Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 декабря 2004 года № 432 "Об утверждении Правил составления и представления отчетов об исполнении государственного бюджета и бюджета области, республиканского и местных бюджетов"

Бұйрық · № 5 · қабылданған 12.01.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2004-no-432/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 декабря 2004 года № 432 "Об утверждении Правил составления и представления отчетов об исполнении государственного бюджета и бюджета области, республиканского и местных бюджетов" Күшін жойған Бұйрық ·№ 5 ·12.01.2006
30.12.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 декабря 2004 года № 432 "Об утверждении Правил составления и представления отчетов об исполнении государственного бюджета и бюджета области, республиканского и местных бюджетов"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 5 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 декабря 2004 года № 432 "Об утверждении Правил составления и представления отчетов об исполнении государственного бюджета и бюджета области, республиканского и местных бюджетов"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетінің, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау мен ұсынудың Ережелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 432 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5
Қабылданған күні
12.01.2006
Көрсетілген редакция
30.12.2008 AI26496_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004062_
ЭКБ идентификаторы
26496
Редакция идентификаторы
AI26496_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:01

0 "Мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетінің, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау мен ұсынудың Ережелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 432 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 121-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетінің, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау мен ұсынудың Ережелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 432 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3321 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы
N 17 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетінің, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау мен ұсынудың Ережелерінде:
осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес 1-1, 6, 7-қосымшалармен толықтырылсын;
тиісінше мынадай мазмұндағы 3-1 және 4-1-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін, олардың иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есеп тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімін және олар бойынша шығыстар сомасын көрсетеді.
Демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есеп заңды және жеке тұлғалардан демеушілік және қайырымдылық көмек ретінде түсетін ақша түсімі және олар бойынша шығыстар сомасын көрсетеді.";
"4-1. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін, олардың иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есеп осы Ережелерде анықталған құрылым, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 12 наурыздағы N 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышына (бұдан әрі - Сыныптауыш) сәйкес, сондай-ақ бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамаларының кодтарын ескере отырып тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) кодтары бойынша қалыптастырылады.
Демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есеп осы Ережелерде анықталған тәртіппен қалыптастырылады.";
2, 3, 4, 10-тараулардың атаулары "Есептің", "Есептерді" деген сөздердің алдынан "Бюджеттердің атқарылуы туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақта "1-қосымшасына сәйкес нысанда" деген сөздер "1 және 1-1-қосымшаларына сәйкес нысандарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:
"39-1. Жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті, тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне қоса берілетін бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөле отырып, Бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесіне сәйкес бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар қалыптастырады.
Республикалық бюджет бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға қоса берілетін бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөле отырып, Бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесіне сәйкес мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады.
Мемлекеттік және жергілікті (жиынтық) бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы есепті республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы есептердің негізінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады.
Бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы есептер заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және арттыруға арналған инвестициялық жобалар, инвестициялық бағдарламалар мен инвестициялар бойынша қорытынды деректерді көрсете отырып осы Ережелерге 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.";
42-тармақта "4 және 5-қосымшаларға" деген сөздер "1-1, 4 және 5-қосымшаларға (қолдармен бекітусіз)" деген сөздермен ауыстырылсын;
45 және 46-тармақтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11 және 12-тараулармен толықтырылсын:
"11. Кейбір басқа есептерді жасау және беру тәртібі
45. Тоқсан сайын ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіндегі,
1 қазанындағы және жаңа қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдар және бюджетті атқарушы жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті шегінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ведомстволар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің теңгерімдері деректерінің негізінде осы Ережелерге 6 және 7-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін, олардың иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы (бұдан әрі - тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есептер) туралы және демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есептерді жасайды.
46. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты жауапты құрылымдық бөлімшесі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдары және бюджетті атқарушы жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті шегінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ведомство ұсынған есептердің негізінде мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер (жиынтық) бойынша осы Ережелерге 6 және 7-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша (қолдармен бекітусіз) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы және демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есептерді қалыптастырады.
47. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін, олардың иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы және демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есептер толық көлемде электрондық дерекқор түрінде ұсынылады және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша деректерсіз қағаз түріндегі есептермен бекітіледі.
Қағаз түріндегі есептер мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) іске асыруына байланысты және демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде алынған ақшаның қозғалысына әсер ететін негізгі факторлар жазылған түсіндірме жазбасы бар ілеспе хатпен беріледі.
48. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есептер осы Ережелерге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және мынадай бөлімдерді қамтиды:
1) түсімдер (І);
2) шығыстар (ІІ);
3) қаржы жылының есепті кезеңінің аяғындағы ақша қалдығы (ІІІ).
І "Түсімдер" бөлімі тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдердің жалпы көлемін және хронологиялық тәртіппен көрсетілетін және түсімдердің жалпы көлемі бойынша да, түсімдердің әрбір коды бойынша да және әрбір әкімші бойынша да қаржы жылының басындағы ақша қалдығының сомасын көрсете отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде бекітілген Сыныптауышқа сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдердің кодтары бойынша түсімдер сомасын көрсетеді.
ІІ "Шығыстар" бөлімі түсімдердің жалпы сомасының есебінен ақша шығыстарының жалпы көлемін, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір коды бойынша, бекітілген Сыныптауышқа сәйкес, оның ішінде бюджетке есептелген соманы көрсете отырып бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамалары бойынша түсімдердің есебінен шығыстар сомасын көрсетеді.
ІІІ "Қаржы жылының есепті кезеңінің аяғындағы ақша қалдығы" бөлімі тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер кодтарының және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің (хронологиялық тәртіппен) бөлінісінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаның іс жүзіндегі түсімінің сомасы мен олардың есебінен жүргізілген шығыстар сомасы арасындағы қорытынды айырманы көрсетеді.
49. Демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есептер осы Ережелерге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және былай толтырылады:
1 және 2-бағандарда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды мен атауы көрсетіледі;
3-бағанда жыл басынан бастап өсу қорытындысымен ағымдағы қаржы жылының есепті кезеңіндегі ақша түсімінің сомасы көрсетіледі;
4-бағанда қаржы жылының басындағы ақша қалдығы көрсетіледі;
5 және 6-бағандарда бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің коды мен атауы көрсетіледі;
7-бағанда жыл басынан бастап өсу қорытындысымен ағымдағы қаржы жылының есепті кезеңіндегі ақшаның жүргізілген жұмсалуының сомасы көрсетіледі;
8-бағанда бюджет кірісіне аударылған сома көрсетіледі;
9-бағанда есепті кезеңде түскен және мақсатына сай жұмсалған ақша сомасының айырмасы ретінде анықталатын есепті кезең аяғындағы ақша қалдығы көрсетіледі.
50. Төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға соңғысы белгілеген мерзімде мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін, олардың иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы және демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есептерді ұсынады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті шегінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ведомствосы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы және демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне мынадай мерзімде:
ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіндегі және 1 қазанындағы жағдай бойынша - есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 20-сы күнінен кешіктірмей;
есептіден кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша - есепті қаржы жылынан кейінгі үшінші айдың 1-і күнінен кешіктірмей ұсынады.
51. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ережелердің 50-тармағында белгіленген мерзімнен кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей бюджеттік жоспарлау және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органдарға мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер (жиынтық) бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы және демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есептерді береді.
12. Қорытынды ережелер
52. Есепті қаржы жылында бюджеттің атқарылуы туралы басқа есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін нысандар бойынша және мерзімде бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдар қалыптастырады және ұсынады.
53. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері арасындағы бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептерді, бюджеттің түсімдері мен шығыстары туралы электрондық дерекқорды, бюджеттің атқарылуы туралы басқа есептерді қалыптастыру және ұсыну жөніндегі өзара қарым-қатынастарын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган реттейді.".

2 2. Есептілік және статистика департаменті (Л.И.Парусимова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды бөлумен бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы есеп

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушының
2006 жылғы 12 қаңтардағы
N 5 бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттік бюджет пен облыс
бюджетінің, республикалық және
жергілікті бюджеттердің
атқарылуы туралы есептерді
жасау мен ұсынудың
Ережелеріне 1-1-қосымша
Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды бөлумен бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы есеп
__________________________________ бойынша
(бюджеттің атауы)
___________________________ жылға арналған
Облыс, қала, аудан _____________________________________
Мерзімділігі: айлық, жылдық
Өлшем бірлігі: мың теңге
Бюд-
жет­тік
сы­нып-
та­ма
код-
та­ры
Ата­уы
Eceп­тi
қар­жы
жы­лы­на
ар­нап
бе­кі­тіл-
ген
бюд­жет
Есеп­ті
қар­жы
жы­лы­на
ар­нап
нақ­ты-
лан­ған
бюд­жет
Есеп­ті
қар­жы
жы­лы­на
ар­нап
тү­зе­тіл-
ген
бюд­жет
Тү­сім­дер мен
қар­жы­лан­ды­ру-
дың жиын­тық
жос­па­ры, eceп­тi ке­зең­ге
ар­нал­ған мін­дет­те­ме­лер
жө­нін­де­гі
жиын­тық қар­жы-
лан­ды­ру
жос­па­ры
тө­лем-
дер
бой­ын-
ша
мін­дет-
те­ме­лер
бой­ын­ша
1
2
3
4
5
6
7
БАР­ЛЫ­ҒЫ
кестенің жалғасы:
есеп­ті
ке­зең­де
бе­рі­л­ген
рұқ­сат­тар
со­ма­сы
Кас­са­лық
ат­қа­ру
есеп­ті
ке­зең­ге
ар­нал­ған
тү­сім­дер
мен қар-
жы­лан­ды­ру
жиын­тық
жос­па­ры­на
% кас­са-
лық ат­қа-
ру (9
бағ.:6 бағ.)
% ат­қа­ры-
ла­тын (бе-
кі­ті­л­ген,
нақ­ты­лан­ған,
тү­зе­ле­тін)
бюд­жет­ке %
кас­са­лық
ат­қа­ру
8
9
10
11
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан
(облыстық маңызы бар қала) әкімі
_____________ _________________________
(қолы) (қолтаңбаны таратып жазу)
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті
органның басшысы
_____________ _________________________
(қолы) (қолтаңбаны таратып жазу)
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның есепті
қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы
_____________ _________________________
(қолы) (қолтаңбаны таратып жазу)

2 Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін, олардың иелігінде қалатын ақша түciмдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есеп

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушының
2006 жылғы 12 қаңтардағы
N 5 бұйрығына 2-қосымша
Мемлекеттік бюджет пен облыс
бюджетінің, республикалық және
жергілікті бюджеттердің
атқарылуы туралы есептерді
жасау мен ұсынудың
Ережелеріне 6-қосымша
Мемлекеттік мекемелердің тауарларды
(жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін, олардың
иелігінде қалатын ақша түciмдері мен шығыстары
жоспарларының орындалуы туралы есеп
___________________ жылға арналған
Бюджет түpi _________________________________________
Мерзімділігі: тоқсандық, жылдық
Өлшем бipлiгi: мың теңге
Жол
ко­ды
Та­у­ар-
лар­ды
(жұ­мыс-
тар­ды,
қыз­мет-
тер­ді
өт­кі­зу-
ден
Функ­цио-
нал­дық
то­бы
Бюд­жет-
тік бағ­дар-
ла­ма-
лар­дың
әкім­ші-
сі
Бюд­жет­тік
бағ­дар­ла­ма
Kі­ші бағ-
дар­ла­ма
Ерекше­лі-
гі
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы:
Жол
ко­ды
Ата­уы
Жыл­дық
жос­пар
есеп­ті
ке­зең­ге
ар­нал-
ған
жос­пар
Ат­қа-
ры­лу
жыл­дық
жос­пар­ға
& ат­қа­ры-
лу
11-бағ.:
9-бағ.
есеп­ті
ке­зең­нің
жос­па­ры­на
& ат­қа­ры-
лу
11-бағ.:
10-бағ.
1
8
9
10
11
12
13
I. Тү­сім­дер
II.
Шы­ғы­стар
III.
Қар­жы
жы­лы­ның
есеп­ті
ке­зе­ңі­нің
ая­ғын­да­ғы
ақ­ша
қал­ды­ғы
Мемлекеттік бюджеттің
атқарылуына қызмет
көрсетуді жүзеге
асыратын ведомство/бюджеттік
атқару жөніндегі жергілікті
уәкілетті органның басшысы
_____________ ____________________________
(қолы) (қолтаңбаны таратып жазу)
Eceптi қалыптастыруға
жауапты құрылымдық
бөлімшенің басшысы
_____________ ____________________________
(қолы) (қолтаңбаны таратып жазу)

3 Демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есеп

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушының
2006 жылғы 12 қаңтардағы
N 5 бұйрығына 3-қосымша
Мемлекеттік бюджет пен облыс
бюджетінің, республикалық және
жергілікті бюджеттердің
атқарылуы туралы есептерді
жасау мен ұсынудың
Ережелеріне 7-қосымша
Демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есеп
Бюджет түpi ___________________________________
Мерзімділігі: тоқсандық, жылдық
Өлшем бipлiгi: мың теңге
Бюд­же­тік
бағ­дар­ла-
ма­лар­дың
әкім­ші­сі
Ата­уы
Тү­сім
Жұм­са­луы
бар­лы­ғы
оның
ішін­де
жыл­дың
ба­сын­да-
ғы ақ­ша
қал­ды­ғы
ерекше­лі­гі
ко­ды
ата­уы
1
2
3
4
5
6
Жиы­ны
кестенің жалғасы:
Бюд­же­тік
бағ­дар­ла-
ма­лар­дың
әкім­ші­сі
Жұм­са­луы
Қар­жы жы­лы­ның
есеп­ті
ке­зе­ңі­нің
ая­ғын­да­ғы
ақ­ша қал­ды­ғы
3-бағ.-7-бағ.
бар­лы­ғы
оның бюд­жет
кі­рі­сіне
ауда­ры­л­ға­ны
1
7
8
9
Мемлекеттік бюджеттің атқарылуына
қызмет көрсетуді жүзеге асыратын
ведомство/бюджеттік атқару жөніндегі
жергілікті уәкілетті органның басшысы
_____________ __________________________
(қолы) (қолтаңбаны таратып жазу)
Eceптi қалыптастыруға жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы
_____________ __________________________
(қолы) (қолтаңбаны таратып жазу)

Қолданыстағы