О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 7 сентября 2022 года №3/443 «Об утверждении положения о коммунальном государственном учреждении «Управление туризма города Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 7 сентября 2022 года №3/443 «Об утверждении положения о коммунальном государственном учреждении «Управление туризма города Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 7 қыркүйектегі №3/443 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1/106
- Қабылданған күні
- 22.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 22.02.2024 197784_706869.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24R0001106
- ЭКБ идентификаторы
- 197784
- Редакция идентификаторы
- 197784_706869
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:02
0 Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 7 қыркүйектегі №3/443 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 7 қыркүйектегі №3/443 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
14 тармақ келесі мазмұндағы 52-1), 52-2) және 52-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«52-1) жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау;
52-2) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі мәселелерді анықтау;
52-3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте кәсіпкерлік субъектілерін субсидиялау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;».
2 2. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1 1) Мекеменің құрылтай құжатына енгізілген өзгеріс туралы Алматы қаласының әділет органдарына хабарлауды;
2
2) осы қаулыны қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күннің ішінде электрондық түрде шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жариялауға жіберуді және Алматы қаласы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;