Құжат мәтініне өту

О Правилах оказания дополнительной социальной помощи отдельным категориям граждан города Нур-Султана в связи с празднованием 75-й годовщины Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов

Ереже · № 484/63-VI · қабылданған 28.04.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/75-1941-1945/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О Правилах оказания дополнительной социальной помощи отдельным категориям граждан города Нур-Султана в связи с празднованием 75-й годовщины Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов Күшін жойған Ереже ·№ 484/63-VI ·28.04.2020
06.05.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О Правилах оказания дополнительной социальной помощи отдельным категориям граждан города Нур-Султана в связи с празднованием 75-й годовщины Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов

Күшін жойған Ереже ·№ 484/63-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О Правилах оказания дополнительной социальной помощи отдельным категориям граждан города Нур-Султана в связи с празднованием 75-й годовщины Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов
Атауы (қаз.)
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету қағидалары туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
484/63-VI
Қабылданған күні
28.04.2020
Көрсетілген редакция
06.05.2021 142281_525280.kaz
Соңғы өзгеріс
06.05.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20A0001263
ЭКБ идентификаторы
142281
Редакция идентификаторы
142281_525280
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:45

0 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан

соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын
мерекелеуге байланысты
Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының
жекелеген санаттарына қосымша
әлеуметтік көмек көрсету
қағидалары туралы
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Нұр-Сұлтан қаласы

мәслихатының
2020 жылғы 28 сәуірі
№ 484/63-VI шешіміне
қосымша

1

1

1. Осы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

1

1) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестiрiлген адамдар – мәртебесi «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабымен анықталған адамдар Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар және Чернобыль атом электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғаларды қоспағанда;

2

2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамдар – мәртебесi «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабымен анықталған адамдар Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар және Чернобыль атом электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғаларды қоспағанда;

3

3) жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары – мәртебесi «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-3-тармақтарымен анықталған адамдар;

4 4) тыл еңбеккерлері – 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;

5

5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – мәртебесi «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7-баптарымен анықталған адамдар (бұдан әрі – ардагерлер).

3 3. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты қосымша әлеуметтік көмек (бұдан әрі – әлеуметтік көмек):

1 1) біржолғы ақшалай төлем;

2 2) тегін жол жүрумен қамтамасыз ету түрінде көрсетіледі.

4 4. Нұр-Сұлтан қаласының бюджеті әлеуметтік көмекті қаржыландыру көзі болып табылады.

5

5. Әлеуметтік көмек әкімшісі «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімші) болып табылатын «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасына (бұдан әрі – бағдарлама) сәйкес 2020 жылға арналған Нұр-Сұлтан қаласының бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде ұсынылады.

6

6. Бағдарламаны іске асыру мақсатында әкімші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметтерді жеткізушілерді анықтайды, тараптардың міндеттемелері және ол міндеттемелерді орындау талаптары жазылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасады.

2

7 7. Біржолғы ақшалай төлем:

ардагерлерге – 850 000 (сегіз жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, тыл еңбеккерлеріне – 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде беріледі.

3

8 8. Ардагерлерді тегін жол жүрумен қамтамасыз ету батыр-қалаларға, Жауынгерлік Даңқ орындарына, әскери жерлеу орындары мен әскери ескерткіштерге бару үшін 2020 жыл ішінде ТМД елдері мен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бір рет темір жол және (немесе) әуе көлігімен жүзеге асырылады.

9

9. Жол жүру құжаттары пойыздың барлық санатындағы купелік немесе плацкарттық вагондарында темір жол көлігімен және (немесе) «Экономикалық» кластағы әуе көлігімен толық жол жүру бағытына (жөнелту пунктінен бару пунктіне дейін және кері қайтуға) ТМД елдеріне және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 2020 жыл ішінде бір рет беріледі.
Бару орнына дейін тура темір жол (әуе) қатынасы болмаса, жол жүру құжаттары бару орнына ең жақын орналасқан елді мекенге дейін беріледі.

10 10. Ардагер жол жүру құжаттарын алу үшін жоспарланған жол жүруге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей мына құжаттарды:

1 1) Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

2 2) ардагердің мәртебесін растайтын құжатты (белгіленген зейнеткерлік куәлігі, қызметтік куәлігі, әскери оқу орындарынан, жастар қоғамдық бірлестіктерінен анықтамалар);

3 3) өтініш берушінің (ардагердің) және жеке басын растайтын құжатты әкімшіге ұсынады.

Мемлекет баратын визалық режим болған жағдайда, визаны ресімдеу жөніндегі рәсімдерді ардагерлер өздері жүзеге асырады.

11 11. Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес ардагерлер хабарласқан кезден бастап әкімші 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімді қалыптастырады және оны жол жүру құжаттарын беретін ұйымдарға тапсырады.

12 12. Жол жүру құжаттарын беретін ұйымдар 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген толық жол жүру бағытына оларды дайындайды және оларды Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылған қабылдау-тапсыру актісіне сай әкімшіге тапсырады.

13 13. Жол жүру құжаттарын беретін ұйымдар өтінімде көрсетілген бару орнына дейін тура темір жол (әуе) бағыты болмаған жағдайда, Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұл жөнінде Әкімшіні 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

14 14. Әкімші жол жүру құжаттарын алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде оларды ардагерге тапсырады.

15 15. Әкімші қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған кезден бастап 10 (он) банктік күн ішінде қолма-қол ақшасыз нысанда жол жүру құжаттарын беретін ұйымдарға олардың құнын төлейді.

16 16. Егер ардагер жол жүруден бас тартса, жол жүру құжаттарын әкімшіге қайтарады.

17 17. Әкімші пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын оларды беретін ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайтарады.

1 1941-1945 жылдардағы

Ұлы Отан соғысындағы
Жеңістің 75 жылдығын
мерекелеуге байланысты
Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының
жекелеген санаттарына қосымша
әлеуметтік көмек көрсету
қағидаларына
1-қосымша
«Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен
қамту және әлеуметтік қорғау
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________________________
мекенжайында тұратын
______________________________
жеке куәлігі (төлқұжат)
______________________________
_____________________________ ____________________________
шығу (орны, күні) оралу (орны, күні)
_____________________________ ____________________________
шығу (орны, күні) оралу (орны, күні)
_____________________________ ____________________________
шығу (орны, күні) оралу (орны, күні)
Сапарға шығу мүмкіндігім болмаған жағдайда шығуға үш күн қалғанға дейінгі мерзімде жол жүру құжаттарын (билеттерін) «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қайтарып беруге міндеттенемін.
Күні ____________________ Қолы ___________
Өтініш қабылданды ___________ Қолы ___________

2 1941-1945 жылдардағы Ұлы

Отан соғысындағы Жеңістің
75 жылдығын мерекелеуге
байланысты Нұр-Сұлтан қаласы
азаматтарының жекелеген
санаттарына қосымша әлеуметтік
көмек көрсету қағидаларына
2-қосымша
Р/с

Т.А.Ә.
Мәр­те­бе­сі
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың нө­мі­рі
Шы­ғу және ора­лу кү­ні көр­се­ті­л­ген жол ба­ғы­ты
Кө­лік тү­рі (ва­гон тү­рі көр­се­ті­л­ген те­мір жол кө­лі­гі, әуе кө­лі­гі)
1
2
3
4
5
6
М.О.
«Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және
әлеуметтік қорғау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Т.А.Ә., қолы

3 1941-1945 жылдардағы Ұлы

Отан соғысындағы Жеңістің
75 жылдығын мерекелеуге
байланысты Нұр-Сұлтан қаласы
азаматтарының жекелеген
санаттарына қосымша әлеуметтік
көмек көрсету қағидаларына
3-қосымша
Р/с

Т.А.Ә.
Мәр­те­бе­сі
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың нө­мі­рі
Шы­ғу және ора­лу кү­ні көр­се­ті­л­ген жол бағ­да­ры
Би­лет нө­мі­рі
Кө­лік тү­рі (ва­гон тү­рі көр­се­ті­л­ген те­мір жол кө­лі­гі, әуе кө­лі­гі, ав­то­кө­лік (ав­то­бус)
Жол жү­ру құ­жат­та­ры­ның (би­лет­те­рі­нің) құ­ны, тең­ге
1
2
3
4
5
6
7
8
М.О.
Тапсырды:
Жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген
бөлімшенің басшысы Т.А.Ә., қолы
М.О.
Қабылдады
«Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және
әлеуметтік қорғау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Т.А.Ә., қолы

4 1941-1945 жылдардағы Ұлы

Отан соғысындағы Жеңістің
75 жылдығын мерекелеуге
байланысты Нұр-Сұлтан қаласы
азаматтарының жекелеген
санаттарына қосымша әлеуметтік
көмек көрсету қағидаларына
4-қосымша
Р/с

Т.А.Ә.
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың нө­мі­рі
Шы­ғу және ора­лу кү­ні көр­се­ті­л­ген жол бағ­да­ры
Жол жү­ру құ­жат­та­рын (би­лет­те­рін) бер­меу се­беп­те­рі
1
2
3
4
5
М.О.
Жол жүру құжаттарын ресімдеген
бөлімшенің басшысы Т.А.Ә., қолы

Қолданыстағы