Құжат мәтініне өту

Об утверждении статистической формы ведомственного статистического наблюдения "Отчет о сети, кадрах и деятельности в здравоохранении" (код 7011204, индекс 1-здрав, периодичность годовая) и инструкции по ее заполнению, разработанных Министерством здравоохранения Республики Казахстан

Бұйрық · № 73 · қабылданған 15.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7011204-1/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении статистической формы ведомственного статистического наблюдения "Отчет о сети, кадрах и деятельности в здравоохранении" (код 7011204, индекс 1-здрав, периодичность годовая) и инструкции по ее заполнению, разработанных Министерством здравоохранения Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 73 ·15.03.2011
14.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении статистической формы ведомственного статистического наблюдения "Отчет о сети, кадрах и деятельности в здравоохранении" (код 7011204, индекс 1-здрав, периодичность годовая) и инструкции по ее заполнению, разработанных Министерством здравоохранения Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 73 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении статистической формы ведомственного статистического наблюдения "Отчет о сети, кадрах и деятельности в здравоохранении" (код 7011204, индекс 1-здрав, периодичность годовая) и инструкции по ее заполнению, разработанных Министерством здравоохранения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген "Денсаулық сақтау желілері, кадрлары және қызметі туралы есеп (коды 7011204, индексі 1-денсаулық, кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы"
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
73
Қабылданған күні
15.03.2011
Көрсетілген редакция
14.03.2012 AI58884_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006904
ЭКБ идентификаторы
58884
Редакция идентификаторы
AI58884_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:53

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген "Денсаулық сақтау желілері, кадрлары және қызметі туралы есеп (коды 7011204, индексі 1-денсаулық, кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы"

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) «Денсаулық сақтау желілері, кадрлары және қызметі туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 7011204, индексі 1-денсаулық, кезеңділігі жылдық) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2 2) «Денсаулық сақтау желілері, кадрлары және қызметі туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7011204, индексі 1-денсаулық, кезеңділігі жылдық) толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Стратегиялық даму департамент! осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелері және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің назарына жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күннің аяқталуымен қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
С. Қайырбекова ____________
2011 жылғы 28 наурыз

1 Ден­са­улық сақ­тау же­лі­ле­рі, кадр­ла­ры және қыз­ме­ті ту­ра­лы есеп От­чет о вкла­дах и став­ках воз­на­граж­де­ния по ним

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ста­ти­сти­ка агент­ті­гі
тө­ра­ға­сы­ның 2011 жы­л­ғы
15 на­уры­зда­ғы№ 73 бұй­ры­ғы­на
1-қо­сым­ша
Мем­ле­кет­тік ста­ти­сти­ка ор­ган­да­ры құ­пи­я­лы­лы­ғы­на ке­піл­дік бе­ре­ді
Кон­фи­ден­ци­аль­ность га­ран­ти­ру­ет­ся ор­га­на­ми го­су­дар­ствен­ной ста­ти­сти­ки
Ве­дом­ство­лық ста­ти­сти­ка­лық бай­қау бой­ын­ша ста­ти­сти­ка­лық ны­сан
Ста­ти­сти­че­ская фор­ма по ве­дом­ствен­но­му ста­ти­сти­че­ско­му на­блю­де­нию
При­ло­же­ние 1
к При­ка­зу Пред­се­да­те­ля Агент­ства Рес­пуб­ли­ки Ка­зах­стан по ста­ти­сти­ке от 15 мар­та 2011 го­да № 73
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гіне тап­сы­ры­ла­ды.
Пред­став­ля­ет­ся в Ми­ни­стер­ство здра­во­охра­не­ния Рес­пуб­ли­ки Ка­зах­стан
Ста­ти­сти­ка­лық ны­сан­ды www.​nat​iona​lban​k.​kz, www.​stat.​gov.​kz сай­ты­нан алу­ға бо­ла­ды.
Ста­ти­сти­че­скую фор­му мож­но по­лу­чить на сай­те www.​nat​iona​lban​k.​kz, www.​stat.​gov.​kz.
Мем­ле­кет­тік ста­ти­сти­ка­ның ти­іс­ті ор­ган­да­ры­на ал­ғаш­қы ста­ти­сти­ка­лық де­ректер­ді уа­қы­ты­лы тап­сыр­мау, дәй­ек­ті емес де­ректер­ді бе­ру әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық бо­лып та­бы­ла­ды және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қол­да­ны­с­та­ғы заң­на­ма­сы­на сәй­кес жа­у­ап­кер­ші­лік­ке әкеп со­ға­ды.
Несвое­вре­мен­ное пред­став­ле­ние, предо­став­ле­ние недо­сто­вер­ных пер­вич­ных ста­ти­сти­че­ских дан­ных в со­от­вет­ству­ю­щие ор­га­ны го­су­дар­ствен­ной ста­ти­сти­ки яв­ля­ют­ся ад­ми­ни­стра­тив­ны­ми пра­во­на­ру­ше­ни­я­ми и вле­кут за со­бой от­вет­ствен­ность в со­от­вет­ствии с дей­ству­ю­щим за­ко­но­да­тель­ством Рес­пуб­ли­ка Ка­зах­стан.
Ста­ти­сти­ка­лық ны­сан ко­ды 7011204
Код ста­ти­сти­че­ской фор­мы 7011204
Ден­са­улық сақ­тау же­лі­ле­рі, кадр­ла­ры және қыз­ме­ті ту­ра­лы есеп От­чет о вкла­дах и став­ках воз­на­граж­де­ния по ним
1-ден­са­улық
1-здрав
Жыл­дық
Го­до­вая
_ _      _ _ _ _
Есеп­ті ке­зең |_|_| ай |_|_|_|_| Жыл
От­чет­ный пе­ри­од ме­сяц Год
Ми­ни­стр­лік­тер мен ве­дом­ство­лар­дың ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры және мем­ле­кет­тік емес ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры тап­сы­ра­ды.
Пред­став­ля­ют ор­га­ни­за­ции здра­во­охра­не­ния ми­ни­стерств, ве­домств, него­су­дар­ствен­ные ор­га­ни­за­ции здра­во­охра­не­ния.
Тап­сы­ру мер­зі­мі –есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі 25-қаң­тар
Срок пред­став­ле­ния – 25 ян­ва­ря по­сле от­чет­но­го пе­ри­о­да.
КҰЖЖ ко­ды
Код ОК­ПО
БСН ко­ды
код БИН
СТН ко­ды
РНН
ЖСН ко­ды
Код ИИН

1 1-бөлім. Денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі көрсеткіштері

1 Раздел 1. Основные показатели организации здравоохранения

0001 Медицина қызметкерлерінің саны
0001 Численность медицинского персонала
Жол ко­ды
Код стро­ки
Бар­лық дә­рі­гер­лер (қо­са ат­қа­ру бой­ын­ша қа­был­дан­ған дә­рі­гер­лер­ді қо­с­па­ған­да)
Все­го вра­чей (кро­ме вра­чей, при­ня­тых по сов­ме­сти­тель­ству)
Оның ішін­де әй­ел­дер
Из них жен­щи­ны
А
Б
1
2
Есеп­ті жыл­дың со­ңы­на бар­лық ма­ман­дық­та­ғы дә­рі­гер­лер­дің са­ны
ис­лен­ность вра­чей всех спе­ци­аль­но­стей на ко­нец от­чет­но­го го­да
01
одан: из них:
те­ра­пев­тік бағ­дар­да­ғы
те­ра­пев­ти­че­ско­го про­фи­ля
02
X
хи­рур­ги­я­лық бағ­дар­да­ғы
хи­рур­ги­че­ско­го про­фи­ля
03
X
пе­ди­атр­лар (нео­на­то­лог­тар­ды, же­дел және шұ­ғыл ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­те­тін пе­ди­атр-дә­рі­гер­лер­ді қо­са есеп­те­ген­де)
пе­ди­ат­ров (вклю­чая нео­на­то­ло­гов, вра­чей-пе­ди­ат­ров ско­рой и неот­лож­ной ме­ди­цин­ской по­мо­щи)
04
X
аку­шер-ги­не­ко­лог­тар (ба­ла­лар ги­не­ко­ло­гін қо­са есеп­те­ген­де)
аку­ше­ров-ги­не­ко­ло­гов (вклю­чая дет­ских ги­не­ко­ло­гов)
05
X
фти­зи­атр­лар
фти­зи­ат­ров
06
X
сто­ма­то­лог­тар
сто­ма­то­ло­гов
07
X
оф­таль­мо­лог­тар
оф­таль­мо­ло­гов
08
X
ото­ла­рин­го­лог­тар
ото­ла­рин­го­ло­гов
09
X
дер­ма­то­ве­не­ро­лог­тар (дер­ма­то­кос­ме­то­лог­тар­ды қо­са есеп­те­ген­де)
дер­ма­то­ве­не­ро­ло­гов (вклю­чая дер­ма­то­кос­ме­то­ло­гов)
10
X
пси­хи­атр­лар (нар­ко­лог­тар, пси­хо­те­ра­пев­тер, сек­со­па­то­лог­тар, ме­ди­ци­на­лық пси­хо­лог­тар, сот-пси­хи­ятри­я­лық са­рап­та­ма және сот-нар­ко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма дә­рі­гер­ле­рін қо­са есеп­те­ген­де)
пси­хи­ат­ров (вклю­чая нар­ко­ло­гов, пси­хо­те­ра­пев­тов, сек­со­па­то­ло­гов, ме­ди­цин­ских пси­хо­ло­гов, су­деб­но-пси­хи­ат­ри­че­ских экс­пер­тов, су­деб­но-нар­ко­ло­ги­че­ских экс­пер­тов)
11
X
нев­ро­па­то­лог­тар
нев­ро­па­то­ло­гов
12
X
өзге­ле­рі
про­чие
13
X
Ор­та ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­кер­ле­рі­нің са­ны
Чис­лен­ность сред­не­го ме­ди­цин­ско­го пер­со­на­ла
14

2 2-бөлім. Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі

2 Раздел 2. Деятельность организаций здравоохранения

0002 Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары
0002 Организации здравоохранения, оказывающие стационарную помощь
Жол ко­ды Код стро­ки
Ұй­ым­дар са­ны Чис­ло ор­га­ни­за-ций
Тө­сек-орын­дар са­ны Чис­ло ко­ек
Түс­кен на­у­қа­стар­дың са­ны Чис­ло по­сту­пив­ших боль­ных
На­у­қа­стар­дың өт­кіз­ген тө­сек-орын күн­де­рі, мың Про­ве­де­но боль­ны­ми кой­ко-дней, ты­сяч
Ау­ру­ха­на­лар­да­ғы күн­діз ем­де­ле­тін тө­сек-орын­дар Кой­ки днев­но­го пре­бы­ва­ния при ста­ци­о­на­рах
бар­лы­ғы все­го
одан ауыл­дық жер­ден из них из сель­ской мест­но­сти
бар­лы­ғы все­го
одан ауыл­дық жер­ден из них из сель­ской мест­но­сти
тө­сек-орын­дар са­ны чис­ло мест
ем­дел­ген на­у­қа­стар ле­чи­лось боль­ных
А
Б
1
2
3
4
5
6
7
8
Ста­ци­о­нар­лық кө­мек көр­се­те­тін ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры, бар­лы­ғы
Ор­га­ни­за­ции здра­во­охра­не­ния, ока­зы­ва­ю­щие ста­ци­о­нар­ную по­мощь, все­го
01
оның ішін­де:
в том чис­ле:
об­лы­стық ау­ру­ха­на­лар
об­ласт­ные боль­ни­цы
02
об­лы­стық ба­ла­лар ау­ру­ха­на­ла­ры
дет­ские об­ласт­ные боль­ни­цы
03
қа­ла­лық ау­ру­ха­на­лар
го­род­ские боль­ни­цы
04
қа­ла­лық ба­ла­лар ау­ру­ха­на­ла­ры
го­род­ские дет­ские боль­ни­цы
05
же­дел ме­ди­ци­на­лық жәр­дем ау­ру­ха­на­ла­ры
боль­ни­цы ско­рой ме­ди­цин­ской по­мо­щи
06
ере­сек­тер­ге ар­нал­ған жұқ­па­лы ау­ру ау­ру­ха­на­ла­ры ин­фек­ци­он­ные для взрос­лых
07
ба­ла­лар­ға ар­нал­ған жұқ­па­лы ау­ру ау­ру­ха­на­ла­ры
ин­фек­ци­он­ные для де­тей
08
ту­бер­ку­лез­ге қар­сы ар­нал­ған ау­ру­ха­на­лар
про­ти­во­ту­бер­ку­лез­ные боль­ни­цы
09
оф­таль­мо­ло­ги­я­лық ау­ру­ха­на­лар
оф­таль­мо­ло­ги­че­ские боль­ни­цы
10
қал­пы­на кел­ті­ру ем­деу және ме­ди­ци­на­лық оңал­ту ұй­ым­да­ры
ор­га­ни­за­ции вос­ста­но­ви­тель­но­го ле­че­ния и ме­ди­цин­ской ре­а­би­ли­та­ции
11
пси­хи­ат­ри­я­лық ау­ру­ха­на­лар
пси­хи­ат­ри­че­ские боль­ни­цы
12
нар­ко­ло­ги­я­лық және ма­ман­дан­ды­ры­л­ған нар­ко­ло­ги­я­лық ау­ру­ха­на­лар
нар­ко­ло­ги­че­ские и спе­ци­а­ли­зи­ро­ван­ные нар­ко­ло­ги­че­ские боль­ни­цы
13
аудан­дық ор­та­лық, аудан­дық ау­ру­ха­на­лар (ауыл­дық және ауыл­дық учас­ке­лік ау­ру­ха­на­лар­ды қо­с­па­ған­да)
цен­траль­ные рай­он­ные и рай­он­ные боль­ни­цы (без сель­ских и сель­ских участ­ко­вых боль­ниц)
14
ауыл­дық учас­ке­лік, учас­ке­лік ау­ру­ха­на­лар (дер­бес және аудан­дық ор­та­лық ау­ру­ха­на­ның құ­ра­мы­на кі­ре­тін ау­ру­ха­на­лар­ды қо­сқан­да)
сель­ские и сель­ские участ­ко­вые боль­ни­цы (са­мо­сто­я­тель­ные и вхо­дя­щие в со­став цен­траль­ной рай­он­ной боль­ни­цы)
15
пер­зент­ха­на­лар
ро­диль­ные до­ма
16
пе­ри­на­тал­дық және қай­та жаң­ғы­ру ор­та­лық­та­ры
пе­ри­на­таль­ные цен­тры, цен­тры ре­про­дук­ции че­ло­ве­ка
17
тө­се­гі бар дис­пан­сер­лер
дис­пан­се­ры, име­ю­щие кой­ки
18
пал­ли­а­тив­тік кө­мек және мей­ір­би­ке­лік кү­тім көр­се­те­тін ұй­ым­дар
ор­га­ни­за­ции, ока­зы­ва­ю­щие пал­ли­а­тив­ную по­мощь и сест­рин­ский уход
19
ста­ци­о­нар­лық кө­мек көр­се­те­тін рес­пуб­ли­ка­лық ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры (ғы­лы­ми-зерт­теу ин­сти­тут­та­рын, ғы­лы­ми ор­та­лық­тар мен жо­ғар­ғы оқу орын­да­ры­ның кли­ни­ка­ла­рын қо­сқан­да), бар­лы­ғы
рес­пуб­ли­кан­ские ор­га­ни­за­ции здра­во­охра­не­ния, ока­зы­ва­ю­щие ста­ци­о­нар­ную по­мощь (вклю­чая кли­ни­ки на­уч­но-ис­сле­до­ва­тель­ских ин­сти­ту­тов, на­ци­о­наль­ных цен­тров и выс­ших учеб­ных за­ве­де­ний), все­го
20
0003 Төсек қоры
0003 Коечный фонд
Жол ко­ды
Код стро­ки
Бар­лы­ғы
Все­го
Оның ішін­де ба­ла­лар­ға ар­нал­ған
Из них для де­тей
А
Б
1
2
Ау­ру­ха­на тө­сек-ор­ны, бар­лы­ғы
Боль­нич­ных ко­ек, все­го
01
оның ішін­де:
в том чис­ле:
те­ра­пев­тік бағ­дар­да­ғы на­у­қа­стар­ға ар­нал­ға­ны
для боль­ных те­ра­пев­ти­че­ско­го про­фи­ля
02
хи­рур­ги­я­лық бағ­дар­да­ғы
хи­рур­ги­че­ско­го про­фи­ля
03
он­ко­ло­ги­я­лық (ра­дио­ло­ги­я­лық­ты қо­са)
он­ко­ло­ги­че­ских (вклю­чая ра­дио­ло­ги­че­ских)
04
ги­не­ко­ло­ги­я­лық ( тү­сік жа­сай­тын тө­сек-орын­ды қо­са)
ги­не­ко­ло­ги­че­ских (вклю­чая кой­ки для про­из­вод­ства абор­тов)
05
ту­бер­ку­лез­дік
ту­бер­ку­ле­зом
06
жұқ­па­лы
ин­фек­ци­он­ных
07
оф­таль­мо­ло­ги­я­лық
оф­таль­мо­ло­ги­че­ских
08
ото­ла­рин­го­ло­ги­я­лық
ото­ла­рин­го­ло­ги­че­ских
09
дер­ма­то­ве­не­ро­ло­ги­я­лық
дер­ма­то-ве­не­ро­ло­ги­че­ских
10
пси­хи­ат­ри­я­лық (пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық, пси­хо­те­ра­пев­тік)
пси­хи­ат­ри­че­ских (пси­хо­нев­ро­ло­ги­че­ских, пси­хо­те­ра­пев­ти­че­ских)
11
нар­ко­ло­ги­я­лык
нар­ко­ло­ги­че­ских
12
нев­ро­ло­ги­я­лык
нев­ро­ло­ги­че­ских
13
жүк­ті және боса­на­тын әй­ел­дер (жүк­ті­лік па­то­ло­ги­я­сын қо­са)
бе­ре­мен­ных жен­щин и ро­же­ниц (вклю­чая па­то­ло­гию бе­ре­мен­но­сти)
14
пе­ди­ат­ри­я­лық
пе­ди­ат­ри­че­ские
15
жал­пы тө­сек-орын
об­щих ко­ек
16
ток­си­ко­ло­ги­я­лық
ток­си­ко­ло­ги­че­ских
17
леп­ро­ло­ги­я­лық
леп­ро­ло­ги­че­ских
18
мей­ір­би­ке­лік
кү­тім­сест­рин­ско­го ухо­да
19
пал­ли­а­тив­тік кө­мек
пал­ли­а­тив­ной по­мо­щи
20
қал­пы­на кел­ті­ру емі және ме­ди­ци­на­лық оңал­ту
для вос­ста­но­ви­тель­но­го ле­че­ния и ме­ди­цин­ской ре­а­би­ли­та­ции
21
0004 Амбулаториялық - емханалық ұйымдар
0004 Амбулаторно-поликлинические организации
Көр­сет­кіш­тер
По­ка­за­те­ли
Жол ко­ды
Код стро­ки
Ұй­ым­дар са­ны
Чис­ло ор­га­ни­за­ций
одан ауыл­дық жер­лер­де ор­на­ласқан­да­ры
из них рас­по­ло­жен­ные в сель­ской мест­но­сти
Ам­бу­ла­то­ри­я­лық ем­ха­на­лық ұй­ым­дар­дың бір ауы­сым­да қа­был­дау қу­ат­ты­лы­ғы
Мощ­ность ам­бу­ла­тор­но- по­ли­кли­ни  чес­ких ор­га­ни­за­ций, по­се­ще­ний в сме­ну
Дә­рі­гер­лер­дің қа­был­дау са­ны (үй­де­гі­ле­рін қо­са ал­ған­да), мың
Чис­ло по­се­ще­ний у вра­чей (вклю­чая по­се­ще­ния на до­му), ты­сяч
Ам­бу­ла­то­ри­я­лық ем­ха­на­лық ұй­ым­дар­дың жа­нын­да­ғы күн­діз­гі ста­ци­о­нар­лар
Днев­ные ста­ци­о­на­ры при ам­бу­ла­тор­но- по­ли­кли­ни­че­ских ор­га­ни­за­ци­ях
бар­лы­ғы
все­го
одан ауыл­дық жер­лер­де
из них из сель­ской мест­но­сти
орын­дар са­ны
чис­ло мест
ем­дел­ген сыр­қат­тар
ле­чи­лось боль­ных
А
Б
1
2
3
4
5
6
7
Tic ем­ха­на­ла­рын қо­са ал­ған­да ам­бу­ла­то­ри­я­лық-ем­ха­на­лық ұй­ым­дар ( дер­бес және бас­қа ұй­ым­дар­дың құ­ра­мы­на кі­ре­тін ұй­ым­дар), бар­лы­ғы
Ам­бу­ла­тор­но-по­ли­кли­ни­че­ские ор­га­ни­за­ции, вклю­чая сто­ма­то­ло­ги­че­ские по­ли­кли­ни­ки (са­мо­сто­я­тель­ные и вхо­дя­щие в со­став дру­гих ор­га­ни­за­ций), все­го
01
оның ішін­де:
в том чис­ле:
02
дер­бес ам­бу­ла­то­ри­я­лық-ем­ха­на­лық ұй­ым­дар, бар­лы­ғы
са­мо­сто­я­тель­ные ам­бу­ла­тор­но-по­ли­кли­ни­че­ские ор­га­ни­за­ции, все­го
оның ішін­де:
в том чис­ле:
ем­ха­на­лар
по­ли­кли­ни­ки
03
ба­ла­лар ем­ха­на­ла­ры
дет­ские по­ли­кли­ни­ки
04
кон­суль­та­тив­тік-ди­а­гно­сти­ка­лық ем­ха­на­лар мен ор­та­лық­тар
кон­суль­та­тив­но-ди­а­гно­сти­че­ские по­ли­кли­ни­ки и цен­тры
05
ор­та­лық аудан­дық ем­ха­на­лар
цен­траль­ные рай­он­ные по­ли­кли­ни­ки
06
аудан­дық ем­ха­на­лар
рай­он­ные по­ли­кли­ни­ки
07
ауыл­дық ем­ха­на­лар
сель­ские по­ли­кли­ни­ки
08
әй­ел­дер кон­суль­та­ци­я­ла­ры
жен­ские кон­суль­та­ции
09
ба­стап­қы ме­ди­ци­на­лық-са­ни­тар­лық кө­мек ор­та­лық­та­ры
цен­тры пер­вич­ной ме­ди­ко-са­ни­тар­ной по­мо­щи
10
дә­рі­гер­лік ам­бу­ла­то­ри­я­лар
вра­чеб­ные ам­бу­ла­то­рий
11
сто­ма­то­ло­ги­я­лық ем­ха­на­лар
сто­ма­то­ло­ги­че­ские по­ли­кли­ни­ки
12
дер­бес сто­ма­то­ло­ги­я­лық ка­би­нет­тер
са­мо­сто­я­тель­ные сто­ма­то­ло­ги­че­ские ка­би­не­ты
13
х
х
х
ЖҚТБ-ның ал­дын алу және оған қар­сы кү­рес ор­та­лық­та­ры
цен­тры по про­фи­лак­ти­ке и борь­бе со СПИД
14
дис­пан­сер­лер (тө­сек-орын­сыз)
дис­пан­се­ры (без ко­ек)
15
ау­ру­ха­на­лық және ам­бу­ла­то­ри­я­лық-ем­ха­на­лық ұй­ым­дар­дың құ­ра­мы­на кі­ре­тін ам­бу­ла­то­ри­я­лық-ем­ха­на­лық бө­лім­ше­лер
ам­бу­ла­тор­но-по­ли­кли­ни­че­ские от­де­ле­ния, вхо­дя­щие в со­став боль­нич­ных ор­га­ни­за­ций и ам­бу­ла­тор­но-по­ли­кли­ни­че­ские ор­га­ни­за­ции
16
оның ішін­де:
в том чис­ле:
ау­ру­ха­на­лық ұй­ым­дар­дың құ­ра­мы­на кі­ре­тін дә­рі­гер­лік ам­бу­ла­то­ри­я­лар
вра­чеб­ные ам­бу­ла­то­рии в со­ста­ве боль­нич­ных ор­га­ни­за­ции
17
ам­бу­ла­то­ри­я­лық-ем­ха­на­лық ұй­ым­дар­дың құ­ра­мы­на кі­ре­тін дә­рі­гер­лік ам­бу­ла­то­ри­я­лар
вра­чеб­ные ам­бу­ла­то­рии в со­ста­ве ам­бу­ла­тор­но-по­ли­кли­ни­че­ских ор­га­ни­за­ций
18
ау­ру­ха­на­лық ұй­ым­дар­дың құ­ра­мы­на кі­ре­тін ам­бу­ла­то­ри­я­лық-ем­ха­на­лық бө­лім­ше­лер
ам­бу­ла­тор­но-по­ли­кли­ни­че­ские от­де­ле­ния в со­ста­ве боль­нич­ных ор­га­ни­за­ции
19
ау­ру­ха­на­лық ұй­ым­дар­дың құ­ра­мы­на кі­ре­тін ам­бу­ла­то­ри­я­лық-ем­ха­на­лық бө­лім­ше­лер
ам­бу­ла­тор­но-по­ли­кли­ни­че­ские от­де­ле­ния в со­ста­ве боль­нич­ных ор­га­ни­за­ции
20
бас­қа ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның құ­ра­мы­на кі­ре­тін сто­ма­то­ло­ги­я­лық бө­лім­ше­лер (ка­би­нет­тер)
сто­ма­то­ло­ги­че­ские от­де­ле­ния (ка­би­не­ты), в со­ста­ве дру­гих ор­га­ни­за­ций здра­во­охра­не­ния
21
0005 Басқа медициналық ұйымдар
0005 Другие медицинские организации
Жол ко­ды
Код стро­ки
Ұй­ым­дар са­ны
Чис­ло ор­га­ни­за­ций
Орын­дал­ған ша­қыр­ту­лар­дың са­ны
Чис­ло вы­пол­нен­ных вы­зо­вов
Ам­бу­ла­то­ри­я­лық кө­мек көр­се­ті­л­ген адам­дар­дың са­ны
Чис­ло лиц, ко­то­рым ока­за­на по­мощь ам­бу­ла­тор­но
А
Б
1
2
3
Же­дел ме­ди­ци­на­лық жәр­дем стан­ци­я­ла­ры
Стан­ции ско­рой ме­ди­цин­ской по­мо­щи
01
Бас­қа ұй­ым­дар­дың құ­ра­мы­на кі­ре­тін же­дел ме­ди­ци­на­лық жәр­дем бө­лім­ше­ле­рі стан­ци­я­ла­ры
Стан­ции (от­де­ле­ния) ско­рой ме­ди­цин­ской по­мо­щи, вхо­дя­щие в со­став дру­гих ор­га­ни­за­ций
02
Са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық ұй­ым­дар, бар­лы­ғы
Са­ни­тар­но-эпи­де­мио­ло­ги­че­ские ор­га­ни­за­ции, все­го
03
х
х
со­ның ішін­де:
в том чис­ле:
мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау бас­қар­ма­ла­ры
управ­ле­ния го­су­дар­ствен­но­го са­ни­тар­но-эпи­де­мио­ло­ги­че­ско­го над­зо­ра
04
х
х
мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау ор­та­лық­та­ры
цен­тры го­су­дар­ствен­но­го са­ни­тар­но-эпи­де­мио­ло­ги­че­ско­го над­зо­ра
05
х
х
дез­ин­фек­ци­я­лық стан­ци­я­лар
дез­ин­фек­ци­он­ные стан­ции
06
х
х
оба­ға қар­сы стан­ци­я­лар
про­ти­во­чум­ные стан­ции
07
х
х
Рес­пуб­ли­ка­лық са­ни­тар­лық эпи­де­мие­о­ло­ги­я­лық стан­ция
Рес­пуб­ли­кан­ская са­ни­тар­но-эпи­де­мио­ло­ги­че­ская стан­ция
08
х
х
Ғы­лы­ми ор­та­лық­тар
На­уч­ные цен­тры
09
х
х
Қан ор­та­лық ұй­ым­да­ры
Ор­га­ни­за­ции служ­бы кро­ви
10
х
х
Са­ла­у­ат­ты өмір сал­тын қа­лып­та­сты­ру ор­та­лық­та­ры
Цен­тры фор­ми­ро­ва­ния здо­ро­во­го об­ра­за жиз­ни
11
х
х
Сот ме­ди­ци­на­сы ор­та­лы­ғы (бю­ро­сы)
Цен­тры (бю­ро) су­деб­ной ме­ди­ци­ны
12
х
х
Па­то­ло­го­ана­то­ми­я­лық бю­ро
Па­то­ло­го­ана­то­ми­че­ское бю­ро
13
Апат­тар ме­ди­ци­на­сы ор­та­лы­ғы
Центр ме­ди­ци­ны ка­та­строф
14
Ме­ди­ци­на­лық пункт­тер (фель­шер­лік-аку­шер­лік пунк­тер, фель­шер­лік пунк­тер)
Ме­ди­цин­ские пунк­ты (фельд­шер­ско-аку­шер­ские пунк­ты, фельд­шер­ские пунк­ты)
15
х
х
Рес­пуб­ли­ка­лық ақ­па­рат­тық-тал­дау ор­та­лық­та­ры, фи­ли­ал­да­ры
Рес­пуб­ли­кан­ский ин­фор­ма­ци­он­но-ана­ли­ти­че­ский центр, фи­ли­а­лы
16
0006 Балалар үйі
0006
Жол ко­ды
Код стро­ки
Ұй­ым­дар са­ны
Чис­ло ор­га­ни­за­ций
Ба­ла­лар үй­ін­де­гі орын­дар са­ны
Чис­ло мест в до­ме ре­бен­ка
Жыл ая­ғын­да­ғы ба­ла­лар са­ны
Чис­ло де­тей на ко­нец го­да
Одан қыз ба­ла­лар
Из них де­во­чек
Ба­ла­лар­дың жал­пы са­ны­нан мы­на жас­та­ғы­лар
Из об­ще­го чис­ла де­тей в воз­расте
Дом ре­бен­ка Жыл ішін­де түс­кен ба­ла­лар са­ны
Чис­ло де­тей, по­сту­пив­ших в те­че­ние го­да
Түс­кен­дер са­ны­нан же­тім­дер мен ата - ана­сы­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған­дар
Из чис­ла по­сту­пив­ших, си­ро­ты и остав­ши­е­ся без по­пе­че­ния ро­ди­те­лей
1 жас­қа дей­ін
до 1 го­да
1-3 жас
1-3 го­да
3 жас және одан жо­ға­ры
3 го­да и стар­ше
А
1
2
3
4
5
6
7
8
9
01
0007 Санаториялық-сауықтыру және оңалту ұйымдары
0007 Санаторно-оздоровительные и реабилитационные организации
Жол ко­ды
Код стро­ки
Ұй­ым­дар са­ны
Чис­ло ор­га­ни­за­ций
Ең көп қа­был­да­ған ай­да­ғы тө­сек - орын са­ны
Чис­ло ко­ек в ме­сяц мак­сиҒ­маль­но­го раз­вер­ты­ва­ния
Бір жыл­да ем­дел­ген­дер (де­мал­ған­дар) са­ны - бар­лы­ғы, адам
Чис­лен­ность ле­чив­ших­ся (от­дох­нув­ших) за год - все­го, че­ло­век
Одан әй­ел­дер
Из них жен­щин
Жал­пы са­ны­нан мы­на жас­та­ғы­лар
Из об­ще­го чис­ла в воз­расте
30 жас­қа дей­ін
до 30 лет
30-49 жас
30-49 лет
50-54 жас
50-54 го­да
55-59 жас
55-59 лет
60-64 жас
60-64 го­да
65-69 жас
65-69 лет
70 жас және одан жо­ға­ры
70 лет и стар­ше
А
Б
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Бар­лы­ғы
Все­го
01
оның ішін­де:
в том чис­ле:
ере­сек­тер­ге ар­нал­ған
для взрос­лых
02
ба­ла­лар­ға ар­нал­ған
для де­тей
03
Атауы Мекен-жайы
Наименование _____________________         Адрес ____________________
______________________________             Тел.: ____________________
Электрондық почта мекен-жайы
Адрес электронной почты
__________________________
Орындаушының аты-жөні және телефоны _____________________________
Фамилия и телефон исполнителя _______________________________________
Басшы                         _______________________________________
Руководитель                             (Аты-жөні, тегі, қолы)
(Ф.И.О., подпись)
Бас бухгалтер                _______________________________________  Главный бухгалтер                         (Аты-жөні, тегі, қолы)
(Ф.И.О., подпись)

2 «Денсаулық сақтау саласындағы желілер, кадрлар және қызметтер туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7011204, индексі 1-денсаулық, кезеңділігі жылдық) толтыру жөніндегі нұсқаулық

Қазақстан Республикасының
Статистика агенттігі төрағасының
2011 жылғы 15 наурыздағы
№ 73 бұйрығына
2-қосымша
«Денсаулық сақтау саласындағы желілер, кадрлар және қызметтер туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7011204, индексі 1-денсаулық, кезеңділігі жылдық) толтыру жөніндегі нұсқаулық

1

1. Осы Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Денсаулық сақтау саласындағы желілер, кадрлар және қызметтер туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7011204, индексі 1-денсаулық, кезеңділігі жылдық) толтыру тәртібін нақтылайды.

2 2. Есепті осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес халыққа медициналық қызмет көрсету ұйымдарымен құрастырылады:

барлық меншік нысанындағы, ведомстволық тиістіліктегі дербес медициналық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері;
негізгі ұйымнан бөлек болатын, медициналық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері;
министрліктің, ведомстволардың медициналық қызметтері;
әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелері;
медициналық ғылыми-зерттеу институттары;
кадрларды даярлау жөніндегі ұйымдар;
денсаулық сақтау органдарын басқару аппараттары;
санитариялық-эпидемиологиялық ұйымдар.
Есеп алғашқы есептік құжаттамалардың негізінде толтырылады.

3 3. Заңды тұлға басқа облыстардың аумағында орналасқан және мемлекеттік статистиканың аумақтық тұрған жеріндегі есеп беретін өзінің құрылымдық бөлімшелері мен оқшауланған бөлімшелер бойынша деректерсіз өзінің орналасқан жері бойынша статистикалық нысанды ұсынады.

4 4. 1-бөлімнің 0001 «Медициналық қызметкерлердің саны» кестесін меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар толтырады.

Медициналық кадрлар бойынша мәліметтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 742 бұйрығымен бекітілген «Медициналық және фармацевтикалық кадрлар туралы есеп» 17-нысан бойынша денсаулық сақтау органы ұсынған деректерге сәйкес келеді (бұдан әрі – 17-нысан).
Есепте медицина қызметкерлерінің сандық құрамы, яғни шетелдік іссапарлардағы, декреттік демалыстағы, ұзақ уақыт бойы ауырған негізгі жұмыстағы және оларды алмастыру үшін уақытша қабылданған, бұл қызметкерлер басқа ұйымдардың тізімдерінде тұрмаған жағдайда көрсетіледі.
Дәрігерлердің санына емдеудегі, санитарлық ұйымдардағы, әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерінде, медициналық ғылыми-зерттеу институттарындағы, сондай-ақ кадрларды даярлау ұйымдарындағы, денсаулық сақтау органдарының аппаратында жұмыс істейтін жоғары медициналық білімі бар барлық дәрігерлер қамтылады.
Мамандықтары бойынша дәрігерлерді есепке алу үшін мынандай ірі жіктемелер ұсынылады:

1 1) терапия бейініндегі дәрігерлер санына:

терапевттер (жасөспірімдер терапевті, жедел және шұғыл жәрдем дәрігерлері, диетологтар) кардиологтар, эндокринологтар, аллергологтар және иммунологтар, гематолгтар, медициналық оңалту және қалпына келтіре емдеу дәрігерлері, (физиотерапевтар, емдік-денешынықтыру дәрігерлері), инфекционистер, ревматологтар, кардиоревматологтар, гастроэтерологтар, пульмонологтар, нефрологтар, генетиктер, функционалды диагностика бойынша дәрігерлер, рефлексотерапия, су-джок терапия, гомеопатия, гирудотерапия, фитотерапия) кіреді;

2 2) хирургиялық бейінді дәрігерлер санына:

хирургтар (торакальдық, абдоминалды хирургтар, трансплантологтар, колопроктологтар), балалар хирургі, ангиохирургтар, пластикалық хирургтар, травматологтар-ортопедтер (камбустиологтарды қоса алғанда), анестезиологтар-реаниматологтар, урологтар және андрологтар, нейрохирург, бет-жақ хирургтары, кардиохирургтар;
фтизиатрлар;
невропатологтар;
наркологтарды, психотерапевттерді, сексопатологтарды, медициналық психологтарды, сот-психиатриялық сарапшыларды, сот-норкологиялық сарапшыларды қоса алғанда психиатрлар;
офтальмологтер;
отоларингологтер;
неонтологтар, жедел және шұғыл медициналық жәрдем педиатр дәрігерлерін қоса алғанда, педиатрлар;
балалар гинекологтарын қоса алғанда акушер-гинекологтар;
дерматокосметологтерді қоса алғанда дерматовенерологтар;
стоматологтар,
басқа да дәрігерлік мамандықтар кіреді.
Орта медицина қызметкерлерінің жалпы санына медициналық ұйымдарда жұмыс істейтін орта медициналық білімі бар барлық жеке тұлғалар кіреді.

5

5. 2-бөлімде «Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі» әрбір ұйым оның үлгісіне сәйкес келетін кестені толтырады: «Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары» 0002-кестесін немесе «Амбулаториялық - емханалық ұйымдар» 0004-кестесін. Егер стационарлық немесе амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін қандайда бір үлгідегі денсаулық сақтау ұйымына кесте қарастырылмаған жағдайда олардың көрсеткіштері бойынша бар деректер тек қана 0002 немесе 0004 кестелерінің негізгі жолына енгізіледі.
0002-кестесін толтыру кезінде 3-бағанда стационарға жаңадан келіп түскен науқастардың саны, 4-бағанда - ауылдық жерде тұратын науқастардың саны көрсетіледі.
«Науқастардың өткізген төсек-күндері» 5-бағандағы ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 22 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген «Стационар, бөлімше және төсек бейіні бойынша науқастардың қозғалыстарын және төсек қорын есепке алудың жиынтық ведомості» деген № 016/е нысаны негізінде қалыптасады.

6 6. «Төсек қоры» 0003-кестені толтыру кезінде ересектер үшін де, балалар үшін де мынандай іріленген жіктеме қолданылады:

терапиялық бейін науқастары үшін (02-жол) - терапиялық, кардиологиялық, ревматологиялық, гастроэнтерологиялық, аллергологиялық, эндокринологиялық, гематологиялық, нефрологиялық, пульмонологиялық науқастар үшін төсектер;
хирургиялық бейін науқастары үшін (03-жол)- хирургиялық, нейрохирургиялық, нейротамырлық, кардиохирургиялық, травматологиялық, ортопедиялық, урологиялық, іріңдік, торакалдық, тамырлық, жақ-бет, проктологиялық және күйік науқастар үшін төсектер;
жалпы төсектер (16-жол)- мамандандырылмаған төсектер;
науқас балалар үшін (2-бағанда) балаларды емдеуге арналған барлық бейін төсектері.
қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту үшін (21-жол) стационарда қандай бейіндер ашылғанына қармастан «Қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарына» жататын ұйымдардың төсектерін көрсетіледі.

7

7. «Амбулаториялық-емханалық ұйымдар» 0004-кестесін толтыру кезінде халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін, дәрігерлік ұйымдардың санына амбулаториялық қабылдау жүргізетін барлық медициналық ұйымдар (емханалар, амбулаториялар, диспансерлер, ауруханалық ұйымдардың емхана бөлімдері, дәрігерлік амбулаториялар және басқа дәрігерлік ұйымдар) кіреді.
Жеке тәжірибелейтін дәрігерге қаралу саны осы кестенің 01 жолында көрсетіледі.
Егер ұйымның өзінің құрылымында стоматологиялық бөлімшесі (кабинет) болса, онда стоматологиясыз қаралулар көрсетіледі, стоматологиялық қызмет бойынша қызмет «денсаулық сақтау ұйымдарының басқа құрамындағы стоматологиялық бөлімше (кабинеттер)» 20-жол бойынша көрсетіледі.
Амбулаториялық-емханалық ұйымдар (бөлімшелер) жоспарлы қуаты – бір ауысымдағы дәрігерлерлік қабылдау саны «Амбулаториялық-емханалық ұйымдар қуаты (бөлімшелер, кабинеттер)» көрсеткіштерін толтыру үшін негіз болып табылады. «Бір ауысымдағы қабылдаулардағы» жобалық қуат көрсетілген үлгі немесе жеке жоба бойынша салынған ұйымдар үшін жоспарлы қуат тең жобада қабылданады. Егер жобалық қуат күніне қаралу санымен айқындалса, онда жоспарлы қуат жобалықтан 60% теңдікте қабылданады. Жобаның құжаттамасы болмаған жағдайда жоспарлы қуат есеппен анықталады: жылына қаралудың жалпы саны – емхана 307 күн жұмыс істеген және барлық қаралу 1 ауысымға есептегенде барлық қаралудың 60% жағдайында ауысымдық жылдық көрсеткіштер санын қайта есептеу коэффиценті 512-ге бөлінеді, немесе жыл бойы дәрігерлер жасаған қараулардың жалпы саны (307 күн) жылына емханалық ұйымдардың жұмыс күні санына бөлінеді және бірінші ауысымға келетін (60%) үлес салмағына (қаралу пайызы) көбейтіледі.
«Басқа медициналық ұйымдар» 0005 және «Балалар үйі» 0006-кестелері алғашқы дәрігерлік құжаттаманың мәліметі бойынша толтырылады.

8 8. «Басқа медициналық ұйымдардың» 0005-кестесінде 09-жол бойынша - клиникалары жоқ ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындары бойынша ақпарат көрсетіледі.

9 9. «Балалар үйі» 006-кестесінде жоспарлы орын саны және жылдың аяғындағы осы балалар үйіндегі тіркелген балалар саны көрсетіледі.

10 10. «Санаторийлік-сауықтыру және оңалту ұйымдары» 0007-кестесі дербес немесе меншік нысандарына қармастан ұйымдардың, министрліктердің, ведомстволардың, концерндер мен қауымдастықтардың, жыл бойғы және маусымдық ұйымдардың қарамағындағы ұйымдар толтырады.

2-бағанда палаталарды тығыздау мен сметадан тыс демалыс ұйымдарының жеке үйлерде жалдаған верандаларда ашылған төсектер мен орындарды қоспағанда бір айда ең көп ашылған төсектер саны көрсетіледі.
3-бағанда есепті жылы емделген және дем алған, кеткен адамдардың- оларға берілген жолдамалардың жалпы санынан жас тобына қарай жеке адамдардың саны толтырылады.

11 11. Арифметикалық-логикалық бақылау:

1 1) 1-бөлімнің «Медицина қызметкерлерінің саны» 0001-кестесі:

01-жол > 02-13 жолдардың қосындысына (әр баған үшін);
1-баған > 2-бағанына (әр жол үшін);
1-бағанының 01-жолы = 17-нысанның 1000-кестесі 1- бағанының 1-жолына;
2-бағанының 01-жолы = 17-нысанның 1000-кестесі 2-бағанының 2-жолына;
1-бағанының 01-жолы = 1 және 2-бағандары 03-13 жолдардың қосындысына;
1- бағанының 14-жолы = 17-нысанның 1001-кестесі 1-бағанының 1-жолына;
2-бағанының 14-жолы = 17-нысанның 1001-кестесі 1-бағанының 2-жолына;

2 2) 2-бөлімнің «Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары» 0002-кестесі:

01 жол = 2-20 жолдардың қосындысына (әр баған үшін);
ұйымдардың әрбір түрі бойынша (жолдар бойынша):
2-баған = 301-нысанның 3100-кестесі 1-бағанының 101-жолына;
3-бағаны = 301-нысанның 3100-кестесінің 3-бағанының 101-жолына;
4-бағаны = 301-нысанның 3100-кестесінің 4-бағанының 101- жолына;
5-бағаны = 301-нысанның 3100-кестесінің 8-бағанының 101-жолына;
6-бағаны = 301-нысанның 3100-кестесінің 9-бағанының 101-жолына;
7-баған = 301-нысанының 1006-кестесі 2-бағанының 1-5 жолдардың қосындысына;
8-бағаны = 301-нысанының 1006-кестесі 4-бағананың 1-5 жолдардың қосындысына;

3 3) 2-бөлімнің «Төсек қоры» 0003-кестесі:

1-бағанының 01-жолы = 1-бағанының 2-21 жолдардың қосындысына;
1-бағанының 01-жолы = 301-нысанның 1-бағанының 101- жолына;
2-бағанының 1-жолы = 2-бағанының 2-21 жолдардың қосындысына;

4 4) 2-бөлімнің «Амбулаториялық - емханалық ұйымдар» 0004-кестесі:

01-жол = 02,16 жолдардың қосындысына;
02-жол = 03-15 жолдардың қосындысына;
16-жол = 17-20 жолдардың қосындысына (әр баған үшін);
әр ұйымдардың түрлері бойынша: 3-баған бойынша 1-20 жолдардың мағынасы = 301-нысанның 1010-кестенің әрбір пункті бойынша мағынасына: 1-емхана, 2-балалар емханасы, 3-әйелдер консультациясы, 4-диспансер;
4-бағанның 1-20 жолдары = ұйымдардың тиісті түрлері бойынша 301-нысанның 2100-кестенің 1-жолы бойынша 1, 5 бағандардың қосындысына;
6-баған = 301-нысанның 1006-кестесінің 2-бағанына;
7-баған = 301-нысаның 1006- кестесінің 4-бағанына;

5 5) 2-бөлімінің «Басқа медициналық ұйымдар» 0005-кестесі:

2, 3 бағандар = 402 нысанының 2100-кестесі 1-бағанның 01-жолына және 2300 кестесі 1-бағанына сәйкес;

6 6) 2 бөлімнің «Балалар үйі» 0006-кестесі:

01-жолы бойынша барлық бағандар 413-нысанның 2140, 2130 және 2120-кестелерінің деректеріне сәйкес тең болады;

7 7) 2-бөлімнің «Қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдары» 0007-кестесі:

01-жол = әр бағанның 02, 03 жолдардың қосындысына;
3-баған (әр жол үшін) = 5-11 бағандардың қосындысына;
2-бағанның 3-жолы = 444-нысанның 2-кестесі 2-бағанның 1-жолына;
3-бағанның 3-жолы = 444-нысанның 3-кестесі 1-бағанның 1-жолына;
4-бағанның 3-жолы = 444-нысанының 3-кестесі 2-бағанның 1-жолына;
5-11-бағандарының 3-жолы = 444-нысанның 3-кестесі 1-бағанның 1-5 жолдарына;
2-бағанның 3-жолы = 455-нысанның 2-кестесі 2- бағанның 1-жолына;
3-бағанның 3-жолы = 455-нысанның 2-кестесі 4-бағанның 1-жолына;
4-бағанның 3-жолы = 455-нысанның 2-кестесінің 5-бағанның 1-жолына.
______________________________________
1Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 742 бұйрығымен бекітілген «Медициналық ұйымдардың есебі» 30-нысан - (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімде № 6586 тіркелген);
2Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 742 бұйрығымен бекітілген «Медициналық жедел жәрдем ұйымдарының есебі» 40-нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімде № 6586 тіркелген);
3Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 742 бұйрығымен бекітілген «Балалар үйінің есебі» 41-нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімде № 6586 тіркелген);
4Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 742 бұйрығымен бекітілген «Ересектерге арналған туберкулез санаторийлерінің есебі» 44-нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімде № 6586 тіркелген);
5Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 742 бұйрығымен бекітілген «Ересектерге арналған туберкулез санаторийлерінің есебі» 45-нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімде № 6586 тіркелген).

2.1 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативi1

«Денсаулық сақтау саласындағы
желілер, кадрлар және қызметтер
туралы есеп» ведомстволық
статистикалық бақылау
статистикалық нысанын (коды
7011204, индексі 1-денсаулық,
кезеңділігі жылдық) толтыру
бойынша Нұсқаулыққа қосымша
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативi1

1 1. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары:

1 1) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары:

аудандық емхана (бұдан әрi - АЕ) тұрғын халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан асатын аудан орталығында құрылады және консультациялық-диагностикалық бөлiмшенi, жалпы практика және (немесе) учаскелiк қызмет бөлiмшесiн, жедел медициналық жәрдем станциясын (бөлiмшесiн), сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететiн мынадай құрылымдық бөлiмшелердi қамтиды:медициналық пункт бекiтiлген халқының саны 50 (елу) адамнан 800 (сегiз жүз) адамға дейiнгi ауылдық елдi мекендерде (бұдан әрi - АЕМ) құрылады;
фельдшерлiк-акушерлiк пункт бекiтiлген халқының саны 800 (сегiз жүз) адамнан 2000 (екi мың) адамға дейiнгi АЕМ-де құрылады;
дәрiгерлiк амбулатория бекiтiлген халқының саны 2000 (екi мың) адамнан 10000 (он мың) адамға дейiнгi АЕМ-де құрылады;
ауылдық емхана тiркелген халқының саны 10000 (он мың) адам және одан жоғары, халқы жинақы орналасқан АЕМ-де құрылады.
Тұрғын халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан кем аудан орталығында аудандық орталық аурухананың құрылымдық бөлiмшесi ретiнде АЕ құрылады.
Қалалық емхана (бұдан әрi - ҚЕ) бекiтiлген тұрғын халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан асатын қалаларда, бiрақ кемiнде бiр ҚЕ құрылады және консультациялық-диагностикалық бөлiмшенi, жалпы практика бөлiмшесiн және (немесе) учаскелiк қызмет бөлiмшесiн қамтиды;
дәрiгерлiк амбулатория климаттық-географиялық жағдайларды қоса алғанда, жергiлiктi ерекшелiктердi ескере отырып, бекiтiлген тұрғын халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан кем қалаларда ҚЕ-ның құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады.
Республикалық маңызы бар қалада және астанада дәрiгерлiк амбулатория бекiтiлген тұрғын халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан кем дербес заңды тұлға ретiнде құрылады;

2 2) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары:

консультациялық-диагностикалық орталық республикалық маңызы бар қалада және астанада дербес заңды тұлға ретiнде құрылады.
Облыс орталықтарында консультациялық-диагностикалық орталық облыстық аурухананың құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады.

2 2. Стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары:

1 1) аудандық орталық аурухана (бұдан әрi - АОА) аудан орталығында құрылады және құрамына балалар, босандыру, бейiндi және инфекциялық аурулар бөлiмшелерi, сондай-ақ ауылдық аурухана құрылым ретiнде кiретiн көп бейiндi стационар түрiнде ұсынылған.

Ауылдық аурухана климаттық-географиялық жағдайларды қоса алғанда, жергiлiктi ерекшелiктердi ескере отырып, тұрғын халқының саны 5000 (бес мың) адамнан кем болмайтын шалғай АЕМ-де АОА құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады;

2 2) ауданаралық аурухана тұрғын халқының саны 20000 (жиырма мың) адамнан кем бiрнеше аудан үшiн АЕМ-нiң бiрiнде құрылады;

3 3) қалалық аурухана (бұдан әрi - ҚА) қалаларда (аудан орталығын қоспағанда) құрамына балалар, босандыру, бейiндi және инфекциялық аурулар бөлiмшелерi құрылым ретiнде кiретiн көп бейiндi стационар түрiнде құрылады;

4 4) қалалық балалар ауруханасы тұрғын халқының саны 100000 (бiр жүз мың) адамнан астам қалаларда құрамына бейiндi және жұқпалы аурулар бөлiмшелерi құрылым ретiнде кiретiн көп бейiндi стационар түрiнде құрылады.

Тұрғын халқының саны 100000 (бiр жүз мың) адамнан кем қалаларда ҚА-ның жанынан балалар бөлiмшесi құрылады;

5

5) облыстық аурухана құрамына консультациялық-диагностикалық, босандыру, жұқпалы аурулар және соматикалық бөлiмшелер, пациенттiң тұрғын жерiндегi медициналық жабдықтың болмауына немесе медициналық ұйымда тиiстi бiлiктiлiгi бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкiн болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету бөлiмшесi (санитариялық авиация) құрылым ретiнде кiретiн көп бейiндi стационар ретiнде құрылады;

6 6) облыстық балалар ауруханасы құрамына бейiндi және инфекциялық аурулар бөлiмшелерi құрылым ретiнде кiретiн көп бейiндi стационар ретiнде құрылады;

7 7) инфекциялық аурухана республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;

8 8) перинаталдық орталық облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада, астанада құрылады;

9 9) туберкулезге қарсы аурухана (диспансер) аудандық және облыстық деңгейлерде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;

10 10) онкологиялық аурухана (диспансер) облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;

11 11) наркологиялық аурухана (диспансер) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;

12 12) психиатриялық аурухана (диспансер) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;

13 13) терi-венерологиялық аурухана (диспансер) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;

14 14) лепрозорий республикалық деңгейде құрылады.

3 3. Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация ұйымдары:

1 1) жедел медициналық жәрдем станциясы тұрғын халқының саны 100000 (бiр жүз мың) адамнан астам қалаларда, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.

Тұрғын халқының саны 100000 (бiр жүз мың) адамнан кем қалаларда жедел медициналық жәрдем станциясы емхананың құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады.

2

2) пациенттiң тұрғын жерiндегi медициналық жабдықтың болмауына немесе медициналық ұйымда тиiстi бiлiктiлiгi бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкiн болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету бөлiмшесi (санитариялық авиация) облыстық аурухананың құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады.

4 4. Апаттар медицинасы ұйымдары:

апаттар медицинасы орталығы республикалық деңгейде құрылады.

5 5. Қалпына келтiру емi және медициналық оңалту ұйымдары:

санаторий, мамандандырылған санаторий, профилакторий, оңалту орталығы облыстық және республикалық деңгейлерде құрылады.

6 6. Паллиативтiк көмек және мейiрбике күтiмiн көрсететiн ұйымдар:

мейiрбике күтiмi ауруханасы, хоспис аудандық маңызы бар қалаларда, аудан, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада стационарлық көмек көрсететiн ұйымның мамандандырылған құрылымдық бөлiмшесi ретiнде немесе дербес заңды тұлға ретiнде құрылады.

7 7. Қан қызметi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар:

қан орталығы облыстық және республикалық деңгейлерде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.

8 8. Сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар:

1 1) сот медицинасы орталығы облыс орталықтарындағы филиалдарымен республикалық деңгейде құрылады;

2 2) патологиялық анатомиялық бюро, орталықтандырылған патологиялық анатомиялық бөлiмше және (немесе) патологиялық анатомиялық бөлiмше облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада және астанада стационарлық көмек көрсететiн ұйымның құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады.

Аудандық деңгейде орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлiмше және (немесе) патологиялық-анатомиялық бөлiмше стационарлық көмек көрсететiн ұйымының құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады.

9 9. Фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары:

дәрiхана, алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрiхана пунктi, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәрiхана пунктi, дәрiхана қоймасы денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады.

10 10. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары республикалық деңгейде құрылады:

1 1) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;

2 2) санитариялық-эпидемиологиялық станция;

3 3) обаға қарсы станция;

4 4) дезинфекция станциясы.

11 11. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар:

ғылыми орталық, ғылыми-зерттеу институты республикалық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.

12 12. Денсаулық сақтау саласындағы бiлiм беру ұйымдары:

орта медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдары, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдары республикалық деңгейде, облыстық, аудандық (аудандық маңызы бар қалада) деңгейлерде республикалық маңызы бар қалада, астанада құрылады.

13 13. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану саласындағы қызметтердi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары: салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығы (бұдан әрi - СӨСҚО) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.

Аудан орталығында СӨСҚО облыстық СӨСҚО-ның құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады.

14 14. АИТВ/ЖИТС алдын алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары:

ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөнiндегi орталық облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.

15 15. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг республикалық деңгейде құрылады.

______________________________________________
1 - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131  қаулысымен бекітілді.

Қолданыстағы