О внесении изменения и дополнений в постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 7 декабря 2023 года № 281 «Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Отдел внутренней политики, культуры и развития языков акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 7 декабря 2023 года № 281 «Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Отдел внутренней политики, культуры и развития языков акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 281 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 97
- Қабылданған күні
- 22.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 22.04.2025 209391_763506.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25SE00097A
- ЭКБ идентификаторы
- 209391
- Редакция идентификаторы
- 209391_763506
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:57
0 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 281
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы»
қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 281 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 15-тармағы келесі мазмұндағы 39-2), 39-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«39-2) маңдайшаны ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру;»;
«39-3) мемлекеттік қызмет көрсету;».
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы қаулыны «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында ресми жарияланған күнінен кейін орналастыруды;
3
3) «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілген өзгеріс және толықтырулар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарына хабардар етуді қамтамасыз етілсін.