О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 7 июля 2026 года № 501-2316 «Об утверждении перечня коммунального имущества, не закрепленного за коммунальными юридическими лицами»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 7 июля 2026 года № 501-2316 «Об утверждении перечня коммунального имущества, не закрепленного за коммунальными юридическими лицами»
- Атауы (қаз.)
- «Коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілмеген коммуналдық мүліктің тізбесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 7 шілдедегі № 501-2316 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 501-3167
- Қабылданған күні
- 14.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2026 I230018_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26ABW5013A
- ЭКБ идентификаторы
- 230018
- Редакция идентификаторы
- I230018_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 03:30
0 «Коммуналдық заңды тұлғаларға
бекітілмеген коммуналдық
мүліктің тізбесін бекіту туралы»
Астана қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 7 шілдедегі № 501-2316
қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілмеген коммуналдық мүліктің тізбесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 7 шілдедегі № 501-2316 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
бекітілген коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілмеген коммуналдық мүліктің тізбесі мынаَдай мазмұндағы реттік нөмірлері 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 – жолдармен толықтырылсын:
«
9.
Нөсер кәрізі
-
Астана қаласы, Қарқабат көшесі, № 17 мекенжайында, № 53 мектептің жанында орналасқан нөсер кәрізі, инженерлік желілерінің жалпы ұзындығы 740 м құрайды, оның ішінде: диаметрі 100 мм құбыр – 70 м, диаметрі 250 мм – 100 м, диаметрі 315 мм – 60 м, диаметрі 500 мм – 230 м. Құдықтардың саны 46 бірлікті құрайды
10.
Нөсер кәрізі
-
Астана қаласы, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, № 2Б, 2В, «Речной квартал» тұрғын үй кешенінде орналасқан нөсер кәрізі, инженерлік желілерінің жалпы ұзындығы 1 960 м құрайды, оның ішінде: диаметрі 150 мм құбыр – 50 м, диаметрі 200 мм – 120 м, диаметрі 500 мм – 1 790 м. Құдықтардың саны 32 бірлікті құрайды
11.
Нөсер кәрізі
-
Астана қаласы, Қобыланды батыр көшесі, № 7, 7а, 7б, 7к, 7м, 7д, 7н, 7е, «3 гектара» тұрғын үй кешенінде орналасқан нөсер кәрізі, инженерлік желілерінің жалпы ұзындығы 1 290 м құрайды, оның ішінде: диаметрі 110 мм құбыр – 62 м, диаметрі 200 мм – 148 м, диаметрі 250 мм – 108 м, диаметрі 315 мм – 663 м, диаметрі 350 мм – 244 м, диаметрі 400 мм – 65 м. Құдықтардың саны 62 бірлікті құрайды
12.
Жылу желілері
-
Астана қаласы, Қобыланды батыр көшесі, № 7 үйден № 7н үйге дейін, «3 Гектара» тұрғын үй кешенінде орналасқан жылу желілері, ұзындығы 864,4 қ. м: 2ДУ219/355 (ППУ-ПЭ) трассалары – 60,9 қ. м, 2ДУ159/250 (ППУ-ПЭ) трассалары – 123,5 қ. м, 2ДУ133/255 (ППУ-ПЭ) трассалары – 243,3 қ. м, 2ДУ108/200 (ППУ-ПЭ) трассалары – 112,3 қ. м, 2ДУ89/180 (ППУ-ПЭ) трассалары – 324,4 қ. м
13.
Нөсер кәрізі
-
Иманақ көшесіндегі темірбетон науалар, Иманақ көшесіндегі № 10а үйден айналма жолға дейін, темірбетон науалардың ұзындығы – 320 м, темірбетон науаның ені – 60 см
14.
Нөсер кәрізі
-
Ж. Жабаев көшесіндегі темірбетон науалар, Иманақ көшесінен айналма жолға дейін, темірбетон науалардың ұзындығы – 770 м, темірбетон науаның ені – 60 см
15.
Нөсер кәрізі
-
Т. Мұсабаев көшесіндегі темірбетон науалар: темірбетон науалардың ұзындығы – 350 м, темірбетон науаның ені – 40 см
16.
Нөсер кәрізі
-
М. Горький көшесіндегі темірбетон науалар, Т. Мұсабаев көшесінен Т. Әубәкіров көшесіне дейін, темірбетон науалардың ұзындығы – 120 м, темірбетон науаның ені – 40 см, диаметрі 400 мм құбыр – 15 метр
17.
Модульдік дәретхана
-
Астана қаласы, «Байқоңыр» ауданы, «Ататүрік» саябағы мекенжайында орналасқан модульдік дәретхана, жалпы аумағы – 51,21 ш. м, биіктігі – 2,8 м, ұзындығы – 12,7 м, ені – 4,4 м
».