Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение маслихата от 7 июня 2023 года № 28 «Об утверждении Правил создания, содержания и защиты зеленых насаждений населенных пунктов Костанайской области»

Ереже · № 149 · қабылданған 12.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2023-no-28-ekb-198833/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение маслихата от 7 июня 2023 года № 28 «Об утверждении Правил создания, содержания и защиты зеленых насаждений населенных пунктов Костанайской области» Қолданыста Ереже ·№ 149 ·12.07.2024
12.07.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение маслихата от 7 июня 2023 года № 28 «Об утверждении Правил создания, содержания и защиты зеленых насаждений населенных пунктов Костанайской области»

Қолданыста Ереже ·№ 149 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение маслихата от 7 июня 2023 года № 28 «Об утверждении Правил создания, содержания и защиты зеленых насаждений населенных пунктов Костанайской области»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2023 жылғы 7 маусымдағы № 28 «Қостанай облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
149
Қабылданған күні
12.07.2024
Көрсетілген редакция
12.07.2024 198833_710680.kaz
Соңғы өзгеріс
12.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24N000149M
ЭКБ идентификаторы
198833
Редакция идентификаторы
198833_710680
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:35

0 Мәслихаттың 2023 жылғы 7 маусымдағы № 28 «Қостанай облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекiту туралы» 2023 жылғы 7 маусымдағы № 28 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында:
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Жасыл екпелерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар»;
26-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«26. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді:
1) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу;
2) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы;
3) ағаштарды кесу, қайта отырғызу;
4) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу;
5) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету);
6) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу.»;
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
«26-1. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету) келесіні қамтиды:
ағаштардың діңгек қуысын орнатумен және оларды қопсыту және арамшөптерден тазарту;
ағаш діңін ақтау;
бұталы қоршауды кесу, ағаштардың діңін көтеру, өскінді алып тастау;
шөп шабу, арамшөптерді жою;
жасыл екпелерді қымтау (ағаштар, бұталар, көпжылдық гүлдер);
бүкіл вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару;
ағаш тәжін тәждеу;
ағаштардың тәжін қалыптастыру;
қаңқа және жартылай қаңқа бөліктерін сақтай отырып, ағаш-бұта өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып жасартатын кесу;
апатты, қураған ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, діңгектерді тамырымен жұлу;
тыңайтқыштарды қолдану;
жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу;
қуыстарды тазалау және пломбалау, аралау орындарын өңдеу.»;
58-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«58. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін «Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33476 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган есептейді.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сактау министрлігінің
Санитариялық -
эпидемиологиялық бақылау
комитеті Қостанай облысының
санитариялық- эпидемиологиялық
бақылау департаменті»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің (РММ) басшысы
_________________ Е. Дәулетбаев
2024 жылғы «___» _____________
«Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігінің Экологиялық
реттеу және бақылау комитеті
Қостанай облысы бойынша
экология департаменті» РММ
басшысы
___________________ Т. Сәбиев
2024 жылғы «___» ___________
«Қазақстан Республикасының Ішкі
істер министрлігі Қостанай
облысының Полиция
департаменті» мемлекеттік
мекемесінің (ММ) бастығы
_________________ Е. Файзуллин
2024 жылғы «___» _____________
«Қостанай облысы әкімдігінің
құрылыс, сәулет және қала
құрылысы басқармасы» ММ
басшысы
_______________ Д. Ихласова
2024 жылғы «___» _________
«Қостанай облысы әкімдігінің
энергетика және тұрғын
үй - коммуналдық шаруашылық
басқармасы» ММ басшысы
_________________ Д. Асқаров
2024 жылғы «___» __________

Қолданыстағы