Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 мая 2003 года № 436

Қаулы · № 1267 · қабылданған 21.12.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2003-no-436-ekb-26173/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 мая 2003 года № 436 Күшін жойған Қаулы ·№ 1267 ·21.12.2005
14.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 мая 2003 года № 436

Күшін жойған Қаулы ·№ 1267 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 мая 2003 года № 436
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1267
Қабылданған күні
21.12.2005
Көрсетілген редакция
14.01.2016 AI26173_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050001267_
ЭКБ идентификаторы
26173
Редакция идентификаторы
AI26173_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:05

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 19, 192-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференциялар берілетін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауыш сыныптары деңгейіндегі қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
64.20 кодының "Қызмет түрінің және қызметтің кіші түрінің атауы" деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Электр байланысы, оның ішінде:
ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату аппараттарын пайдалану;
ғарыш аппараттарын басқарудың жер үсті кешендерін және байланыс мониторингі жүйесін пайдалану;
ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату аппараттарының транспондерлерін ұсыну;
Жерді қашықтықтан зондпен тексеру жөнінде қызметтер ұсыну;
ұтқыр байланыс және навигация жөніндегі төменгі орбиталық ғарыш аппараттарының қызметтерін ұсыну;
кәбілдік, радиотрансляциялық, релелік немесе спутниктік байланыс, телефон, телеграф байланысы мен телекс, электр байланысы желілеріне техникалық қызмет көрсету, радио және теледидар бағдарламаларын беру (трансляциялау) жүйелері арқылы дыбысты, бейнелерді, деректерді немесе басқа ақпараттарды беруді қоспағанда";
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық преференцияларды уәкілетті орган беретін инвестициялардың ең жоғарғы көлемі және инвестициялық салық преференцияларының қолдану мерзімдерінде:
"Өзге де металл емес минералды өнімдер өндіру" деген бөлімде:
"Шыны және шыныдан жасалатын бұйымдар шығару" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
1,5-ті қо­са ал­ған­ға дей­ін
1-5
3
3
3
1,5-тен 3-ті қо­са ал­ған­ға дей­ін
1-5
4
4
4
3-тен 15-ті қо­са ал­ған­ға дей­ін
1-5
5
5
5
Ин­ве­сти­ци­я­лар­дың ең жо­ға­ры кө­ле­мі 15
15-тен 16-ны қо­са ал­ған­ға дей­ін
1-6
6
5
5
16-дан 17-ні қо­са ал­ған­ға дей­ін
1-7
7
5
5
17-ден 18-ді қо­са ал­ған­ға дей­ін
1-8
8
5
5
18-ден 19-ды қо­са ал­ған­ға дей­ін
1-9
9
5
5
19-дан жо­ға­ры
1-10
10
5
5
".

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы