О внесении изменений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 8 июля 1999 года № 12/200 "Об утверждении Правил определения количества избираемых депутатов маслихатов в административно-территориальных единицах в соответствии с численностью населения"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 8 июля 1999 года № 12/200 "Об утверждении Правил определения количества избираемых депутатов маслихатов в административно-территориальных единицах в соответствии с численностью населения"
- Атауы (қаз.)
- "Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 8 шілдедегі № 12/200 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 87/161
- Қабылданған күні
- 25.05.2007
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2020 33652_483847.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004727_
- ЭКБ идентификаторы
- 33652
- Редакция идентификаторы
- 33652_483847
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:36
0 "Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 8 шілдедегі N 12/200 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 8 шілдедегі N 12/200 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген N 838, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 11 қазандағы N 144/210 қаулысымен енгізілген өзгерістермен) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерінде:
2 қосымшада реттік нөмірі 27-ші жолда "Лениногорск" деген сөз "Риддер" деген сөзбен ауыстырылсын;
3 қосымшада:
реттік нөмірі 48-жолда "Целинный" деген сөз "Ғабит Мүсірепов" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 58-жолда "Бұлаев" деген сөз "Мағжан Жұмабаев" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 64-жолда "Талдықорған" деген сөз "Ескелді" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 104-жолда "Сергеев" деген сөз "Шал ақын" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 150-жолда "Жәнібек" деген сөз мемлекеттік тілдегі мәтінде өзгеріссіз қалдырылсын;
реттік нөмірі 151-жолда "Орда" деген сөз "Бөкейордасы" деген сөзбен ауыстырылсын.