Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы от 8 мая 2008 года № 04.2-09/119 "Об установлении требований к эмитентам, чьи ценные бумаги предполагаются к включению или включены в список специальной торговой площадки регионального финансового центра города Алматы, а также к таким ценным бумагам"

Қаулы · № 04.2-40/33 · қабылданған 08.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2008-no-042-09119-ekb-51263/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы от 8 мая 2008 года № 04.2-09/119 "Об установлении требований к эмитентам, чьи ценные бумаги предполагаются к включению или включены в список специальной торговой площадки регионального финансового центра города Алматы, а также к таким ценным бумагам" Күшін жойған Қаулы ·№ 04.2-40/33 ·08.02.2010
01.01.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы от 8 мая 2008 года № 04.2-09/119 "Об установлении требований к эмитентам, чьи ценные бумаги предполагаются к включению или включены в список специальной торговой площадки регионального финансового центра города Алматы, а также к таким ценным бумагам"

Күшін жойған Қаулы ·№ 04.2-40/33 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы от 8 мая 2008 года № 04.2-09/119 "Об установлении требований к эмитентам, чьи ценные бумаги предполагаются к включению или включены в список специальной торговой площадки регионального финансового центра города Алматы, а также к таким ценным бумагам"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
04.2-40/33
Қабылданған күні
08.02.2010
Көрсетілген редакция
01.01.2015 AI51263_4.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006115_
ЭКБ идентификаторы
51263
Редакция идентификаторы
AI51263_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:06

0

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5223 тіркелген, 2008 жылғы 6 маусымдағы № 85 (1311) «Заң газетінде» жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген қосымшада:
13-4-тармақтағы «эмитенттің директорлар кеңесі» деген сөздерінен кейін «(акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі)» деген сөздерімен толықтырылсын;
13-5-тармақтың бірінші бөлігінде:
«он» деген сөзі «жиырма» деген сөзімен ауыстырылсын;
«директорлар кеңесі» деген сөздері «эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі)» деген сөздерімен ауыстырылсын;
13-7-тармақ мына мазмұнда жазылсын:
«13-7. Іс-шаралар жоспарын қабылдау не қабылдамау туралы шешімді құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін қор биржасының органы (бұдан әрі – листингтік комиссия) қабылдайды және оны қор биржасының директорлар кеңесі бекітеді.
Листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдау туралы шешімін қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен жағдайда, осы шешімде эмитенттің бағалы қағаздары «буферлік санат» санатына аударым жасалуы тиіс екендігі туралы ақпарат болады.
Листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдамау туралы шешімін қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен жағдайда, осы шешімде эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына не делистингке сәйкес келген кезде қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздарының екінші санатшасына аударым жасалуы тиіс екендігі туралы ақпарат болады.
Қор биржасының директорлар кеңесі листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдау туралы шешімін бекітуден бас тартқан жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары осы санатшаның талаптарына не делистингке сәйкес келген кезде қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздарының екінші санатшасына аударым жасалуы тиіс.
Қор биржасының директорлар кеңесі листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдамау туралы шешімін бекітуден бас тартқан жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары «буферлік санат» санатына аударым жасалуы тиіс.
Эмитенттің бағалы қағаздары «буферлік санат» санатында болған кезеңде эмитент эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) бекітетін іс-шаралар жоспарына өзгеріс енгізе алады.
Іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістерді қабылдау не қабылдамау туралы шешімді листингтік комиссия қабылдайды және оны қор биржасының директорлар кеңесі іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістерді алған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде бекітеді.
Іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістерді қабылдамау туралы шешім эмитенттің бағалы қағаздары делистинг үшін негіздемелер болмаған жағдайда, осы Талаптардың 13-13, 13-14, 13-16-тармақтарына сәйкес «буферлік санат» санатында қалатыны туралы ақпаратты қамтиды.»;
13-10-тармақтың бірінші абзацындағы «тоқсан сайынғы негізде» деген сөздерінен кейін «және қор биржасының ресми сұратуы бойынша» деген сөздерімен толықтырылсын;
13-12-тармақтағы «құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін, қор биржасы органының» деген сөздері «листингтік комиссияның» деген сөздерімен ауыстырылсын;
13-16-тармақта:
5) тармақша «эмитенттің директорлар кеңесі» деген сөздерінен кейін «(акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі)» деген сөздерімен толықтырылсын;
8) тармақшада:
«эмитенттің директорлар кеңесі» деген сөздерінен кейін «(акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі)» деген сөздерімен толықтырылсын;
«10 және 11-тармақтарының» деген сөздері «10-тармағының 1) – 8), 10) тармақшаларының және 11-тармағының» деген сөздеріне ауыстырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Даму департаменті:

1 1) Агенттіктің Заң басқармасымен бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қабылдасын;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, «Қазақстандық қор биржасы» акционерлік қоғамы және «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін;

3 3) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бағыттаушы орынбасарына (Қанапиянов Ш.С.) жүктелінсін.

4 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, 10 күнтізбелік күннен кейін, қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігінің төрайымы
__________ Е. Бахмутова
2010 жылғы 12 ақпан

Қолданыстағы