О внесении изменений в решение Бухар-Жырауского районного маслихата от 7 февраля 2024 года № 5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Бухар-Жырауского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Бухар-Жырауского районного маслихата от 7 февраля 2024 года № 5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Бухар-Жырауского района»
- Атауы (қаз.)
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 5 «Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 26.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2024 198195_707756.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24KK661809
- ЭКБ идентификаторы
- 198195
- Редакция идентификаторы
- 198195_707756
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:52
0 Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 ақпандағы №5 «Бұқар жырау ауданының
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1
1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 ақпандағы 12 сессиясының №5 «Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6556-09 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
әлеуметтік көмек көрсету қағидаларының 1-тарауның 3-тармағының 1-тармақшасы көрсетілген шешіммен бекітілген, оның мөлщерін белгілеудің және Бұқар жырау ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Бұқар жырау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының 2- тарауының 8 – тармағының бірінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне барлық дүлей зілзаланы немесе өртті өндіріп алу кезінде – өмірлік қиын жағдайы басталған сәттен бастап алты ай ішінде тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) иелерінің бірі - 100 ай мөлшерінде есептік көрсеткіш, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, біржолғы;»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Бұқар жырау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының 2- тарауының 8 – тармағының сегізінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, Бұқар Жырау ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға құнының 50% бірыңғай мөлшерде мектепке дейінгі білім беру ұйымына жан басына шаққандағы орташа табысты есептемегенде;».