Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата области Абай от 7 февраля 2023 года № 32 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қаулы · № 176 · қабылданған 10.10.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2023-no-32-ekb-188484/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата области Абай от 7 февраля 2023 года № 32 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности» Қолданыста Қаулы ·№ 176 ·10.10.2023
10.10.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата области Абай от 7 февраля 2023 года № 32 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қолданыста Қаулы ·№ 176 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата области Абай от 7 февраля 2023 года № 32 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Атауы (қаз.)
Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 32 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
176
Қабылданған күні
10.10.2023
Көрсетілген редакция
10.10.2023 188484_664450.kaz
Соңғы өзгеріс
10.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23F0015018
ЭКБ идентификаторы
188484
Редакция идентификаторы
188484_664450
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:24

0

Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 32 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс
енгізу туралы
Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Абай облысы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2023 жылғы 7 ақпандағы № 32 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22-18 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 2-қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімі аппараттының басшысына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Абай облысы әкімдігі
2023 жылғы 10 қазандағы
№ 176 Қаулысына
қосымша
Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы «7» ақпандағы
№ 32 қаулысына
2-қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік
қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесі

1 1. Басқарушы персонал: мансап орталығының директоры мен оның орынбасары, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы мен оның орынбасары (стационарлық, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар, үйде қызмет көрсету ұйымдар, уақытша болу ұйымдар, аумақтық және оңалту орталықтары).

2

2. Негізгі персонал: мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің, секторының) басшысы, мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің, секторының, тобының) маманы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, медициналық мейіргер, фармацевт, диеталық мейіргер, барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, дефектолог, психолог, логопед, әдіскер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектігі бар адамды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар балаларды және 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, иппотерапия жөніндегі инструктор-әдіскер, мәдени ұйымдастырушы, емдік дене шынықтыру жөніндегі инструктор, жүзу жөніндегі инструктор, музыкалық жетекші, еңбек терапиясы жөніндегі инструктор, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

3 3. Әкімшілік персонал: кітапханашы.

4 4. Қосалқы персонал: ассистент.

Қолданыстағы