О внесении дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 8 июня 2006 года № 263 "О периодическом государственном техническом осмотре механических транспортных средств и прицепов к ним"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 8 июня 2006 года № 263 "О периодическом государственном техническом осмотре механических транспортных средств и прицепов к ним"
- Атауы (қаз.)
- «Механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мерзімді мемлекеттік техникалық байқау туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы № 263 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 483
- Қабылданған күні
- 20.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2013 AI50172_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090006014_
- ЭКБ идентификаторы
- 50172
- Редакция идентификаторы
- AI50172_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:44
0 «Механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мерзімді мемлекеттік техникалық байқау туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы № 263 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 16 қарашадағы Заңына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мерзімді мемлекеттік техникалық байқау туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы № 263 бұйрығына (Құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4263 болып тіркелген, «Заң газетінде» 2006 жылғы 19 шілдеде № 132 (1112) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
3-тармақтың бірінші абзацында «тіркелген жері бойынша» деген сөздерден кейін «механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді техникалық байқау туралы куәлік беру үшін мемлекеттік баж төлегенін растайтын құжатты және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралдары салығын төлегенін растайтын құжаттар немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар ұсынған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын.