О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 7 июня 2023 года № 106 «Об утверждении стандарта оказания медицинской помощи в стационарозамещающих условиях в Республике Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 7 июня 2023 года № 106 «Об утверждении стандарта оказания медицинской помощи в стационарозамещающих условиях в Республике Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 23.01.2025
- Көрсетілген редакция
- 23.01.2025 206791_743856.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035676
- ЭКБ идентификаторы
- 206791
- Редакция идентификаторы
- 206791_743856
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:18
0 «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32740 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартында:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Бірінші деңгейде стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін көрсетілімдер:
1) тәулік бойы медициналық байқауды талап етпейтін жіті және (немесе) созылмалы аурулардың асқынуы, соның ішінде шақыртудың 4-санатына қызмет көрсеткеннен кейін МСАК ұйымдары жанындағы жедел медициналық көмек бөлімшесі бригадасы фельдшерінің (дәрігерінің) жолдамасы бойынша;
2) бекітілген халқы бар ұйымдарда динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулары бар пациенттер тобын белсенді жоспарлы сауықтыру;
3) көрсетілімдер болған кезде тәулік бойы стационардан шығарылғаннан кейін пациентті стационарды алмастыратын жағдайларда емдеуді жалғастыру болып табылады.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Екінші деңгейде стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін көрсетілімдер:
1) тәулік бойы медициналық байқауды талап етпейтін диагностикалық зерттеулер, емшаралар және (немесе) манипуляциялар, операция алдындағы арнайы дайындық және (немесе) реанимациялық қолдаумен операциялар жүргізу;
2) стационардан шығарылған, терапияны жалғастыруға мұқтаж және тәулік бойы байқауды талап етпейтін стационар жағдайындағы (инсульттан кейінгі, инфаркттан кейінгі жай-күйлер және басқа да күрделі жай-күйлер) операциялық араласудан, қарқынды емдеу курсынан кейін пациенттерді емдеу;
3) қан препараттарын, қан алмастыратын сұйықтықтарды құюмен, арнайы гипосенсибилизация терапиясын, күшті әсер ететін препараттардың инъекциясы, дәрілік заттарды буын ішілік енгізумен ем жүргізу;
4) тәулік бойы медициналық байқауды талап етпейтін жағдайларда химиотерапияны, сәулелік терапияға мұқтаж пациенттерді емдеу;
5) пациенттердің денсаулығын қалпына келтіру және қолдау мақсатында, оның ішінде химиотерапиядан, сәулелік терапиядан кейін медициналық оңалту болып табылады.»;
көрсетілген Стандартқа 3-қосымшада:
реттік нөмірлері 641, 797, 844, 873, 1043, 1202, 1203, 1249, 1271, 1281, 1308, 1353, 1373, 1606, 1743, 1744, 1745, 1746, 1866, 2263, 2265, 2269, 2294, 2309, 2373, 2357641, 797, 844, 873, 1043, 1202, 1203, 1249, 1271, 1281, 1308, 1353, 1373, 1606, 1743, 1744, 1745, 1746, 1866, 2263, 2265, 2269, 2294, 2309, 2373, 2357-жолдар алып тасталсын;
«Туберкулезге қарсы препараттарды қабылдау кезіндегі жағымсыз құбылыстар (негізгі диагноз - туберкулез)» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 9 және 16-жолдар алып тасталсын.