Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата области Абай от 7 февраля 2023 года № 32 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қаулы · № 14 · қабылданған 18.01.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2023-no-32/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата области Абай от 7 февраля 2023 года № 32 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности» Қолданыста Қаулы ·№ 14 ·18.01.2024
18.01.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата области Абай от 7 февраля 2023 года № 32 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қолданыста Қаулы ·№ 14 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата области Абай от 7 февраля 2023 года № 32 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Атауы (қаз.)
Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 32 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
14
Қабылданған күні
18.01.2024
Көрсетілген редакция
18.01.2024 192903_682050.kaz
Соңғы өзгеріс
18.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24F0021518
ЭКБ идентификаторы
192903
Редакция идентификаторы
192903_682050
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:28

0

Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 32 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс
енгізу туралы
Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Абай облысы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2023 жылғы 7 ақпандағы № 32 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22-18 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 3-қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Абай облыcының мәслихаты

7 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтiн білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Абай облысы әкімдігі
2024 жылғы 18 қаңтардағы
№ 14 Қаулысына
қосымша
Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы «7» ақпандағы
№ 32 қаулысына
3-қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтiн білім беру
саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1

1. Басқарушы персонал: облыстық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің басшысы, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация басшысы, әдістемелік кабинеттің (орталық) басшысы, облыстық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас бухгалтері, мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас экономисі.

2

2. Негізгі персонал: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушысы және әдіскері, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандық мұғалімдері, дефектолог-мұғалім, (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) логопед-мұғалім, алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушы-оқытушысы, орта білімінен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шебері, жетекші, тәрбиеші, әдіскер, дене тәрбиесі нұсқаушысы, музыкалық жетекші, қосымша білім беру педагогы, ұйымдастырушы педагог, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, зертханашы, хореограф, сүйемелдеуші, барлық мамандықты дәрігерлер, мейірбике (мейіргер), диеталық мейірбике.

3 3. Әкімшілік персонал: мемлекеттік мекемедегі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорындағы басшы (меңгеруші): кітапхана, лагерь, интернат, шеберхана, оқу-өндірістік шеберхана, кітапханашы, концертмейстер, көркемдік жетекші, бухгалтер, экономист.

4 4. Қосалқы персонал: тәрбиешінің көмекшісі.

Қолданыстағы