­ра­ны­сқа ие ма?
2. Ол ел­ді ме­кен­нің / аудан­ның/қа­ла­ның эко­но­ми­ка­лық ма­ман­да­нуы­на сәй­кес ке­ле ме?
3. Кә­сіп­кер­лік қыз­мет­тің осы тү­рі­мен ай­на­лы­су үшін ел­ді ме­кен/аудан/қа­ла эко­но­ми­ка­сын­да бос орын бар ма?
Иә / Жоқ
2.
Өт­кі­зу на­рық­та­ры­ның пы­сық­та­луы:
1. Үміт­кер өз та­у­ар­ла­ры­ның, жұ­мыста­ры­ның неме­се қыз­мет­те­рі­нің әле­ует­ті тұ­ты­ну­шы­ла­рын бі­ле ме?
2. Үміт­кер әле­ует­ті бә­се­ке­ле­стер­ді бі­ле ме?
Иә / Жоқ
3.
Биз­нес-жо­ба­ның қар­жы­лық өмір­шең­ді­гі:
1. Биз­нес-жо­ба­да көр­се­ті­л­ген ба­стап­қы ма­те­ри­ал­дар­дың/өн­ді­ріс құ­рал­да­ры­ның ба­ға­ла­ры на­рық­тық ба­ға­лар­ға сәй­кес ке­ле ме?
2. Биз­нес-жо­ба­да көр­се­ті­л­ген та­у­ар­лар, жұ­мыстар неме­се қыз­мет­тер ба­ға­ла­ры на­рық­тық ба­ға­лар­ға сәй­кес ке­ле ме?
3. Биз­нес-жо­ба (қы­сқа неме­се ор­та мер­зім­ді ке­зең­де) ти­ім­ді ме?
Иә / Жоқ
4.
Кә­сіп­кер­лік дағ­ды­лар­дың дең­гейі:
1. Үміт­кер­дің биз­нес-жо­ба­ның маз­мұ­ны бар ма?
2. Үміт­кер биз­нес-жо­ба­ны та­ны­сты­ра ала ма?
Иә / Жоқ
5.
Жа­ңа жұ­мыс орын­да­рын құ­ру:
осы жо­ба ая­сын­да қо­сым­ша жұ­мыс орын­да­рын құ­ру қа­рас­ты­ры­л­ған ба (үміт­кер­дің өзін қо­с­па­ған­да)?
Иә / Жоқ
Комиссия мүшесінің шешімі (грант беру / грант беруден бас тарту) ____________________
Комиссия мүшесінің қолы: ______________

1.7 Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның шешімі

Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына
7-қосымша
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның
шешімі
Грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) :
1. Комиссия төрағасы _____________________;
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
2. Комиссия мүшесі ____________________________;
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
3. Комиссия мүшесі ____________________________;
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
4. Комиссия мүшесі ____________________________;
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
5. Комиссия мүшесі ____________________________;
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған грантты алуға үміткер
_________________________________________________ өтінішін және ұсынған,
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
құжаттарын қарап:
Комиссия мынадай шешім қабылдады: ______________________________ _____________________________________________________________________
Комиссия негіздемесі (бастапқы бизнестің енгізуге әзірлігі туралы, жаңа жұмыс орындарын құру туралы) _______ парақта.
Ко­мис­сия тө­ра­ға­сы
__________________________
те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
_______________ қо­лы
Ко­мис­сия хат­шы­сы
__________________________
те­гі, аты, әке­сі­нің аты) бар бол­са)
_______________ қо­лы

Қолданыстағы