Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 7 апреля 2023 года № 138/НҚ «Об утверждении Правил учета и ведения реестра аппаратно-программного комплекса для цифрового майнинга»

Бұйрық · № 331/НҚ · қабылданған 11.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2023-no-138/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 7 апреля 2023 года № 138/НҚ «Об утверждении Правил учета и ведения реестра аппаратно-программного комплекса для цифрового майнинга» Қолданыста Бұйрық ·№ 331/НҚ ·11.08.2023
11.08.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 7 апреля 2023 года № 138/НҚ «Об утверждении Правил учета и ведения реестра аппаратно-программного комплекса для цифрового майнинга»

Қолданыста Бұйрық ·№ 331/НҚ · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 7 апреля 2023 года № 138/НҚ «Об утверждении Правил учета и ведения реестра аппаратно-программного комплекса для цифрового майнинга»
Атауы (қаз.)
«Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 138/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
331/НҚ
Қабылданған күні
11.08.2023
Көрсетілген редакция
11.08.2023 185126_648987.kaz
Соңғы өзгеріс
11.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033287
ЭКБ идентификаторы
185126
Редакция идентификаторы
185126_648987
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:22

0 «Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 138/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 138/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32271 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

1 Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2023 жылғы 11 тамыздағы
№ 331/НҚ Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2023 жылғы 7 сәуірдегі
№ 138/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу және «Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің тізіліміне (тізілімнен) қосу (алып тастау)» мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын, шет елдердегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

2 2) цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) – цифрлық активтер саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3 3) цифрлық майнер – цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкері немесе заңды тұлғасы.

4 4) цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – АБК) – белгілі бір үлгідегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдардың жиынтығы;

5 5) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ).

3

3. Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің тізілімін (бұдан әрі – тізілім) есепке алуды және жүргізуді көрсетілетін қызметті беруші цифрлық майнинг бойынша заңсыз жүзеге асыратын қызметті бақылау және анықтау, сондай-ақ елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

2 2-тарау. Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу тәртібі

4 4. Тізілімді есепке алу және жүргізу деп мыналар түсініледі:

1 1) АБК туралы мәліметтерді тізілімге енгізу;

2 2) өтініш берушілер ұсынған мәліметтер өзгерген (толықтырылған) кезде, сондай-ақ АБК тізілімнен шығарылған кезде тізілімді өзектендіру.

5 5. Тізілімді жүргізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

6 6. Тізілімді есепке алу және жүргізу тізілімге енгізу (алып тастау) немесе өзгерістер (толықтырулар) енгізу үшін берілген өтініштердің (бұдан әрі – өтініш) негізінде жүзеге асырылады.

7

7. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы «Е-лицензиялау «мемлекеттік деректер базасы» ақпараттандыру объектісі арқылы www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша құжаттар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) баяндалған құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып жібереді.

8 8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезде «жеке кабинет» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

9 9 Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде кеңсе қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

10 10. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды тіркеу сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Тізілімге енгізу үшін осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

11

11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіруге мүмкіндік беру үшін көрсетілетін қызметті алушыны бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

12 12. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

13

13. Көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды не осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АБК-ні тізілімге енгізу туралы шешім қабылдау туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жібереді.

14 14. Көрсетілетін қызметті алушы АБК-ні тізілімнен алып тастау үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

Тексеру нәтижелері бойынша бас тарту үшін негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылымдық бөлімше басшысының не оны алмастыратын тұлғаның ЭЦҚ-мен қол қойылған нысан бойынша тізілімнен шығару туралы хабарлама жібереді.

15

15. Тізілімде қамтылған мәліметтерді өзектендіру кезінде цифрлық майнер мәліметтер өзгерген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бұл туралы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша цифрлық активтер саласындағы уәкілетті органға хабарлайды, ол құжаттар тіркелген сәттен бастап тізілімге 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзгерістер енгізеді.

16 16. Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, бірыңғай байланыс орталығына (3) үш жұмыс күні ішінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

17 17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлғаға беріледі.

18 18. Көрсетілетін қызметті беруші, шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлға шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, әкімшілік актіні жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы шағымда көрсетілген талаптарды толығымен қанағаттандыратын әрекет.

19 19. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

20 20. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

21

21. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды тұлға, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды тұлғаның уәжді ұстанымын ұсынады.

1.1 Цифрлық майнингке аппараттық-бағдарламалық кешен тізілімі

Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Цифрлық майнингке аппараттық-бағдарламалық кешен тізілімі
Ті­зі­лім жа­з­ба­сы­ның рет­тік нө­мі­рі
Ті­зі­лім жа­з­ба­сын қа­лып­та­сты­ру кү­ні
Заң­ды тұл­ға­ның/же­ке кә­сіп­кер­дің ата­уы
Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі / Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Тір­ке­удің заң­ды ме­кен­жайы
Цифр­лық май­нинг­ті жү­зе­ге асы­ру үшін де­ректер­ді өң­деу ор­та­лы­ғы­ның ор­на­лас­қан же­рі
Бай­ла­ныс де­ректе­рі (ұя­лы те­ле­фон, элек­трон­дық по­шта)
Ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­нің то­лық ата­уы, мар­ка­сы, мо­де­лі
Ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­нің же­ке се­ри­я­лық нө­мі­рі
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті­нің та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның ко­ды
Ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен ту­ра­лы тех­ни­ка­лық мә­лі­мет­тер
Ке­ден де­кла­ра­ци­я­сы­ның нө­мі­рі,
са­ны
Мен­шік құқы­ғын­да неме­се бас­қа да заң­ды негіз­де цифр­лық май­нинг са­ла­сын­да ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­нің бо­луын рас­тай­тын құ­жат
Цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­ді ті­зі­лі­мі­нен шы­ға­ру кү­ні
Хэш­рейт (Th/s)
Қу­ат (кВт)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14

1.2 Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді тізілімге енгізу туралы өтініш

Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді тізілімге енгізу туралы өтініш

1 1.____________________________________________________________

(заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) атауы)

2 2.___________________________________________________________

(бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

3 3.____________________________________________________________

(заңды тіркелген мекенжайы)

4 4.____________________________________________________________

(цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін деректер орталығының орналасқан жері)

5 5.____________________________________________________________

(байланыс деректері: ұялы телефон, электрондық пошта)

6 6.____________________________________________________________

(аппараттық-бағдарламалық кешеннің толық атауы маркасы, моделі, саны)

7 7.____________________________________________________________

(ЕАЭО СЭҚ ТН коды)

8 8.____________________________________________________________

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісемін.

9 9.____________________________________________________________

(меншік құқығында немесе басқа заңды негізде цифрлық майнинг саласында
аппараттық-бағдарламалық кешеннің бар екендігін растайтын құжаттың
көшірмесі (заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) атауы және меншік иесінің
байланыс деректері көрсетіледі)
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы
____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Толтыру күні: «__» ____________ 20__ жыл

1.3 Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің мәліметтері

Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің мәліметтері
Рет­тік нө­мі­рі
Ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­нің то­лық ата­уы мар­ка­сы, мо­де­лі
Ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­нің же­ке се­ри­я­лық нө­мі­рі
Ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен ту­ра­лы тех­ни­ка­лық мә­лі­мет­тер
Ке­ден­дік жүк де­кла­ра­ци­я­сы­ның нө­мі­рі*
Ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­нің жай-күйі
Хэш­рейт (Th/s)
Қу­ат (кВт)
жа­рам­ды
жа­рам­сыз

1.4 Өтініш цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен тізілімінен шығару туралы

Цифрлық майнингке арналған
аппараттық-бағдарламалық
кешенді есепке алу және
тізілімін жүргізу қағида
4-қосымша
Нысан
Өтініш цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен тізілімінен шығару туралы
_____________________________________________________________
(Заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) атауы)
_____________________________________________________________
(Тізілімнен алып тасталатын тізілім жазбасының атауы және мазмұны)
______________________________________________________________
Байланыс деректері____________________________________________
(телефон, электрондық пошта)
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісемін.
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы ____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Толтыру күні: «__» ____________ 20__ жыл

1.5 Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі: «Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің тізіліміне қосу (тізілімнен алып тастау)»

Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін
жүргізу қағидаларына
5-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі: «Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің тізіліміне қосу (тізілімнен алып тастау)»
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стр­лі­гі.
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі
«Е-ли­цен­зи­я­лау «мем­ле­кет­тік де­ректер ба­за­сы» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі ар­қы­лы www.​eli​cens​e.​kz неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі ар­қы­лы.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­ді ті­зі­лім­ге ен­гі­зу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма бе­ру ке­зін­де - 5 (бес) жұ­мыс кү­ні;
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық еме­сті­гі ту­ра­лы факт анық­тал­ған кез­де қыз­мет көр­се­ту­ші 2 (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де өті­ніш­ті одан әрі қа­ра­удан дәлел­ді бас тар­та­ды;
Цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­ді ті­зі­лім­нен шы­ға­ру ту­ра­лы ха­бар­ла­ма бе­ру ке­зін­де - 2 (екі) жұ­мыс кү­ні.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған), қа­ғаз тү­рін­де.
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
Цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­ді ті­зі­лім­ге ен­гі­зу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма,
Цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­ді ті­зі­лім­нен шы­ға­ру ту­ра­лы ха­бар­ла­ма неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі;
Мем­ле­кет­тік қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
1) қыз­мет көр­се­ту­ші – дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа;
2) пор­тал – тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды), жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
1) Кең­се ар­қы­лы цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­нің ті­зі­лі­міне ен­гі­зу үшін:
осы Қа­ғи­да­лар­дың 2-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­ді ті­зі­лім­ге ен­гі­зу ту­ра­лы өті­ніш;
осы Қа­ғи­да­лар­дың 3-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен ту­ра­лы мә­лі­мет­тер;
мен­шік құқы­ғын­да неме­се бас­қа да заң­ды негіз­де цифр­лық май­нинг са­ла­сын­да­ғы ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­ге мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі.
Пор­тал ар­қы­лы цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­нің ті­зі­лі­міне ен­гі­зу үшін:
осы Қа­ғи­да­лар­дың 2-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­ді ті­зі­лім­ге ен­гі­зу ту­ра­лы өті­ніш;
осы Қа­ғи­да­лар­дың 3-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен ту­ра­лы мә­лі­мет­тер;
мен­шік құқы­ғын­да неме­се бас­қа да заң­ды негіз­де цифр­лық май­нинг са­ла­сын­да­ғы ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­ге мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
2) Кең­се ар­қы­лы цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­ді ті­зі­лім­нен шы­ғар­ған кез­де:
осы Қа­ғи­да­лар­дың 4-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен ті­зі­лі­мі­нен цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­ді алып та­стау ту­ра­лы өті­ніш;
цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­ді кә­де­ге жа­ра­ту/ пай­да­ла­ну/са­ту неме­се жо­ғал­ту мер­зім­де­рі­нің аяқ­та­луын рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі.
Пор­тал ар­қы­лы цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­ді ті­зі­лім­нен шы­ғар­ған кез­де:
осы Қа­ғи­да­лар­дың 4-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен ті­зі­лі­мі­нен цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­ді алып та­стау ту­ра­лы өті­ніш;
цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­ді кә­де­ге жа­ра­ту/ пай­да­ла­ну/са­ту неме­се жо­ғал­ту мер­зім­де­рі­нің аяқ­та­луын рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
9
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер­ді қам­ти­тын, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі бар қо­сым­ша
1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін ке­лі­су ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның те­ріс жа­у­а­бы, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бар;
5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі бар, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­ла­ды.
6) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ұсы­ны­ла­тын ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
2. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі ар­қы­лы ала­ды.
3. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стр­лі­гі­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да көр­се­ті­л­ген moap@​mdai.​gov.​kz.
4. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фон нө­мір­ле­рі - 1414, 8-800-080-7777.

1.6 Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін

жүргізу қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Ұйымның атауы
Ұйымның атауы
Дәлелді бас тарту
Нөмірі №:
Берілген күні : Өтініш берушінің аты
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы, Сіздің өтінішіңізді қарап, өтінімінің күні, № кіріс құжаттың нөмірі, келесіні хабарлайды.
Бас тарту себебі
Қол қоюшының лауазымы
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
[қол қоюшының]

1.7 Цифрлық майнингке арналған

аппараттық-бағдарламалық
кешенді есепке алу және
тізілімін жүргізу қағида
7-қосымша
Нысан
Ұйымның атауы
Ұйымның атауы
Уәкілетті органның бланкі
Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді тізілімге енгізу туралы
хабарлама
№ _______________ күні «___» ________20___жыл
(Хабарлама берген мемлекеттік органның атауы)
(Заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) атауы)
Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі
ЕАЭО СЭҚ ТН коды
жолдаған өтініштің 3-қосымшасында көрсетілген аппараттық-бағдарламалық кешенің жеке сериялық нөмірлері мен техникалық мәліметтеріне (цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің толық атауы маркасы, моделі, саны) сәйкес аппараттық-бағдарламалық кешеннің тізіліміне енгізу туралы хабарлама береді.
Қол қоюшының лауазымы
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
[қол қоюшының]

1.8 Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін

жүргізу қағидаларына
8-қосымша
Нысан
Ұйымның атауы
Ұйымның атауы
Уәкілетті органның бланкі
Цифрлік майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді тізілімнен шығару туралы
Хабарлама
№ _______________ күні «___» ________20___жылы
Осы хабарлама берілді _______________________________________________
(Заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) атауы) және (цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің толық атауы)
[Қол қоюшының лауазымы] (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

1.9 Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің тізіліміне мәліметтерді өзгерту туралы хабарлама

Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін
жүргізу қағидаларына
9-қосымша
Нысан
Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық
кешеннің тізіліміне мәліметтерді өзгерту туралы
хабарлама
__________________________________________________________________
Цифрлық майнердің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________________________________
(Жаңа редакциядағы тізілім жазбасының атауы және мазмұны:
Мәлімделген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың себебі)
Байланыс деректері_________________________________________________
(телефон, электрондық пошта)
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Толтыру күні: «__» ____________ 20__ жыл

Қолданыстағы