Құжат мәтініне өту

Об официальном толковании подпункта 7) статьи 54 Конституции Республики Казахстан

Қаулы · № 22_2 · қабылданған 26.12.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-54-ekb-7692/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об официальном толковании подпункта 7) статьи 54 Конституции Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 22_2 ·26.12.2000
24.09.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об официальном толковании подпункта 7) статьи 54 Конституции Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 22_2 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об официальном толковании подпункта 7) статьи 54 Конституции Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22_2
Қабылданған күні
26.12.2000
Көрсетілген редакция
24.09.2008 AI7692_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.09.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
S000000022_
ЭКБ идентификаторы
7692
Редакция идентификаторы
AI7692_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:05

0 Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008.09.24 N 7 Нормативтік қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, құрамында Кеңес мүшелерi Н.І. Өкеев (төрағалық етуші), Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан, өтініш субъектісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің мүшесі Ж. Қалиұлының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шарт жасасу-құқық департаментінің екінші хатшысы А.Қ.Кинжебаеваның қатысуымен өткен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентінің Төрағасы Ж.А. Тұяқбайдың Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.
Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашы - Кеңес мүшесі В.Д. Шопиннің және отырыс қатысушыларының сөйлеген сөздерін тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 2000 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы өтініші келіп түсті.
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Парламент Мәжілісінде қарау үшін, 1996 жылғы 18 қазанда Мәскеуде қол қойылған "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтық авиациясының авиациялық техникасын пайдалануды және жөндеуден өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі трансұлттық қаржы-өнеркәсіптік тобын құру туралы Келісімнің күшін жою туралы" (бұдан әрі - Келісім) Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгізуі өтініш жасау үшін себеп болды. Өтініштен келіп шығатыны, бұл Келісімге Республика Үкіметі қол қойған және ол Парламенттің бекітуіне енгізілмеген.
Үкіметтің түсіндірме жазбахатында, Келісімде көзделген "Аэрофин" тобының құрылмағаны және қазіргі уақытта оны құру мақсатқа сай келмейді деп есептелетіні айтылған. Қазақстан азаматтық авиациясының қызметіндегі қалыптасқан шынайы жағдайдың өзгеруі, бұл келісімнің күшін жоюдың қажет екенін көрсетеді.
Өтініште бұл Келісімнің күшін жою жөніндегі әртүрлі көзқарастар келтірілген: Мәжілістің тұрақты комитеттері Үкіметтің өзі бұл шарттың күшін жоя алады деп есептейді, ал сыртқы істер және әділет министрліктері оның күшін жою туралы мәселе Парламентте қаралуы тиіс деп есептейді. Осыған байланысты, өтініш субъектісі, "Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасының тиісті заңдарын қабылдау арқылы бекітпеген халықаралық шарттардың күшін жою қажет пе?", - деген сұрақты назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасына ресми түсіндірме беруді өтінеді.
Конституцияның нормаларын және қолдағы бар материалдарды талдап шығып, Конституциялық Кеңес мынаны ескерді.
Конституцияның 54-бабының 7) тармақшасы, Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы Республиканың халықаралық шарттарын бекітетінін және олардың күшін жоятынын белгілейді. Келтірілген бұл конституциялық норма Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығында (бұдан әрі - Жарлық) нақтыланған.
Жарлықтың 2-бабының 4) тармақшасына сәйкес, "ратификация" дегеніміз - халықаралық шартты Қазақстан Республикасы Парламентінің бекітуі арқылы Қазақстан Республикасының өзі үшін оның міндеттілігіне келісім білдіру жолы. Жарлықтың 10-15-баптарында Парламенттің ратификациялауына жататын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының тізбесі және оларды ратификациялау тәртібі белгіленген. 13-бапта Республика Президенті мен Үкіметінің халықаралық шарттарды Парламентке ратификациялауға табыс етуінің тәртібі регламенттелген. 14-бапқа сай, Парламент ратификациялауға ұсынылған халықаралық шарттарды қарайды және тиісті заң қабылдайды. Халықаралық шартты ратификациялау туралы заңға қол қойылып, ол жария етілгеннен кейін Республика Президенті ратификациялау грамотасына қол қояды.
Жоғарыда аталған Жарлықтың 2-бабы 11) тармақшасына сай, "күшін жою" дегеніміз - Қазақстан Республикасының өзі жасасқан халықаралық шарттан тиісінше ресімделген бас тартуы. Республиканың халықаралық шарттарының күшін жою тәртібі осы Жарлықтың 32-34-баптарымен баянды етілген. Жарлықтың 33-бабына сәйкес, Парламент Қазақстан Республикасының мемлекетаралық сипаттағы ратификацияланған және ратификациялауға жатпайтын халықаралық шарттарының күшін - Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша, ал, Республиканың Үкімет қарауына жататын халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оларға қосылуы Үкіметтің шешімдері негізінде жүзеге асырылған халықаралық шарттарының күшін - Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша жояды.
Келісімнің 16-бабы, тараптардың кез-келгенінің өздерінің ішкі заңдарына сәйкес, күшін жою арқылы бұл шарттан шығуына және оның ресімдеріне жол беретін норманы білдіреді, соның нәтижесінде Келісімнің ол үшін міндетті күші жойылады.
Жарлықтың 34-бабына сай, Республика Үкіметі Қазақстан Республикасының ведомствоаралық сипаттағы халықаралық шарттарының ғана күшін жоюға хақылы.
Осылайша, Қазақстан Республикасы заңдарының келтірілген нормалары, Республика Парламенті өзі ратификациялаған Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының ғана емес, Жарлықтың 33-бабында аталған өзге де халықаралық шарттардың күшін жоятынынан дәлел береді. Аталған баптың 2) тармақшасына сәйкес, өтініште көрсетілген Келісімнің күшін жою туралы мәселені қарау Республика Парламентінің құзырына жатқызылған.
Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37 және 41-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қаулы етеді:

1

1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 54-бабының 7) тармақшасын, "Парламент ... Республиканың халықаралық шарттарын бекітеді", - деген бөлігінде, Қазақстан Республикасының Парламенті, халықаралық шартты ратификациялау туралы заң қабылдай отырып, оның міндеттілігіне мемлекеттің келісімін білдіреді деп түсіну керек. Ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың тізбесі, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" заң күші бар Жарлығының 11-бабымен, ал тәртібі - 10, 12-15-баптарымен белгіленген.
Дәл осы тармақша "Парламент ... Республиканың халықаралық шарттарының күшін жояды", - деген бөлігінде, Қазақстан Республикасының өзі жасасқан халықаралық шарттан бас тартуын білдіреді, ол осы аталған Жарлықтың 32-34-баптарымен белгіленген ережеге сәйкес ресімделеді. Парламент Қазақстан Республикасының мемлекетаралық сипаттағы ратификацияланған және ратификациялауға жатпайтын халықаралық шарттарының күшін - Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша, ал, Республиканың Үкімет қарауына жататын халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оларға қосылуы Үкіметтің шешімдері негізінде жүзеге асырылған халықаралық шарттарының күшін - Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша жояды.

2

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы 3-тармағына сәйкес, қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген жағдайды ескеріп, түпкілікті болып табылады.

3 3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

Қолданыстағы