Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 декабря 2004 года N 432 "Об утверждении Правил составления и представления отчетов об исполнении государственного бюджета и бюджета области, республиканского и местных бюджетов"

Бұйрық · № 335 · қабылданған 01.09.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2004-n-432/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 декабря 2004 года N 432 "Об утверждении Правил составления и представления отчетов об исполнении государственного бюджета и бюджета области, республиканского и местных бюджетов" Күшін жойған Бұйрық ·№ 335 ·01.09.2006
30.12.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 декабря 2004 года N 432 "Об утверждении Правил составления и представления отчетов об исполнении государственного бюджета и бюджета области, республиканского и местных бюджетов"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 335 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 декабря 2004 года N 432 "Об утверждении Правил составления и представления отчетов об исполнении государственного бюджета и бюджета области, республиканского и местных бюджетов"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетінің, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау мен ұсынудың ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 432 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
335
Қабылданған күні
01.09.2006
Көрсетілген редакция
30.12.2008 AI29876_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004409_
ЭКБ идентификаторы
29876
Редакция идентификаторы
AI29876_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:55

0 "Мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетінің, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау мен ұсынудың ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 432 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :

1

1. "Мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетінің, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау мен ұсынудың ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 432 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің тіркеу тізілімінде N 3321 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы N 17, Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 12 қаңтардағы N 5 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетінің, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау мен ұсынудың ережелерінде:
атауында және мәтіні бойынша "Мемлекеттік бюджет пен" деген сөздер "Мемлекеттік, біріктірілген бюджеттердің және" деген сөздермен ауыстырылсын, "ресми" деген сөз алып тасталсын, "бюджеттің кассалық атқарылу" деген сөздер "бюджет түсімдерінің атқарылу және/немесе бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-1-тармақта "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 12 наурыздағы N 78 бұйрығымен бекітілген" деген сөздер "бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тараудың тақырыбында "Бюджеттердің" деген сөз "Біріктірілген бюджетті қоспағанда, бюджеттердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 8) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"VI "Бюджеттiң тапшылығы (профицитi)" бөлiмi олардың борышының негізгі сомасын өтеу сомасын шегергенде қарыз алу сомасына тең болатын бюджеттiң тапшылығын (профицитiн) көрсетедi.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
"2-1. Біріктірілген бюджеттің атқарылуы туралы есеп мынадай бөлімдерді қамтиды:
1) республикалық бюджет;
2) облыстың бюджеті, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттері;
3) Бюджет кодексі айқындаған түсімдердің тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсетін түсімдер және оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аудару.";
3-тараудың тақырыбында "Бюджеттердің" деген сөз "Біріктірілген бюджетті қоспағанда, бюджеттердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақта:
мынадай мазмұндағы он екінші және он үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"9-бағанда тіркелген міндеттемелердің сомасы көрсетіледі;";
"10-бағанда төленбеген міндеттемелердің сомасы көрсетіледі.";
"9, 10, 11" деген цифрлар тиісінше "11, 12, 13" деген цифрлармен ауыстырылсын;
13-тармақта "орындалмаған" деген сөз тиісінше "төленбеген" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Біріктірілген бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есеп осы Ережелердің 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
Біріктірілген бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепте:
1-бағанда мыналардың кодтары толтырылады:
бюджет түсімдерінің сыныптамасы - санаты;
шығыстардың функционалдық сыныптамасы - функционалдық тобы;
2-бағанда бюджет сыныптамасы көрсеткіштерінің атауы көрсетіледі;
3-бағанда республикалық бюджеттің бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламалары) бойынша түсімдердің атқарылуы және/немесе төленген міндеттемелер көрсетіледі;
4-бағанда жергілікті бюджеттердің бюджеттік бағдарламасы (кіші бағдарламасы) бойынша түсімдердің атқарылуы және төленген міндеттемелер (облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана бюджеттерінің жиынтығы) көрсетіледі;
5-бағанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қолма-қол ақшасының бақылау шотына есепке алынған салық түсімдері, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына ақшаны есепке алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде ашылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына оларды аудару сомасы көрсетіледі.";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бюджеттер құрылымының қорытынды бөлімдерін айқындау тәртібі";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Операциялық сальдо бюджеттің кірістері мен шығындары арасындағы айырма болып табылады және О = (d - z) формуласы бойынша айқындалады, мұндағы
О - операциялық сальдо;
d - кірістер;
z - шығындар.
Терiс операциялық сальдо шығындардың бюджет кiрiстерiнен асып түсу сомасы болып табылады. Оң операциялық сальдо кiрiстердiң бюджет шығындарынан асып түсу сомасы болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 14-1 және 14-2-тармақтармен толықтырылсын:
"14-1. Таза бюджеттік кредит беру бюджеттік кредиттер мен бюджеттік кредиттерді өтеу арасындағы айырма болып табылады және К = (b k - p k ) формуласы бойынша айқындалады, мұндағы
К - таза бюджеттік кредит беру;
b k - бюджеттік кредиттер;
p k - бюджеттік кредиттерді өтеу.
14-2. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо қаржы активтерін сатып алу мен мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдері арасындағы айырма болып табылады және С = (n f - p f ) формуласы бойынша айқындалады, мұндағы
С - қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо;
n f - қаржы активтерін сатып алу;
p f - қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер.";
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Бюджеттің тапшылығы (профициті) және оны қаржыландыру
Д (F 1 ) = n + s - r
П (F 2 ) = r - n - s формулалары бойынша айқындалады, мұндағы
Д - бюджеттің тапшылығы;
F 1 - бюджеттің тапшылығын қаржыландыру көлемі. Оң белгiмен белгiленген бюджеттiң тапшылығын қаржыландырудың мәнi оның тапшылығының шамасына сәйкес келедi;
П - бюджеттің профициті;
F 2 - бюджеттің профицитін пайдалану көлемі. Теріс белгімен белгіленген бюджеттің профицитін пайдаланудың мәні оның профицитіне сәйкес келеді;
n - алынған қарыздардың сомасы;
r - қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасы;
s - бюджет қаражатының қалдықтары қозғалысының сомасы;
Оң белгiнi ескере отырып, тапшылықты (профициттi пайдалану) жабуға пайдаланылған, ал терiс белгiмен - пайдаланылмаған бюджет қаражатының қалдықтары қозғалысының сомасы.
16. Бюджет қаражатының қалдықтары қозғалысының сомасы, құрамы осы Ережелердің 15-тармағындағы формулалардың құрамына сәйкес келетін S = r - d(п) - n формуласы бойынша анықталады.";
17-тармақтың үшінші абзацында "бөлімінде" деген сөзден кейін "Бюджет түсімдерінің атқарылуы және/немесе бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер" бағанында" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тараудың тақырыбында "әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасында" деген сөздер "жоғары тұрған бюджеттен алынған және жоғары тұрған бюджетке берілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
33-тармақта "кассалық алшақтықты" деген сөздер "қолма-қол ақша тапшылығын" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тараудың тақырыбында "атқарылуы" деген сөзден кейін "жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттердің атқарылуы" деген сөздермен толықтырылсын;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Төмен тұрған деңгейдегі бюджеттiң атқарылуы туралы есепті оның атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған деңгейдегі бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға қағаз тасушыда және бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстары туралы электрондық дерек қоры түрiнде (бұдан әрi - электрондық дерек қоры) бередi.";
38-тармақта "есептi кезеңнiң соңында" деген сөздер алып тасталсын;
39-тармақтың 1) тармақшасында:
"санатын" деген сөз "санаттарын және сыныптарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"функционалдық тобын" деген сөздерден кейін "және кіші тобын" деген сөздермен толықтырылсын;
42-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2 және 10-3-тараулармен толықтырылсын:
"10-1. Қазынашылықтың аумақтық органдарының жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді қалыптастыру мен ұсынудың тәртібі
46-1. Әрбір деңгейдегі жергілікті бюджеттің және облыс бюджетінің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті қазынашылықтың аумақтық органдары осы Ережелерде белгіленген тәртіппен және осы Ережелерге 1-1 және 8-қосымшаларға сәйкес 1-27 нысан бойынша жасайды.
46-2. Жергілікті деңгейдегі бюджеттің атқарылуына қызмет көрсететін қазынашылықтың аумақтық органының басшысы қол қойған осы бюджеттердің атқарылуы туралы есеп ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 2 күні жергілікті атқарушы органға және уәкілетті органға қағаз тасушыда ұсынылады.
46-3. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган билігіндегі есеп көрсеткіштерін қазынашылықтың аумақтық органы ұсынған есептің көрсеткіштерімен салыстырады, алшақтықтар болған жағдайда қазынашылықтың аумақтық органымен бірлесіп оларды анықтау мен жою жөніндегі жұмысты жүргізіп, жергілікті атқарушы және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың басшылары қол қойған және жергілікті атқарушы органның елтаңбалы мөр белгісімен куәландырылған есепті қазынашылықтың аумақтық органына есепті айдан кейінгі айдың 7 күніне дейін қайтарады.
46-4. Қазынашылықтың облыстық органы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 8 күніне дейін облыстық атқарушы және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға басшы қол қойған облыс бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады.
46-5. Бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті орган билігіндегі есеп көрсеткіштерін қазынашылықтың облыстық органы ұсынған есептің көрсеткіштерімен салыстырады, алшақтықтар болмаған жағдайда облыстық атқарушы және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың басшылары қол қойған және облыстық атқарушы органның елтаңбалы мөр белгісімен куәландырылған есепті қазынашылықтың облыстық органына есепті айдан кейінгі айдың 10 күніне дейін қайтарады.
Алшақтықтар анықталған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті орган және қазынашылық орган бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті органның және қазынашылық органның басшылары қол қойған және елтаңбалы мөр белгісімен куәландырылған есепті деректердің салыстыру актісін жасайды.
Содан соң алшақтықтардың себептерін анықтау мен оларды жою жөніндегі бірлескен жұмыс жүргізіледі.
Есепті айдан кейінгі айдың 10 күніне дейін жүзеге асырылатын бірлескен жұмыстың нәтижелері бойынша екі күн мерзімде қазынашылықтың облыстық органы жаңа есепті қалыптастырады, оның басшысы, облыстық атқарушы және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың басшылары қол қояды және облыстық атқарушы орган мен қазынашылық органның мөр таңбаларымен куәландырылады.
46-6. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті шегінде мемлекеттік бюджетке қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ведомство бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне осы Ережелерге 1 және 1-1-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша:
1) облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана бюджеттерінің атқарылуы туралы айлық есеп электрондық дерек қоры түрiнде және біріктірілген нысанда қағаз тасушыда есептi айдан кейiнгi айдың 12 күнiнен кешiктiрмей;
2) облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп электрондық дерек қоры түрiнде және қағаз тасушыда есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 ақпанынан кешiктiрмей ұсынады.
10-2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қолма-қол ақшасының бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есепті жасау мен ұсыну тәртібі
46-7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қолма-қол ақшасының бақылау шотындағы (бұдан әрі - ҚБШ) ақша қозғалысы туралы айлық (жылдық) есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті шегінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ведомство осы Ережелерге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады және мынадай бөлімдерді қамтиды:
1) кірістер (І);
2) қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер (ІІ);
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сына түскен түсімдердің жиыны (ІІІ);
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сынан аударымдар (IV);
5) түсімдер мен аударымдар сальдосы (V);
6) қаржы жылының басындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы (VI);
7) есепті кезеңнің аяғындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы (VIІ).
І "Кірістер" бөлімі бекітілген тізбе бойынша мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін салықтық түсімдердің сомасын және бюджет түсімдері сыныптамасы түсiмдерiнiң санаттары, топтары, кіші сыныптары мен ерекшеліктері бойынша негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді көрсетеді.
ІІ "Қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер" бөлімі бюджет түсімдері сыныптамасы түсiмдерiнiң санаты, тобы, кіші сыныбы мен ерекшелігі бойынша республикалық меншіктегі және тау-кен және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің сомасын көрсетеді.
ІІІ "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сына түскен түсімдердің жиыны" бөлімі қаржы активтерін сатудан түсетін кірістер мен түсімдердің жалпы сомасын көрсетеді.
IV "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сынан жасалған аударымдар" бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақшасын есепке алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарына функционалдық тобы, ішкі тобы, бюджет бағдарламасының әкімшісі, бюджеттік бағдарламасы (кіші бағдарламасы) және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелігі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сынан жүргізілген аударымдардың сомасын көрсетеді.
V "Түсімдер мен аударымдар сальдосы" бөлімі ІІІ "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сына түскен түсімдердің жиыны" мен IV "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сынан аударымдар" бөлімдерінің арасындағы айырма сомасын көрсетеді.
VI "Қаржы жылының басындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы" бөлімі қаржы жылының басындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығының сомасын көрсетеді.
VIІ "Есепті кезеңнің аяғындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы" бөлімі V "Түсімдер мен аударымдар сальдосы" мен VI "Қаржы жылының басындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы" бөлімдерінің қорытынды сомасын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сындағы ақша қозғалысы туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті шегінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ведомство бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне электрондық дерек қоры түрiнде және қағаз тасушыда есептi айдан кейінгі айдың 5 күнінен кешiктiрмей береді.
10-3. Біріктірілген бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру мен ұсыну тәртібі
46-8. Біріктірілген бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі осы Ережелерге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және мыналардың:
1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті шегінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ведомство ұсынған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары және/немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті шегінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ведомство ұсынған есептердің негізінде құрылымдық бөлімшенің өзі қалыптастырған жергілікті бюджеттердің (облыстар, республикалық маңызы бар қала мен астана бойынша жиынтық) атқарылуы туралы есептің;
3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті шегінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ведомство ұсынған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сындағы ақша қозғалысы туралы есептің негізінде жасайды.
46-9. Біріктірілген бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есеп бюджеттік бағдарламалар/кіші бағдарламалар бойынша түсімдер атқарылуының және/немесе төленген міндеттемелердің деректерін пайдалана отырып жасалады.
46-10. Біріктірілген бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есеп мемлекеттік және жергілікті бюджеттерді атқару туралы есептер үшін осы Ережелерде белгіленген мерзімде жасалады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган оны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, бюджеттік жоспарлау және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органдарға электрондық түрде және қағаз тасушыда ілеспе хатпен, қол қоюды растамай береді.";
мынадай мазмұндағы 54-тармақпен толықтырылсын:
"54. Жергілікті атқарушы және бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органдар жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынатын есеп деректерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті шегінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ведомство қалыптастырған есептердің деректеріне сәйкестігіне жауап береді.";
көрсетілген Ережелерге 1, 1-1, 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Ережелерге 2-қосымшада:
"Орындалмаған міндеттемелер" бағанында "Орындалмаған" деген сөз "Төленбеген" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Кассалық атқару" бағанының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджет түсімдерінің атқарылуы және/немесе бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер";
көрсетілген Ережелерге 3-қосымша мынадай мазмұндағы 5-жолмен толықтырылсын:
"ҚР ҰБ салымдарына (депозиттеріне) орналастыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға берілген уақытша бос бюджет ақшасы";
көрсетілген Ережелерге 5-қосымшада:
"Орындалмаған міндеттемелер" бағанында "Орындалмаған" деген сөз "Төленбеген" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Кассалық атқару" бағанының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджет түсімдерінің атқарылуы және/немесе бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер";
"(бекітілген, нақтыланған, түзетілген) бюджетті атқарудан кассалық атқарудың" бағанының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Атқарылған (бекітілген, нақтыланған, түзетілген) бюджеттен бюджет түсімдері атқарылуының және/немесе бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелердің ауытқуы";
"Атқарылатын (бекітілген, нақтыланған, түзетілген) бюджетке % кассалық атқару" бағанының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Атқарылатын (бекітілген, нақтыланған, түзетілген) бюджетке қарағанда бюджеті түсімдерінің атқарылуы және/немесе бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер, %";
осы бұйрыққа 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес 8, 9 және
10-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Есептілік және статистика департаменті (Л.И.Парусимова) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейiнгi жариялануын қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 ____ жылғы _____________ арналған

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2006 жылғы 1 қыркүйектегі
N 335 бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттік, біріктірілген
бюджеттер мен облыс бюджетінің,
республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуы туралы
есептерді жасау мен ұсынудың
ережелеріне 1-қосымша
____ жылғы _____________ арналған
_____________________________ атқарылуы туралы есеп
(бюджеттің атауы)
Республика (облыс, қала, аудан) ___________________________
Мерзімділігі:         айлық, жылдық
Өлшем бірлігі: мың теңге
Бюд­жет­тік сы­нып­та­ма код­та­ры
Ата­уы
Есеп­ті қар­жы жы­лы­на бе­кі­ті­л­ген бюд­жет
Есеп­ті қар­жы жы­лы­на нақ­ты­лан­ған бюд­жет
Есеп­ті қар­жы жы­лы­на тү­зе­ті­л­ген бюд­жет
Тү­сім­дер мен қар­жы­лан­ды­ру­дың жиын­тық жос­па­ры, eceп­тi ке­зең­ге ар­нал­ған мін­дет­те­ме­лер жө­нін­де­гі жиын­тық қар­жы­лан­ды­ру жос­па­ры
тө­лем­дер бой­ын­ша
мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша
1
2
3
4
5
6
7
I. КІ­РІ­СТЕР
Са­лық­тық тү­сім­дер
Са­лық­тық емес тү­сім­дер
Негіз­гі ка­пи­тал­ды са­ту­дан тү­се­тін тү­сім­дер
Транс­ферт­тер­ді ң тү­сім­де­рі
II. ШЫ Ғ ЫН­ДАР
Жал­пы си­патта ғ ы мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер
Қор ғ аныс
Қо ғ ам­дық тәр­тіп, қа­уіп­сіз­дік, құқық­тық, сот, қыл­мыстық-ат­қа­ру қыз­ме­ті
Бі­лім бе­ру
Ден­са­улық сақ­тау
Әле­умет­тік кө­мек және әле­умет­тік қам­та­ма­сыз ету
Т ұ р ғ ын үй-ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лы ғ ы
Мә­де­ни­ет, спорт, ту­ризм және ақ­па­рат­тық ке­ңі­стік
Отын-энер­ге­ти­ка ке­ше­ні және жер қой­на­уын пай­да­ла­ну
Ауыл, су, ор­ман ша­ру­а­шы­лы ғ ы, ерекше қор ғ ала­тын та­би ғ и аумақ­тар, қор­ша ғ ан ор­та­ны және жа­ну­ар­лар әле­мін қор ғ ау, жер қа­ты­на­ста­ры
Ө нер­к­ә­сіп, сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс қыз­ме­ті
Кө­лік және ком­му­ни­ка­ци­я­лар
Ө зге­лер
Бо­рыш­қа қыз­мет көр­се­ту
Транс­ферт­тер
III. ОПЕ­РА­ЦИ­Я­ЛЫҚ САЛЬ­ДО
IV. ТА­ЗА БЮД­ЖЕТ­ТІК КРЕ­ДИТ БЕ­РУ
Бюд­жет­тік кре­дит­тер
Бюд­жет­тік кре­дит­тер­ді өтеу
V. ҚАР­ЖЫ АК­ТИВ­ТЕ­РІ­МЕН ЖА­СА­ЛА­ТЫН ОПЕ­РА­ЦИ­Я­ЛАР БОЙ­ЫН­ША САЛЬ­ДО
Қар­жы ак­тив­те­рін са­тып алу
Мем­ле­кет­тің қар­жы ак­тив­те­рін са­ту­дан тү­се­тін тү­сім­дер
VI. БЮД­ЖЕТ­ТІҢ ТАП­ШЫ­ЛЫ­ҒЫ (ПРО­ФИ­ЦИ­ТІ)
VII. БЮД­ЖЕТ­ТІҢ ТАП­ШЫ­ЛЫ­ҒЫН ҚАР­ЖЫ­ЛАН­ДЫ­РУ (ПРО­ФИ­ЦИТ­ТІ ПАЙ­ДА­ЛА­НУ)
Қары­здар­дың тү­сі­мі
Қары­здар­ды өтеу
Бюд­жет қа­ра­жа­ты қал­ды­ғы­ның қоз­ға­лы­сы
Анық­та­ма үшін:
Бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның қал­ды­ғы
Қар­жы жы­лы­ның ба­сын­да­ғы бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның қал­ды­ғы
Есеп­ті ке­зең­нің со­ңын­да­ғы бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның қал­ды­ғы
кестенің жалғасы
Есеп­ті ке­зең­де бе­рі­л­ген рұқ­сат­тар со­ма­сы
Тір­кел­ген мін­дет­те­ме­лер
Тө­лен­бе­ген мін­дет­те­ме­лер
Бюд­жет тү­сім­де­рі­нің  ат­қа­ры­луы және/неме­се бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар (кі­ші бағ­дар­ла­ма­лар) бой­ын­ша тө­лен­ген мін­дет­те­ме­лер
Бюд­жет тү­сім­де­рі­нің ат­қа­ры­луы және/неме­се есеп­ті ке­зең­ге ар­нал­ған тү­сім­дер мен қар­жы­лан­ды­ру­дың жиын­тық жос­па­ры­на бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар (кі­ші бағ­дар­ла­ма­лар) бой­ын­ша тө­лен­ген мін­дет­те­ме­лер (11-ба­ған : 6-ба­ған), %
Бюд­жет тү­сім­де­рі­нің ат­қа­ры­луы және/неме­се ат­қа­ры­ла­тын (бе­кі­ті­л­ген, нақ­ты­лан­ған, тү­зе­ті­л­ген) бюд­жет­ке бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар (кі­ші бағ­дар­ла­ма­лар) бой­ын­ша тө­лен­ген мін­дет­те­ме­лер, %
8
9
10
11
12
13
Облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың, ауданның      ________  _________________
(облыстық маңызы бар қаланың) әкімі   (қолы)       (қолтаңбаны
таратып жазу)
М.О.
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті  ________  _________________
уәкілетті органның басшысы             (қолы)      (қолтаңбаны
таратып жазу)
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті  ________  _________________
уәкілетті органның есепті               (қолы)      (қолтаңбаны
қалыптастыруға жауапты құрылымдық                   таратып жазу)
бөлімшесінің басшысы
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2006 жылғы 1 қыркүйектегі
N 335 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
міндетін атқарушының
2006 жылғы 12 қаңтардағы
N 5 бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттік, біріктірілген
бюджеттер мен облыс бюджетінің,
республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуы туралы
есептерді жасау мен ұсынудың
ережелеріне 1-1-қосымша
____ жылғы _________ арналған _______________ бойынша
(бюджеттің атауы)
бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды)
іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын
қалыптастыруға немесе арттыруға бағытталған бюджеттік
бағдарламаларды бөлумен бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы есеп
Облыс, қала, аудан ___________________________
Мерзімділігі:         айлық, жылдық
Өлшем бірлігі: мың теңге
Бюд­жет­тік сы­нып­та­ма код­та­ры
Ата­уы
Есеп­ті қар­жы жы­лы­на бе­кі­ті­л­ген бюд­жет
Есеп­ті қар­жы жы­лы­на нақ­ты­лан­ған бюд­жет
Есеп­ті қар­жы жы­лы­на тү­зе­ті­л­ген бюд­жет
Тү­сім­дер мен қар­жы­лан­ды­ру­дың жиын­тық жос­па­ры, eceп­тi ке­зең­ге ар­нал­ған мін­дет­те­ме­лер жө­нін­де­гі жиын­тық қар­жы­лан­ды­ру жос­па­ры
тө­лем­дер бой­ын­ша
мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша
1
2
3
4
5
6
7
БАР­ЛЫ­ҒЫ
кестенің жалғасы
Есеп­ті ке­зең­де бе­рі­л­ген рұқ­сат­тар со­ма­сы
Тір­кел­ген мін­дет­те­ме­лер
Тө­лен­бе­ген мін­дет­те­ме­лер
Бюд­жет тү­сім­де­рі­нің ат­қа­ры­луы және/неме­се бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар (кі­ші бағ­дар­ла­ма­лар) бой­ын­ша тө­лен­ген мін­дет­те­ме­лер
Бюд­жет тү­сім­де­рі­нің ат­қа­ры­луы және/неме­се есеп­ті ке­зең­ге ар­нал­ған тү­сім­дер мен қар­жы­лан­ды­ру­дың жиын­тық жос­па­ры­на бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар (кі­ші бағ­дар­ла­ма­лар) бой­ын­ша тө­лен­ген мін­дет­те­ме­лер (11-ба­ған:6-ба­ған), %
Бюд­жет тү­сім­де­рі­нің ат­қа­ры­луы және/неме­се ат­қа­ры­ла­тын (бе­кі­ті­л­ген, нақ­ты­лан­ған, тү­зе­ті­л­ген) бюд­жет­ке бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар (кі­ші бағ­дар­ла­ма­лар) бой­ын­ша тө­лен­ген мін­дет­те­ме­лер, %
8
9
10
11
12
13
Облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың, ауданның      ________  _________________
(облыстық маңызы бар қаланың) әкімі   (қолы)       (қолтаңбаны
таратып жазу)
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті  ________  _________________
уәкілетті органның басшысы             (қолы)      (қолтаңбаны
таратып жазу)
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті  ________  _________________
уәкілетті органның есепті               (қолы)      (қолтаңбаны
қалыптастыруға жауапты құрылымдық                   таратып жазу)
бөлімшесінің басшысы
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2006 жылғы 1 қыркүйектегі
N 335 бұйрығына 3-қосымша
Мемлекеттік, біріктірілген
бюджеттер мен облыс бюджетінің,
республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуы туралы
есептерді жасау мен ұсынудың
ережелеріне 4-қосымша
____ жылғы ________ арналған _______________ бойынша
(бюджеттің атауы)
Республика (облыс, қала, аудан) ___________________________
Мерзімділігі:         айлық, жылдық
Өлшем бірлігі: мың теңге
Бюд­жет­тік сы­нып­та­ма код­та­ры
Ата­уы
Есеп­ті қар­жы жы­лы­на бе­кі­ті­л­ген бюд­жет
Есеп­ті қар­жы жы­лы­на нақ­ты­лан­ған бюд­жет
Есеп­ті қар­жы жы­лы­на тү­зе­ті­л­ген бюд­жет
Тү­сім­дер мен қар­жы­лан­ды­ру­дың жиын­тық жос­па­ры, eceп­тi ке­зең­ге ар­нал­ған мін­дет­те­ме­лер жө­нін­де­гі жиын­тық қар­жы­лан­ды­ру
тө­лем­дер бой­ын­ша
мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша
1
2
3
4
5
6
7
I. КІ­РІ­СТЕР
Са­лық­тық тү­сім­дер
Са­лық­тық емес тү­сім­дер
Негіз­гі ка­пи­тал­ды са­ту­дан тү­се­тін тү­сім­дер
Транс­ферт­тер­ді ң тү­сім­де­рі
II. ШЫ­ҒЫН­ДАР
Жал­пы си­патта ғ ы мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер
Қор ғ аныс
Қо ғ ам­дық тәр­тіп, қа­уіп­сіз­дік, құ қық­тық, сот, қыл­мыстық-ат­қа­ру қыз­ме­ті
Бі­лім бе­ру
Ден­са­улық сақ­тау
Әле­умет­тік кө­мек және әле­умет­тік қам­та­ма­сыз ету
Т ұ р ғ ын үй-ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лы ғ ы
Мә­де­ни­ет, спорт, ту­ризм және ақ­па­рат­тық ке ң стік
Отын-энер­ге­ти­ка ке­ше­ні және жер қой­на­уын пай­да­ла­ну
Ауыл, су, ор­ман ша­ру­а­шы­лы ғ ы, ерекше қор ғ ала­тын та­би ғ и аумақ­тар, қор­ша ғ ан ор­та­ны және жа­ну­ар­лар әле­мін қор ғ ау, жер қа­ты­на­ста­ры
Ө нер­к­ә­сіп, сәу­лет, қа­ла қ ұ ры­лы­сы және қ ұ ры­лыс қыз­ме­ті
Кө­лік және ком­му­ни­ка­ци­я­лар
Ө зге­лер
Бо­рыш­қа қыз­мет көр­се­ту
Транс­ферт­тер
III. ОПЕ­РА­ЦИ­Я­ЛЫҚ САЛЬ­ДО
IV. ТА­ЗА БЮД­ЖЕТ­ТІК КРЕ­ДИТ БЕ­РУ
Бюд­жет­тік кре­дит­тер
Бюд­жет­тік кре­дит­тер­ді өтеу
V. ҚАР­ЖЫ АК­ТИВ­ТЕ­РІ­МЕН ЖА­СА­ЛА­ТЫН ОПЕ­РА­ЦИ­Я­ЛАР БОЙ­ЫН­ША САЛЬ­ДО
Қар­жы ак­тив­те­рін са­тып алу
Мем­ле­кет­тің қар­жы ак­тив­те­рін са­ту­дан тү­се­тін тү­сім­дер
VI. БЮД­ЖЕТ­ТІҢ ТАП­ШЫ­ЛЫ­ҒЫ (ПРО­ФИ­ЦИ­ТІ)
VII. БЮД­ЖЕТ­ТІҢ ТАП­ШЫ­ЛЫ­ҒЫН ҚАР­ЖЫ­ЛАН­ДЫ­РУ (ПРО­ФИ­ЦИТ­ТІ ПАЙ­ДА­ЛА­НУ)
Қары­здар­дың тү­сі­мі
Қары­здар­ды өтеу
Бюд­жет қа­ра­жа­ты қал­ды­ғы­ның қоз­ға­лы­сы
Анық­та­ма үшін:
Бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның қал­ды­ғы
Қар­жы жы­лы­ның ба­сын­да­ғы бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның қал­ды­ғы
Есеп­ті ке­зең­нің со­ңын­да­ғы бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның қал­ды­ғы
кестенің жалғасы
Есеп­ті ке­зең­де бе­рі­л­ген рұқ­сат­тар со­ма­сы
Тір­кел­ген мін­дет­те­ме­лер
Тө­лен­бе­ген мін­дет­те­ме­лер
Бюд­жет тү­сім­де­рі­нің ат­қа­ры­луы және/неме­се бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар (кі­ші бағ­дар­ла­ма­лар) бой­ын­ша тө­лен­ген мін­дет­те­ме­лер
Бюд­жет тү­сім­де­рі­нің ат­қа­ры­луы және/неме­се есеп­ті ке­зең­ге ар­нал­ған тү­сім­дер мен қар­жы­лан­ды­ру­дың жиын­тық жос­па­ры­на бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар (кі­ші бағ­дар­ла­ма­лар) бой­ын­ша тө­лен­ген мін­дет­те­ме­лер (11-ба­ған:6-ба­ған)  %
Бюд­жет тү­сім­де­рі­нің ат­қа­ры­луы және/неме­се ат­қа­ры­ла­тын (бе­кі­ті­л­ген, нақ­ты­лан­ған, тү­зе­ті­л­ген) бюд­жет­ке бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар (кі­ші бағ­дар­ла­ма­лар) бой­ын­ша тө­лен­ген мін­дет­те­ме­лер, %
8
9
10
11
12
13
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2006 жылғы 1 қыркүйектегі
N 335 бұйрығына 4-қосымша
Мемлекеттік, біріктірілген
бюджеттер мен облыс бюджетінің,
республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуы туралы
есептерді жасау мен ұсынудың
ережелеріне 8-қосымша
________________ атқарылуы туралы 200__ жылғы ____ есеп
(бюджеттің атауы)
1-27 нысаны
__________ есеп жүргізілді
N-ден Х бет
Республика (облыс, қала, аудан) ___________________________
Мерзімділігі (айлық, жылдық) ______________________________
Өлшем бірлігі: мың теңге
Бюд­жет­тік сы­нып­та­ма код­та­ры
Ата­уы
Есеп­ті қар­жы жы­лы­на бе­кі­ті­л­ген бюд­жет
Есеп­ті қар­жы жы­лы­на нақ­ты­лан­ған бюд­жет
Есеп­ті қар­жы жы­лы­на тү­зе­ті­л­ген бюд­жет
Тү­сім­дер мен қар­жы­лан­ды­ру­дың жиын­тық жос­па­ры, eceп­тi ке­зең­ге ар­нал­ған мін­дет­те­ме­лер жө­нін­де­гі жиын­тық қар­жы­лан­ды­ру жос­па­ры
тө­лем­дер бой­ын­ша
мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша
1
2
3
4
5
6
7
I. Кі­рі­стер
II. Шы­ғын­дар
III. Опе­ра­ци­я­лық саль­до
IV. Та­за бюд­жет­тік кре­дит бе­ру
Бюд­жет­тік кре­дит­тер
Бюд­жет­тік кре­дит­тер­ді өтеу
V. Қар­жы ак­тив­те­рі­мен жа­са­ла­тын опе­ра­ци­я­лар бой­ын­ша саль­до
Қар­жы ак­тив­те­рін са­тып алу
Мем­ле­кет­ті ң қар­жы ак­тив­те­рін са­ту­дан тү­се­тін тү­сім­дер
VI. Бюд­жет­тің тап­шы­лы­ғы (про­фи­ци­ті)
VII. Бюд­жет­тің тап­шы­лы­ғын қар­жы­лан­ды­ру (про­фи­ци­тін пай­да­ла­ну)
Қары­здар­ды ң тү­сі­мі
Қары­здар­ды өтеу
Бюд­жет қа­ра­жа­ты қал­ды ғ ыны ң қоз ғ алы­сы
Анық­та­ма үшін:
Есеп­ті ке­зе ң ні ң ба­сын­да ғ ы бюд­жет қа­ра­жа­ты­ны ң қал­ды ғ ы
Есеп­ті ке­зе ң ні ң со ң ын­да ғ ы бюд­жет қа­ра­жа­ты­ны ң қал­ды ғ ы
кестенің жалғасы
Есеп­ті ке­зең­де бе­рі­л­ген рұқ­сат­тар со­ма­сы
Тір­кел­ген мін­дет­те­ме­лер
Тө­лен­бе­ген мін­дет­те­ме­лер
Бюд­жет тү­сім­де­рі­нің ат­қа­ры­луы және/неме­се бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар (кі­ші бағ­дар­ла­ма­лар) бой­ын­ша тө­лен­ген мін­дет­те­ме­лер
Бюд­жет тү­сім­де­рі­нің ат­қа­ры­луы және/неме­се есеп­ті ке­зең­ге ар­нал­ған тү­сім­дер мен қар­жы­лан­ды­ру­дың жиын­тық жос­па­ры­на  бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар (кі­ші бағ­дар­ла­ма­лар) бой­ын­ша тө­лен­ген мін­дет­те­ме­лер (11-ба­ған:6-ба­ған), %
Бюд­жет тү­сім­де­рі­нің ат­қа­ры­луы және/неме­се ат­қа­ры­ла­тын (бе­кі­ті­л­ген, нақ­ты­лан­ған, тү­зе­ті­л­ген) бюд­жет­ке бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар (кі­ші бағ­дар­ла­ма­лар) бой­ын­ша тө­лен­ген мін­дет­те­ме­лер, %
8
9
10
11
12
13
Облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың, ауданның      ________  _________________
(облыстық маңызы бар қаланың) әкімі   (қолы)       (қолтаңбаны
таратып жазу)
М.О.
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті  ________  _________________
уәкілетті органның басшысы             (қолы)      (қолтаңбаны
таратып жазу)
Есепті қалыптастыруға жауапты
ведомствоның құрылымдық               ________  _________________
бөлімшесінің басшысы                   (қолы)      (қолтаңбаны
таратып жазу)
М.О.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2006 жылғы 1 қыркүйектегі
N 335 бұйрығына 5-қосымша
Мемлекеттік, біріктірілген
бюджеттер мен облыс бюджетінің,
республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуы туралы
есептерді жасау мен ұсынудың
ережелеріне 9-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы ____ жылғы ______________ есеп
Мерзімділігі: айлық, жылдық
Өлшем бірлігі: мың теңге
Бюд­жет­тік сы­нып­та­ма код­та­ры
Ата­уы
Жыл ба­сы­нан ба­стап өспе­лі қо­ры­тынды­мен со­ма­сы
1
2
3
I. Кі­рі­стер
Бе­кі­ті­л­ген тіз­бе бой­ын­ша м ұ най сек­то­ры кә­сі­по­рын­да­ры­нан тү­се­тін са­лық­тық тү­сім­дер
Негіз­гі ка­пи­тал­ды са­ту­дан тү­се­тін тү­сім­дер
II. Қар­жы ак­тив­те­рін са­ту­дан тү­се­тін тү­сім­дер
Рес­пуб­ли­ка­лық мен­шік­те­гі және тау-кен және ө ң деу са­ла­ла­ры­на жа­та­тын мем­ле­кет­тік мү­лік­ті же­ке­ше­лен­ді­ру­ден тү­се­тін тү­сім­дер
III. ҚР Ұлт­тық қо­ры­ның ҚБШ-сы­на түс­кен тү­сім­дер­дің жиы­ны
IV. ҚР Ұлт­тық қо­ры­ның ҚБШ-сы­нан жа­сал­ған ауда­рым­дар
V. Тү­сім­дер мен ауда­рым­дар саль­до­сы
VI. Қар­жы жы­лы­ның ба­сын­да­ғы ҚР Ұлт­тық қо­ры­ның ҚБШ-сын­да­ғы ақ­ша қал­ды­ғы
VII. Есеп­ті ке­зең­нің ая­ғын­да­ғы ҚР Ұлт­тық қо­ры­ның ҚБШ-сын­да­ғы ақ­ша қал­ды­ғы
Мемлекеттік бюджеттің атқарылуына
қызмет көрсетуді жүзеге асыратын     ________  _________________
ведомствоның басшысы                 (қолы)       (қолтаңбаны
таратып жазу)
Есепті қалыптастыруға жауапты
ведомствоның құрылымдық               ________  _________________
бөлімшесінің басшысы                   (қолы)      (қолтаңбаны
таратып жазу)
М.О.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2006 жылғы 1 қыркүйектегі
N 335 бұйрығына 6-қосымша
Мемлекеттік, біріктірілген
бюджеттер мен облыс бюджетінің,
республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуы туралы
есептерді жасау мен ұсынудың
ережелеріне 10-қосымша
Қазақстан Республикасы біріктірілген бюджетінің атқарылуы туралы ____ жылғы ________________ есеп
(бюджеттің атауы)
Мерзімділігі: айлық, жылдық
Өлшем бірлігі: мың теңге
Бюд­жет­тік сы­нып­та­ма код­та­ры
Ата­уы
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет
Об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның бюд­жет­те­рі
Ұлт­тық қор (Ұлт­тық қор­дың ҚБШ-сы)
1
2
3
4
5
I. Кі­рі­стер
II. Шы­ғын­дар
III. Опе­ра­ци­я­лық саль­до
IV. Та­за бюд­жет­тік кре­дит бе­ру
Х
V. Қар­жы ак­тив­те­рі­мен жа­са­ла­тын опе­ра­ци­я­лар бой­ын­ша саль­до
VI. Бюд­жет­тің тап­шы­лы­ғы (про­фи­ци­ті)
Х
VII. Бюд­жет­тің тап­шы­лы­ғын (про­фи­ци­тін пай­да­ла­ну) қар­жы­лан­ды­ру
Х
Анық­та­ма үшін:
Қар­жы жы­лы­ны ң ба­сын­да ғ ы бюд­жет қа­ра­жа­ты­ны ң қал­ды ғ ы
Есеп­ті ке­зе ң ні ң со ң ын­да ғ ы бюд­жет қа­ра­жа­ты­ны ң қал­ды ғ ы
оны ң ішін­де сырт­қы қары­здар есе­бі­нен
Х

Қолданыстағы