Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 8 августа 2002 года № 275-І "Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности работников организаций водных путей и государственного учреждения "Регистр судоходства" Комитета транспорта и путей сообщения Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, не являющихся государственными служащими"

Бұйрық · № 439 · қабылданған 29.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2002-no-275/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 8 августа 2002 года № 275-І "Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности работников организаций водных путей и государственного учреждения "Регистр судоходства" Комитета транспорта и путей сообщения Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, не являющихся государственными служащими" Күшін жойған Бұйрық ·№ 439 ·29.09.2010
23.10.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 8 августа 2002 года № 275-І "Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности работников организаций водных путей и государственного учреждения "Регистр судоходства" Комитета транспорта и путей сообщения Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, не являющихся государственными служащими"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 439 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 8 августа 2002 года № 275-І "Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности работников организаций водных путей и государственного учреждения "Регистр судоходства" Комитета транспорта и путей сообщения Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, не являющихся государственными служащими"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттiк қызметшi емес су жолдары ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті "Кеме қатынасының тіркелімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн есептеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 8 тамыздағы № 275-І бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
439
Қабылданған күні
29.09.2010
Көрсетілген редакция
23.10.2013 AI55303_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.10.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1000006590
ЭКБ идентификаторы
55303
Редакция идентификаторы
AI55303_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:15

0

"Мемлекеттiк қызметшi емес су жолдары ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті "Кеме қатынасының тіркелімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн есептеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 8 тамыздағы № 275-І бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттiк қызметшi емес су жолдары ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн есептеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 8 тамыздағы № 275-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1959 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Мемлекеттiк қызметшi емес су жолдары ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн есептеу ережесiнде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттiк қызметшi емес су жолдары ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн есептеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Мемлекеттiк кәсiпорын туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзiрленген.
Ереже мемлекеттiк қызметшi емес су жолдары ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн (бұдан әрi – жұмыс өтiлi) есептеу тәртiбiн анықтайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мына құжаттардың кез келгені:
1) еңбек кітапшасы;
2) тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
4) қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
5) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не нотариат растаған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
6) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.».

2

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментi (Б.Е. Қазбеков) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен келiссiн және мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне ұсынсын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысына (Ж.М. Қасымбек) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Г.Н. Әбдіқалықова __________
2010 жыл

Қолданыстағы