Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 8 сентября 2004 года № 375-ОД "О Правилах утверждения временных понижающих коэффициентов к тарифам (ценам, ставкам сборов) на регулируемые услуги магистральной железнодорожной сети"

Бұйрық · № 41-ОД · қабылданған 13.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2004-no-375-ekb-45028/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 8 сентября 2004 года № 375-ОД "О Правилах утверждения временных понижающих коэффициентов к тарифам (ценам, ставкам сборов) на регулируемые услуги магистральной железнодорожной сети" Күшін жойған Бұйрық ·№ 41-ОД ·13.02.2009
31.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 8 сентября 2004 года № 375-ОД "О Правилах утверждения временных понижающих коэффициентов к тарифам (ценам, ставкам сборов) на регулируемые услуги магистральной железнодорожной сети"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 41-ОД · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 8 сентября 2004 года № 375-ОД "О Правилах утверждения временных понижающих коэффициентов к тарифам (ценам, ставкам сборов) на регулируемые услуги магистральной железнодорожной сети"
Атауы (қаз.)
"Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 375-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
41-ОД
Қабылданған күні
13.02.2009
Көрсетілген редакция
31.07.2015 AI45028_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005597_
ЭКБ идентификаторы
45028
Редакция идентификаторы
AI45028_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:46

0

"Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 375-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 375-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3092 нөмірмен тіркелген, "Ресми газеттің" 2004 жылғы 2 қазандағы N 40 (197) нөмірінде жарияланған, "Магистральдық темір жол желісінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту және алып тастау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің төрағасы міндетін атқарушысының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 375-НҚ бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бұйрығына нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 3520 нөмірімен тіркелген, "Ресми газеттің" 2005 жылғы 16 сәуірдегі N 16 (225) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспедегі "Табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коффициенттерін бекіту ережесінде:
1-тармақтағы "табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"тұтынушы - табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке және заңды тұлға;";
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"уәкілетті орган- табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";
мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
"табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне анықталған тауарды беру түрінде қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар).";
"Қазақстан Республикасы" деген сөздерден кейін "табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың екінші абзацында:
"көрсетілетін қызметтер көлемін арттыру" деген сөздер алып тасталсын;
"түсетін", "операторы", "тұтынушыға" деген сөздер тиісінше "түсумен", "оператормен", "тұтынушымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) жүк жөнелтуші (тұтынушы) жұмыс орындарын сақтаған кезде дағдарыс жағдайларында жүк айналымы көлемінің төмендеуі (сақталуы).";
22-тармақтағы "магистралдық темір жол желісінің қызметтерін тұтынудың мәлімделген көлемдерін" деген сөздер "Ереженің 7-тармағында көзделген қағидаттарын," деген сөздермен ауыстырылсын;
1-қосымшаның 5) тармақшасындағы "түсіндірме жазба" деген сөздерден кейін ", еңбек бойынша есеп" деген сөздермен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1 1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

2 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілген:
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
______________С. Ахметов
2009 жылғы 13 ақпан
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________Б. Жәмішев
2009 жылғы 16 ақпан

Қолданыстағы