О внесении изменений в решение 8 сессии Бухар-Жырауского районного маслихата от 20 сентября 2012 года № 5 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению Бухар-Жырауского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение 8 сессии Бухар-Жырауского районного маслихата от 20 сентября 2012 года № 5 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению Бухар-Жырауского района"
- Атауы (қаз.)
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 8 сессиясының 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 5 "Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6
- Қабылданған күні
- 25.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2024 76801_708313.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13KK002508
- ЭКБ идентификаторы
- 76801
- Редакция идентификаторы
- 76801_708313
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:20
0 Бұқар жырау аудандық мәслихатының 8 сессиясының 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 5 "Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулыларына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 8 сессиясының 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 5 "Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1951 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 қарашадағы № 44 "Сарыарқа" аудандық газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ережесінде:
1 1) 2 тармағында:
5) тармақшасы алынып тасталсын;
"сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
2 2) көрсетілген Ережеге қосымшада:
тоғызыншы және оныншы абзацтары алынып тасталсын.