О внесении изменения в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 7 августа 2025 года № 293 «Об утверждении Правил субсидирования строительства, реконструкции и модернизации систем водоснабжения и водоотведения» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 7 тамыздағы № 293 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 7 тамыздағы № 293 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36617 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидалары
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрі
2026 жылғы 31 шілдедегі
№ 385
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2025 жылғы 7 тамыздағы
№ 293 бұйрығына 1-қосымша
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидалары
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 25-бабының 2-тармағының 4) және 12) тармақшасыларына, «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 451) тармақшасына сәйкес әзірленді және сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салудың, реконструкциялаудың және жаңғыртудың тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Әкімші – бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық уәкілетті орган;
Тармақша 2
2) инвестициялық жоба – сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөнінде іс-шаралар жүргізуге бағытталған, қаржы институттарының және бюджеттік субсидияның қарыз қаражаты есебінен қаржы институттарымен келісім жасасқан заңды тұлғалар іске асыратын инвестициялық жоба;
Тармақша 3
3) қаржы институты – банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және халықаралық қаржы ұйымдары;
Тармақша 4
4) ниеттестік хат – қаржы институтының инвестициялық жобаны іске асыру қажеттігінің негіздемесімен және алдын ала құнымен жоба жөніндегі іс-шараның қысқаша сипаттамасынан тұратын кредитті беру мүмкіндігі туралы хаты;
Тармақша 5
5) субсидия – сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қаржы институттарымен келісім жасасқан заңды тұлғаға республикалық бюджеттен берілетін бюджеттен қайтарымсыз төлемдер;
Тармақша 6
6) субсидия алушы – сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін көрсететін заңды тұлға;
Тармақша 7
7) су бұру жүйесі – сарқынды суларды жинауға, тасымалдауға, тазартуға және оны әкетуге арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;
Тармақша 8
8) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау – сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылатын өтеусіз және қайтарымсыз негізде бюджеттік субсидия беру;
Тармақша 9
9) сумен жабдықтау жүйесі – суды жинауға, сақтауға, дайындауға, беруге және оны тұтыну орындарына таратуға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;
Тармақша 10
10) табиғи монополиялар салаларындағы уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 11
11) үшжақты шарт- әкімші мен қаржы институтының және субсидия алушының арасында жасалған субсидия беру арқылы қаржы институттарының және республикалық бюджеттің қаражаты есебінен бірлесе қаржыландыруды көздейтін инвестициялық жобаны іске асыру туралы шарт.
Тармақ 3
3. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау капиталды көп қажет ететін шығыстарға, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына, жабдықты, материалдарды сатып алуға арналған шығыстарға сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Субсидия мерзімі өтіп кеткен қарыздық берешек бойынша есептелген және төленген пайыздарды төлеу жөніндегі шығындарды өтеуге, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу мақсатында, субсидия алушының шаруашылық қызметінің шығыстарын жабуға берілмейді.
Тармақ 5
5. Субсидия қаржы институттарымен инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру шарттарында беріледі.
Тармақ 6
6. Субсидияның көлемі инвестициялық жобаның жалпы құны мен қаржы институты беретін кредиттің арасындағы айырма ретінде белгіленеді.
Субсидияның көлемі қаржы институты беретін кредиттің сомасынан аспауға тиіс. Субсидияларды бөлу тиісті жылға республикалық бюджеттен көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Субсидияларды беру әкімші, қаржы институты мен субсидия алушының арасындағы жасалатын үшжақты шарттың негізінде жүргізіледі, онда қарыз және субсидияларды беру және пайдалану кезінде тараптардың құқықтық қатынастары белгіленеді.
Тармақ 8
8. Ақы төлеу қажеттілігін растайтын тиісті құжаттардың, оның ішінде орындалған жұмыстардың актілерінің, сәйкестік және сапа сертификаттарының, шот-фактуралардың және көрсетілген қызметтер, сатып алынған жабдықтар мен материалдар бойынша бухгалтерлік есептілік құжаттарының негізінде алдағы төлемдерге ақы төлеу жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Бөлінген қаражатты тиімді және нысаналы пайдалануды қамтамасыз ету, инвестициялық жобаның тікелей көрсеткіштеріне қол жеткізу, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын орындау субсидиялаудың шарттардың бірі болып табылады.
Бұл ретте, субсидиялау шеңберінде іске асыру жоспарланған іс-шаралар мемлекеттік қолдаудың басқа шаралары шеңберінде қарастырылған жағдайда субсидия берілмейді.
Тармақ 10
10. Субсидияны алушы субсидияның қаражатын тек қана инвестициялық жоба мен үшжақты шартта көзделген мақсаттарға пайдаланады
Тармақ 11
11. Субсидия мынадай өлшемшарттар сақталған жағдайда беріледі:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобаның және инвестициялық жобада көзделген іс-шараларды іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі;
Тармақша 2
2) қаржы институтының қаражаты есебінен алынған қарыз есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы;
Тармақша 3
3) есептермен және тиісті құжаттармен расталатын субсидияның экономикалық негізділігі;
Тармақша 4
4) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде энергия тиімділігі және ресурс үнемдеу жөнінде іс-шаралар жүргізу;
Тармақша 5
5) бірыңғай техникалық саясатты, оның ішінде технологияларды, материалдар мен жабдықтарды қолдану;
Тармақша 6
6) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде отандық тауар өндірушілерді тарту.
Тармақ 12
12. Субсидия беру мынадай негіздерде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобаға арналған техникалық - экономикалық негіздемені (бұдан әрі-ТЭН) және (немесе) жобалау-сметалық құжаттаманы;
Тармақша 2
2) Жобалау-сметалық құжаттамаға жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысы;
Тармақша 3
3) субсидия алушының үш жақты шарттың талаптарын сақтауы;
Тармақша 4
4) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындауды талдаудың нәтижелері бойынша табиғи монополиялар салаларындағы уәкілетті органның қорытындысы.
Тармақ 13
13. Үшжақты шарт мынадай бөлім шарттарды қамтиды:
Тармақша 1
1) субсидия беру мақсаты;
Тармақша 2
2) субсидияның мөлшері;
Тармақша 3
3) валютасы;
Тармақша 4
4) игеру кезеңі – субсидия берілу мақсаттарына сәйкес іс-шараларды іске асыру үшін субсидия алушы субсидияны пайдалана алатын уақыт кезеңі;
Тармақша 5
5) ақы төлеу мерзімдері;
Тармақша 6
6) міндеттерді сақтамағаны үшін санкциялар.
Тарау 2
2-тарау. Субсидия беру тәртібі
Тармақ 14
14. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін субсидия алушы субсидия алуға өтінім қалыптастырады және әкімшіге береді.
Тармақ 15
15. Субсидия алуға арналған өтінім мынадай құжаттарды қамтиды:
Тармақша 1
1) бірінші басшы не оны алмастыратын адам қол қойған титулдық бланкiдегі субсидия алушының iлеспе хат;
Тармақша 2
2) инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық зерттеулерімен (ТЭЗ) және кредит мөлшерінің негіздемесімен қоса, қаржы институтының ілеспе хаты;
Тармақша 3
3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жобаның паспорты;
Тармақша 4
4) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы бар техникалық-экономикалық негіздеме және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама;
Тармақша 5
5) сумен жабдықтау және су бұру схемалары және/немесе сумен жабдықтау және су бұру бойынша инвестициялық негіздемелер;
Тармақша 6
6) Тарифті және тарифтік сметаны бекіту туралы және «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын бекіту туралы бұйрықтардың көшірмелері;
Тармақша 7
7) соңғы 3 (үш) жыл ішіндегі инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы және тарифтік сметалардың орындалуы туралы есептер;
Тармақша 8
8) қаржы институты мен субсидия алушының арасындағы кредиттік шарт;
Тармақша 9
9) қаржылық көмек алуды растаудың мағынасын ашу;
Тармақша 10
10) салалық сараптаманың қорытындысы;
Тармақша 11
11) мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік инвестициялық жобалар шеңберінде басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық уәкілетті органымен бекітілген мемелкеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық- экономикалық және қаржы-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ бекітілген (нақтыланған) параметрлерді түзету, мемлекеттік жобаларды іріктеу, мониторнигілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларының 18 қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттік инвестициялық жобаға экономикалық қорытынды;
Тармақша 12
12) әзірлеу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы
Тармақ 16
16. Әкімші 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың құрамының толықтығын және дұрыс толтырылуын және ұсынылған құжаттардың толық емес құрамы анықталған және (немесе) дұрыс толтырылмаған жағдайда, Әкімші 3 (үш) жұмыс күні ішінде субсидия алушы өтінімге ұсынған құжаттар топтамасын ескертулер толық жойылғанға дейін субсидия алушыға қайтарады.
Тармақ 17
17. Субсидия алушы 5 (бес) күнтізбелік күннің ішінде Әкімші ескертулерін ескере отырып, құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде Әкімші құжаттардың топтамасын қабылдайды және субсидия алуға арналған өтінімді қайта тіркейді.
Тармақ 18
18. Әкімші бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін өтінім қалыптастырады және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеттік органға енгізеді.
Тармақ 19
19. Республикалық бюджеттік комиссиясы хаттамасының негізінде әкімші, қаржы институты және субсидияны алушы арасында үшжақты шарт жасалады.
Тарау 3
Глава 3. Субсидиялау бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асырудың, инвестициялық жобаларды қаржыландырудың мониторингін жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 20
20. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту саласында субсидиялау кезінде Әкімші шеңберінде инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді.
Тармақ 21
21. Жабдықтардың құны мен белгіленген қуаты бөлігінде бекітілген жобалау-сметалық құжаттамадан инвестициялық жоба бойынша бөлігінде кез келген өзгерістер мен ауытқуларға рұқсат етілмейді.
Тармақ 22
22. Субсидияларды алушы инвестициялық жобаны іске асыру барысы туралы есепті тоқсан сайын және жылдың қорытындысы бойынша электрондық нысанда және қағаз тасығышта мынадай мерзімдерде ұсынады:
есептік тоқсан сайын – есептік кезеңнен тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей;
есептік жыл үшін – есептік қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей.
Тармақ 23
23. Қаржы институтымен бірлесіп қаржыландыру шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобаны қаржыландыруға мониторингті жүзеге асыру мақсатында Әкімші субсидияларды алушыдан мониторинг жүргізу үшін қажетті ақпаратты, мәліметті, құжаттарды сұратады және алады.
Субсидияларды алушы Әкімшіне осы Қағидаларда, сондай-ақ, субсидияларды төлеу туралы үшжақты шарттың талаптарында көрсетілген тәртіпте және мерзімде инвестициялық жобаларды қаржыландыруға шынайы және объективті мониторинг жүргізу үшін қажетті ақпаратты ұсынады.
Басқа 1.1
Сумен жабдықтау және су бұру
жүйелерін салуды,
реконструкциялауды және
жаңғыртуды субсидиялау
қағидаларына
қосымша
Нысан
Жоба паспорты
Жобаның атауы
Субсидияға арналған өтінім бойынша ілеспе хаттың деректемелері (тіркелген күні және тіркеу нөмірі, өтінімге қол қойған Қарыз алушының уәкілетті тұлғасының Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда)
Субсидияның сомасы, мың теңге
Бюджеттік бағдарлама
Субсидия алушы
Нөмірі
Атауы
Жобаның жалпы сомасы, мың теңге
Субсидия алушы (заңды тұлғаның атауы)
Жоба бойынша ақпарат
№
Іс-шараның атауы
Құны, барлығы, мың теңге
оның ішінде іске асыру жылдары бойынша:
20ХХ
1
…
Субсидияның мерзімі
Қаржы институтының кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесі
Кредит бойынша қамтамасыз ету
Объектіні салу және/немесе реконструкциялау және/немесе жаңғырту орны
оба бойынша, оның ішінде инвестициялық жобаны іске асырудан күтілетін әлеуметтік – экономикалық әсер туралы ақпарат (негізгі құралдардың тозуын төмендету; нормативтік техникалық ысырапты азайту; шикізатты материалдарды, отынды, энергия жұмсау нормаларын азайту; ұсынылатын реттелетін қызметтердің көлемін ұлғайту және сапасын арттыру)
Қаржы институтының өкілі
Тегі
Аты
Әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Мекенжайы
Байланыс телефондары
ұялы телефон
Электрондық пошта
Субсидияларды алушының (табиғи монополиялар субъектісінің) өкілі
Тегі
Аты
Әкесінің аты (бар болса)
Құрылымдық бөлімшенің атауы
Лауазымы
Мекенжайы
Байланыс телефондары
Электрондық пошта
Қосымша ақпарат