Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 8 сентября 2004 года № 375-ОД "О Правилах утверждения временных понижающих коэффициентов к тарифам (ценам, ставкам сборов) на регулируемые услуги магистральной железнодорожной сети"

Бұйрық · № 315-ОД · қабылданған 14.10.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2004-no-375-ekb-42767/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 8 сентября 2004 года № 375-ОД "О Правилах утверждения временных понижающих коэффициентов к тарифам (ценам, ставкам сборов) на регулируемые услуги магистральной железнодорожной сети" Күшін жойған Бұйрық ·№ 315-ОД ·14.10.2008
31.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 8 сентября 2004 года № 375-ОД "О Правилах утверждения временных понижающих коэффициентов к тарифам (ценам, ставкам сборов) на регулируемые услуги магистральной железнодорожной сети"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 315-ОД · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 8 сентября 2004 года № 375-ОД "О Правилах утверждения временных понижающих коэффициентов к тарифам (ценам, ставкам сборов) на регулируемые услуги магистральной железнодорожной сети"
Атауы (қаз.)
"Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 375-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
315-ОД
Қабылданған күні
14.10.2008
Көрсетілген редакция
31.07.2015 AI42767_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005384_
ЭКБ идентификаторы
42767
Редакция идентификаторы
AI42767_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:46

0

"Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 375-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 375-НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3092 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2004 жылғы 2 қазанда N 40 (197) жарияланған) "Магистральдық темір жол желісі қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 375-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3520 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2005 жылғы 16 сәуірде N 16 (225) жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесінде:
7-тармақ 6), 7), 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің көліктік жүйелерінің көліктік қызметтердің әлемдік нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
7) ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
8) ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің темір жолдары арқылы бұрын жүзеге асырылмаған жаңа жүк ағындарын тарту;
9) жүк ағындарын жүктерді тасымалдаудың баламалы бағдарларына қайта бағдарлау мүмкіндігі болып табылады.";
20 және 21-тармақтардағы "(жолаушылар айналымының)" деген сөздер алып тасталсын;
23-тармақтағы "(жолаушылар айналымы)" деген сөздер алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1 1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

2

2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары М.М. Оспановқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
___________________С. Ахметов
2008 жылғы 17 қазан
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________________ Б. Жәмішев
2008 жылғы 3 қараша

Қолданыстағы