О внесении изменений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 8 июля 1999 года № 12/200 "Об утверждении Правил определения количества избираемых депутатов маслихатов в административно-территориальных единицах в соответствии с численностью населения"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 8 июля 1999 года № 12/200 "Об утверждении Правил определения количества избираемых депутатов маслихатов в административно-территориальных единицах в соответствии с численностью населения"
- Атауы (қаз.)
- "Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 8 шілдедегі № 12/200 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 60/100
- Қабылданған күні
- 14.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2020 61450_483843.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100007303
- ЭКБ идентификаторы
- 61450
- Редакция идентификаторы
- 61450_483843
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:11
0 "Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 8 шілдедегі № 12/200 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 8 шілдедегі № 12/200 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 838 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 16) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:»;
аталған қаулымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерінде:
Ережелердің екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Депутаттардың саны (жоғарғы және төменгi шегi) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мынадай шектерде белгiленедi: облыстық мәслихатқа, Астана және Алматы қалаларының мәслихаттарына - 50-ге дейiн; қалалық мәслихатқа - 30-ға дейiн; аудандық мәслихатқа - 25-ке дейiн.»;
№ 3 қосымшаның реттік нөмірі 19-жолы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бурабай-Ақмола 81645 25 - 543 - 0,03 15».