Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О доподнительных мерах по реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 7.08.1997 г. № 1238 "О мерах по усилению защиты прав потребителей в Республике Казахстан"

Өзге акт · № 186 · қабылданған 09.12.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7081997-no-1238/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О доподнительных мерах по реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 7.08.1997 г. № 1238 "О мерах по усилению защиты прав потребителей в Республике Казахстан" Күшін жойған 09.12.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О доподнительных мерах по реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 7.08.1997 г. № 1238 "О мерах по усилению защиты прав потребителей в Республике Казахстан"

Күшін жойған Өзге акт № 186 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О доподнительных мерах по реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 7.08.1997 г. № 1238 "О мерах по усилению защиты прав потребителей в Республике Казахстан"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 7 тамыздағы «Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқықтарын қорғауды күшейту шаралары туралы» № 1238 Қаулысын жүзеге асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
186
Қабылданған күні
09.12.1998
Көрсетілген редакция
09.12.1998 2017_244980.kaz
Соңғы өзгеріс
09.12.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98C000064_
ЭКБ идентификаторы
2017
Редакция идентификаторы
2017_244980
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:26
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 7 тамыздағы «Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқықтарын қорғауды күшейту шаралары туралы» № 1238 Қаулысын жүзеге асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімінің 06.12.2004 № 12 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 7 тамыздағы "Қазақстан Республиасында тұтынушылар құқықтарын қорғауды күшейту шаралары туралы» № 1238 қаулысын және тұтынушылар құқықтарын қорғаудың мемлекеттік жүйесін нақтылы жүзеге асыру, тұтынушылардың өмірінің және денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында деректер банкін құру мақсатында облыс әкімі ШЕШІМ ЕТТI:

1. Облыстық ішкі нарығын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясы құрылсын. (1 қосымша)

2. Облыстың ішкі нарығында тұтынушылар құқықтарының қорғалу жағдайы тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын Ведомствоаралық кеңестің құрамына кіретін мемлекеттік басқарушы органдарының есептері негізінде ай сайын қаралсын.

3. Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі Ақтөбе облысы бойынша комитеті (И. Ғабдолла):

- тұтынушылар құқықтарын қорғайтын заңдылықтардың сақталуын қадағалайтын барлық мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, олардың өзара қатынасын, қызметі мен өкілетлігін айқын анықтау, жұмыс мәселелерін арттыру, түрлі мекемелерде тұтынушылар құқықтарын қорғайтын заңдылықтардың бұзылу деректерін кезең-кезеңмен түзетілуін белгілеу;
- тұтынушылар құқықтарын қорғайтын ведомствоаралық кеңестің маңызын арттыру, ведомстволар мен басқармалардың осы істе нәтижелі ынтымақтас бірлесіп тексеру жүргізу тұтынушылар құқықтарын қорғайтын ведомствоаралық кеңестің мәліметтерін қортындылау, мақсаты мен проблемаларды анықтау, ортақ ұсыныстар енгізу) қамтамасыз етсін.

4. Ақтөбе облысы бойынша кеден басқармасы (М. Өтегенов), облыстық статистика және талдау басқармасы (А. Мұқаев), "Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы "Ақтөбе мемлекеттік кәсіпорны (Т. Бисембаев), Ақтөбе облысы мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасы (Е. Оңайбаев), республикалық "Дәрі-дәрмек мемлекеттік қазыналық кәсіпорны филиалы (К. Оразгалиев), Ақтөбе облыстық мал дәрігерлік комитеті (Қ. Сабырғалиев) және Ақтөбе облысы бойынша шекара мен көліктерде мал дәрігерлік қадағалау (Ж. Иманқұлов) және облыс бойынша тұтыну қызметімен, рыноктарды тауарлармен қамтамасыз ету, олардың сапасы жөнінде және тұтынушылар құқықтарының, бұзылу деректерінің жинақ қорын (банк) жасақтау және бұл жөнінде, жүйелі турде ақпарат алмасуды қамтамасыз етсін.

5. "Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы" Ақтөбе мемлекеттік кәсіпорнының жанынан ақпарат қызметін атқаратын - тұтынушылар құқықтарын қорғайтын Ведомствоаралық кеңестің жұмыс органын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті

қорғау жөніндегі Ақтөбе облысы бойынша комитетінің (И. Ғабдолла) ұсынысы қабылдансын.

6. "Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы" Ақтөбе мемлекеттік кәсіпорнының директоры (М. Бисембаев) мекеменің штат санының есебінен көрсетілген шешенді мәселелерді орындаушы қызметкерді белгілеуі ұсынылсын.

7. Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері өз сауда орындарына жіберілетін тауарлар тізімі мен сауда орындарының әкімшіліктерінің белгіленген "сауда тәртібін" орындауларын қадағалау схемасын дайындасын.

8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е. И. Иманқұловқа жүктелсін.

9 № 1 қосымша

облыс әкімінің 1998 жылғы
9 желтоқсандағы № 186
шешімімен бекітілді
Облыстың ішкі нарығын қорғау жөніндегі облыстық, комиссияның құрамының тізімі
Е. И. Иманқулов
- облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
И. Ғ. Ғабдолла
- Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі Ақтөбе облысы бойынша комитетінің төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары
Мүшелері:
С. М. Қалдығұлова
- Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары
Е. Ж. Имантаев
- Облыстық салық комитетінің бастығы
Е. Ж. Оңайбаев
- Ақтөбе облысы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасының бастығы
Ж. И. Иманқұлов
- Ақтөбе облысы бойынша шекарамен көлітерде мал дәрігерлік қадағалау бастығы
И. А. Фабриков
- Ақтөбе облысы бойынша шекара мен көліктерді фитосанитарлық қадағалау бастығы
Т. Б. Бисембаев
- «Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы» Ақтөбе мемлекеттік кәсіпорынының директоры
А. Д. Мұқаев
- Облыстық статистика және талдау басқармасының бастығы
Қ. Сабырғалиев
- Ақтөбе облыстық мал дәрігерлік комитетінің бастығы