Об установлении ограничительных мероприятий во дворе дома 7 улицы Д.Шыныбекова населенного пункта Жалын, сельского округа Жамбыл, Мактааральского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий во дворе дома 7 улицы Д.Шыныбекова населенного пункта Жалын, сельского округа Жамбыл, Мактааральского района
- Атауы (қаз.)
- Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округі, Жалын елді мекені, Д.Шыныбеков көшесіндегі № 7 үйдің ауласына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23
- Қабылданған күні
- 19.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.05.2020 140848_462407.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UGV05508
- ЭКБ идентификаторы
- 140848
- Редакция идентификаторы
- 140848_462407
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:33
0 Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округі, Жалын елді мекені, Д.Шыныбеков көшесіндегі № 7 үйдің ауласына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Ветеринария туралы» Қазакстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтаарал аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 12 наурыздағы №02-03/92 санды ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округі, Жалын елді мекені Д.Шыныбеков көшесі №7 үй тұрғыны С.Турмановтың 7 айлық мысықтың ми сынамасынан вирусологиялық зерттеу нәтижесінде «құтырық» ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округі, Жалын елді мекені Д.Шыныбеков көшесі №7 үйдің ауласына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2 2. Мақтаарал ауданының «Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;