О внесении изменений в совместный приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 7 февраля 2024 года № 51 и Министра просвещения Республики Казахстан от 12 февраля 2024 года № 29 «Об утверждении Правил использования выплат целевых накоплений из единого накопительного пенсионного фонда в целях оплаты образования в соответствии с законодательством Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместный приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 7 февраля 2024 года № 51 и Министра просвещения Республики Казахстан от 12 февраля 2024 года № 29 «Об утверждении Правил использования выплат целевых накоплений из единого накопительного пенсионного фонда в целях оплаты образования в соответствии с законодательством Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 51 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 12 ақпанда № 29 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 220
- Қабылданған күні
- 30.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2025 209715_756437.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036053
- ЭКБ идентификаторы
- 209715
- Редакция идентификаторы
- 209715_756437
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:42
0 «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің
2024 жылғы 7 ақпандағы № 51 және Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 12 ақпанда № 29 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 51 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 12 ақпанда № 29 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33995 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
бірлескен бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім алуға ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану тәртібін айқындайды.».
2
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ол ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.