О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 октября 2004 года № 1044
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 октября 2004 года № 1044
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы № 1044 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 529
- Қабылданған күні
- 25.06.2007
- Көрсетілген редакция
- 26.02.2009 AI33790_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.02.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000529_
- ЭКБ идентификаторы
- 33790
- Редакция идентификаторы
- AI33790_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:28
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 1044 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1
1. "Электр энергетикасы қондырғылары объектілерін қайта жаңарту мен кеңейту үшін қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 1044 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 37, 495-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1 1) 3-тармақ алынып тасталсын;
2 2) мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Жергілікті атқарушы органдар 2007 жылғы 31 шілдеден кешіктірмей қалалардың, аудандар мен облыстардың жылу және энергетика желілерін дамыту жоспарларын әзірлеу мен бекітуді қамтамасыз етсін.";
3 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Электр энергетикасы қондырғылары объектілерін қайта жаңарту мен кеңейту үшін қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесінде:
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Электр және жылу желілеріне бұрын қосылған тұтынушыларға энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсетуді, сондай-ақ тұтынушының деректері (атауы, деректемелері, тегі, аты, әкесінің аты) өзгерген кезде энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсетуді жаңарту, сонымен бірге энергиямен жабдықтау объектісінің меншік иесі ауысқан кезде, бұрын берілген техникалық шарттар шегінде қосымша қуаттарды қосу болып табылмайды.".