Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Кобдинского районного маслихата от 7 декабря 2023 года № 92 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления её размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Кобдинском районе»

Ереже · № 174 · қабылданған 04.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2023-no-92-ekb-195664/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Кобдинского районного маслихата от 7 декабря 2023 года № 92 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления её размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Кобдинском районе» Қолданыста Ереже ·№ 174 ·04.04.2024
04.04.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Кобдинского районного маслихата от 7 декабря 2023 года № 92 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления её размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Кобдинском районе»

Қолданыста Ереже ·№ 174 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Кобдинского районного маслихата от 7 декабря 2023 года № 92 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления её размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Кобдинском районе»
Атауы (қаз.)
Қобда аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 92 «Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
174
Қабылданған күні
04.04.2024
Көрсетілген редакция
04.04.2024 195664_695382.kaz
Соңғы өзгеріс
04.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24CG857004
ЭКБ идентификаторы
195664
Редакция идентификаторы
195664_695382
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:11

0 Қобда аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 92 «Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қобда аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Қобда аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 92 «Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8459 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
8 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға, атап айтқанда:
амбулаторлық емдеудегі онкологиялық аурулардан зардап шегетін және туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға - «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қобда аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімдеріне және адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын жұқпасы бар тұлғаларға «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ұсынған анықтамаларға сәйкес, табысы есепке алынбай, ай сайын, бірақ жылына 6 (алты) айдан аспайтын уақытқа 10 (он) айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде;»;
11 тармақ келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы