Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 апреля 2008 года № 337

Қаулы · № 904 · қабылданған 06.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2008-no-337/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 апреля 2008 года № 337 Күшін жойған Қаулы ·№ 904 ·06.09.2010
30.01.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 апреля 2008 года № 337

Күшін жойған Қаулы ·№ 904 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 апреля 2008 года № 337
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 337 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
904
Қабылданған күні
06.09.2010
Көрсетілген редакция
30.01.2017 AI54335_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000904_
ЭКБ идентификаторы
54335
Редакция идентификаторы
AI54335_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:25

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 337 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 337 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 183-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген "Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде:
1-тармақ алынып тасталсын;
2-тармақ "азық-түліктік" деген сөздерден кейін "және тұқымдық" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы "тұқымдық," деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Азық-түліктік астықта:
1) әлеуетті қауіпті химиялық қосылыстардың рұқсат етілген шекті деңгейінің және пестицидтердің қалдық мөлшерінің;
2) қоспалардың, оның ішінде зиянды қоспаның рұқсат етілген шекті деңгейінің;
3) зиянкестермен залалдануының;
4) бөтен иістердің;
5) өздігінен қызуы, микроорганизмдердің дамуы мен микотоскиндердің пайда болуы үшін қолайлы жағдайлар туғызатын жоғары ылғалдылықтың болуы адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті факторлар болып табылады.
3-2. Мыналардың:
1) қоспалардың, оның ішінде зиянды қоспаның рұқсат етілген шекті деңгейінің;
2) жоғары ылғалдылықтың;
3) карантиндік арамшөптердің, зиянкестер мен аурулардың;
4) улы арамшөптер тұқымының;
5) зиянкестермен залалдануының болуы тұқымдық астықтың қауіпті факторлары болып табылады.
3-3. Астықты сәйкестендіру астық легі туралы ақпаратты қамтитын ілеспе құжаттама негізінде астық дақылының осы түріне тән ботаникалық белгілерін визуалды қарау бойынша жүзеге асырылады.";
4-тармақтың төртінші, отыз үшінші абзацтары алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
"20-1. Бидайдың, қара бидайдың, арпаның, күнбағыстың, қарақұмықтың, тарының, сұлының тұқымдық астығының ең жоғарғы қызуы 40 оС-тан, ал кептіру агентінің температурасы - 70 оС-тан аспауы тиіс. Бұршақты дақылдар мен күрішті кептіру кезінде тұқымдық астықтың қызуы 35 оС-тан, ал кептіру агентінің температурасы - 60 оС-тан аспауы тиіс.
Ылғалдылығы 19 %-дан жоғары тұқымдық астықты кептіру кезінде тұқым ұрығының зақымдануына жол бермейтін жұмсақ режим қолданылады, бұл ретте бірінші аймақта қыздырудың шекті температурасын 5 оС-қа, ал кептіру агентінің температурасын - 10 оС-қа төмендету жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
"26-1. Тұқымдық астықта мынадай көрсеткіштер: ылғалдылық, өнгіштік, дақылдардың және арамшөп тұқымдарының болуы бақыланады және айқындалады.";
мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
"28-1. Сақтау кезінде тұқымдық астықтың ылғалдылығы:
бидай, қара бидай, арпа, асбұршақ, сұлы, тритикале, жүгері, ноқат, қытай бұршақ үшін 14 %-дан аспауға;
тары үшін 13,5 %-дан аспауға;
күріш, жасымық, сиыржоңышқа үшін 15,0 %-дан аспауға;
құмай, арыш, мақсары, майлы зығыр, сора үшін 13,0 %-дан аспауға;
қыша үшін 12,0 %-дан аспауға;
жер жаңғақ үшін 11,0 %-дан аспауға;
күнбағыс, көкнәр тұқымдары, мақта шиті үшін 10,0 %-дан аспауға;
күнжіт, кенедән үшін 9,0 %-дан аспауға;
рапс, беде қыша үшін 8,0 %-дан аспауға;
қарақұмық, ноғатық үшін: Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 14,0 %-дан аспауға, ал басқа облыстарда 15,0 %-дан аспауға тиіс.";
49-тармақтағы "Астықты" деген сөз "Азық-түліктік астықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
50-тармақтағы "Астықтағы" деген сөз "Азық-түліктік астықтағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
51-тармақ "астықта" деген сөздің алдынан "азық-түліктік" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 51-1-тармақпен толықтырылсын:
"51-1. Тұқымдық астықта карантиндік арамшөптер (тұқымы мен жемістері), зиянкестер және аурулар бар болса, оны өткізуге және тұқымдық мақсатта пайдалануға рұқсат етілмейді. Тұқымдық астықты зақымдайтын улы арамшөптер тұқымдарының, тірі зиянкестер мен олардың личинкаларының болуы осы Техникалық регламентке 4-1-қосымшада көрсетілген мәндердің деңгейінен аспауы тиіс.";
9, 10-бөлімдер алынып тасталсын;
67-тармақ алынып тасталсын;
69-тармақта "Астық" деген сөз "Азық-түліктік астық" деген сөздермен ауыстырылсын;
70, 71-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"70. Азық-түліктік астықтың сәйкестігін растау "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентінің 1-қосымшасының 7-схемасы бойынша жүзеге асырылады.
71. Отандық және импортталатын азық-түліктік астықтың сәйкестігін растау бірыңғай рәсімдер бойынша жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 11-1-бөлім толықтырылсын:
"11-1. Астықты буып-тую мен таңбалауға қойылатын талаптар
71-1. Буып-түю мен таңбалауға қойылатын талаптар тек тұқымдық астыққа ғана қатысты белгіленеді.
Бірегей және элиталық тұқым, бірінші ұрпақ будандары 1 %-ға дейін ауытқумен 50 кг-дан аспайтын салмақпен буып-түйіледі.
Орам тұқымдық астықтың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс және таңбасы немесе зат белгісі болуы керек, онда:
тұқым өндірушінің атауы;
дақыл;
сорт;
репродукция;
сорттық тазалығының санаты;
егіс стандартының сыныбы;
жиналған жылы;
тұқым легінің нөмірі;
сорттық тазалығы;
сорттық құжаттың және тұқымның егістік сапасын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні көрсетіледі.
Тұқым салынған әрбір қапқа немесе контейнерге тұқымның егістік сапасын куәландыратын құжаттан басқа, деректерімен затбелгі салынады. Дәріленген тұқым салынған орамға "Дәріленген" деген жазу жазылады.";
12-бөлім алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымшада:
кестенің тақырыбындағы "Астықтағы" деген сөз "Азық-түліктік астықтағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Дәнді дақылдар (бидай, қара бидай, тритикале, сұлы, арпа, тары, қарақұмық, күріш, жүгері, құмай жүгері)" деген бөлімде "Пестицидтер" деген сөз "Пестицидтер*" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"* - пестицидтің қалдық мөлшерін айқындау жөніндегі тиісті әдістеме, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген стандартты үлгі болған жағдайда қолданылады.";
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын;
5-қосымша алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (КО СЭҚ ТН)

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2010 жы­л­ғы 6 қыр­күй­ек­те­гі
№ 904 қа­улы­сы­на
1-қо­сым­ша
"Астық қа­уіп­сіз­ді­гіне
қой­ы­ла­тын та­лап­тар"
тех­ни­ка­лық ре­гла­мен­тіне
1-қо­сым­ша
Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (КО СЭҚ ТН)
СЭҚ ТН
По­зи­ци­я­лар ата­уы
Қо­сым­ша өл­шем бір­лі­гі
1
2
3
1001
Би­дай және меслин:
1002 00 000 0
Қа­ра би­дай
-
1003 00
Ар­па:
1004 00 000 0
Сұ­лы
1005
Жү­ге­рі:
1006
Кү­ріш:
1006 10
- қа­уы­здал­ма­ған кү­ріш (ши­кі кү­ріш):
1006 10 100 0
-- се­бу­ге
-- бас­қа­сы:
--- бу­лан­ған:
1006 10 210 0
---- қы­сқа дән­ді
-
1006 10 230 0
----- ор­та­ша дән­ді
-
---- ұзын дән­ді:
1006 10 250 0
----- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 2 ар­тық, бі­рақ 3 кем
-
1006 10 270 0
----- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 3 тең неме­се ар­тық
-
--- бас­қа­сы:
1006 10 920 0
---- қы­сқа дән­ді
-
1006 10 940 0
---- ор­та­ша дән­ді
-
---- ұзын дән­ді:
1006 10 960 0
----- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 2 ар­тық, бі­рақ 3 кем
-
1006 10 980 0
----- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 3 тең неме­се ар­тық
-
1006 20
- қа­уы­здал­ған кү­ріш (жы­л­ты­ра­тыл­ма­ған):
-- бу­лан­ған:
1006 20 110 0
--- қы­сқа дән­ді
-
1006 20 130 0
--- ор­та­ша дән­ді
-
--- ұзын дән­ді:
1006 20 150 0
---- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 2 ар­тық, бі­рақ 3 кем
-
1006 20 170 0
---- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 3 тең неме­се ар­тық
-
-- бас­қа­сы:
-
1006 20 920 0
--- қы­сқа дән­ді
-
1006 20 940 0
--- ор­та­ша дән­ді
-
--- ұзын дән­ді:
1006 20 960 0
---- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 2 ар­тық, бі­рақ 3 кем
-
1006 20 980 0
---- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 3 тең неме­се ар­тық
-
1006 30
- жар­ты­лай жа­ры­л­ған неме­се то­лық­тай жа­ры­л­ған кү­ріш, жал­ты­ра­ты­л­ған неме­се жал­ты­ра­тыл­ма­ған, жы­л­ты­ра­ты­л­ған неме­се жы­л­ты­ра­тыл­ма­ған:
-- жар­ты­лай жа­ры­л­ған кү­ріш:
--- бу­лан­ған:
1006 30 210 0
---- қы­сқа дән­ді
-
1006 30 230 0
---- ор­та­ша дән­ді
-
---- ұзын дән­ді:
1006 30 250 0
----- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 2 ар­тық, бі­рақ 3 кем
-
1006 30 270 0
----- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 3 тең неме­се ар­тық
-
--- бас­қа­сы:
1006 30 420 0
---- қы­сқа дән­ді
-
1006 30 440 0
---- ор­та­ша дән­ді
-
---- ұзын дән­ді:
1006 30 460 0
----- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 2 ар­тық, бі­рақ 3 кем
-
1006 30 480 0
----- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 3 тең неме­се ар­тық
-
-- то­лық жа­ры­л­ған кү­ріш:
--- бу­лан­ған:
1006 30 610 0
---- қы­сқа дән­ді
-
1006 30 630 0
---- ор­та­ша дән­ді
-
---- ұзын дән­ді:
1006 30 650 0
----- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 2 ар­тық, бі­рақ 3 кем
-
1006 30 670 0
----- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 3 тек неме­се ар­тық
-
---- бас­қа­сы:
1006 30 920 0
---- қы­сқа дән­ді
-
1006 30 940 0
---- ор­та­ша дән­ді
-
---- ұзын дән­ді:
1006 30 960 0
----- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 2 ар­тық, бі­рақ 3 кем
-
1006 30 980 0
---- ұзынды­ғы­ның еніне қа­ты­сын­да 3 тең неме­се ар­тық
-
1006 40 000 0
- жа­ры­л­ған кү­ріш
-
1007 00
Астық жү­ге­рі­сі:
1008
Қа­ра­құ­мық, та­ры және су би­дай­ық тұқы­мы; бас­қа астық­ты да­қыл­дар:
1008 10 000
- қа­ра­құ­мық
1008 20 000
- та­ры:
1008 30 000 0
- су би­дай­ық тұқы­мы
-
1008 90
- бас­қа астық­ты да­қыл­дар:
1008 90 100 0
-- три­ти­ка­ле (би­дай - қа­ра би­дай бу­да­ны)
-
1008 90 900 0
-- бас­қа­ла­ры
-
0713
Кеп­ті­рі­л­ген, ар­шы­л­ған, тұқым­ның қа­бығ­ы­нан та­зар­ты­л­ған неме­се та­зар­тыл­ма­ған, жа­ры­л­ған неме­се жа­рыл­ма­ған бұр­шақ кө­кө­ні­стер:
0713 10
- ас­бұр­шақ (Pisum sativum):
0713 20 000 0
- но­қат
-
- үр­ме бұр­шақ (Vigna spp., Phaseolus spp.):
0713 31 000 0
-- үр­ме бұр­шақ түр­ле­рі Vigna mungo (L.) Hepper неме­се Vigna radiata (L.) Wilczek
-
0713 32 000 0
-- қы­зыл ұсақ үр­ме бұр­шақ (адзу­ки) (Phaseolus неме­се Vigna angularis)
-
0713 33
-- кә­дім­гі үр­ме бұр­шақ, ақ ұсақ тұқым­ды үр­ме бұр­шақ­ты ко­са (Phaseolus vulgaris):
0713 39 000 0
-- бас­қа­сы
-
0713 40 000 0
- жа­сы­мық
-
0713 90 000 0
- бас­қа­ла­ры
-
1201 00
Қы­тай­бұр­шақ, жа­ры­л­ған неме­се жа­рыл­ма­ған:
1202
Жер жаң­ғақ, қуы­рыл­ма­ған неме­се бас­қа әдіспен дай­ын­дал­ма­ған, ар­шы­л­ған неме­се ар­шыл­ма­ған, жа­ры­л­ған неме­се жа­рыл­ма­ған:
1203 00 000 0
Ко­пра
-
1204 00
Зығ­ыр тұқы­мы, жа­ры­л­ған неме­се жа­рыл­ма­ған:
1205
Paпс тұқы­мы неме­се коль­за, жа­ры­л­ған неме­се жа­рыл­ма­ған:
1205 10
- рапс тұқы­мы неме­се коль­за, эрук қыш­қыл­дың тө­мен ма­ңызы­мен:
1206 00
Күн­ба­ғыс тұқы­мы, жа­ры­л­ған неме­се жа­рыл­ма­ған:
1207
Бас­қа май­лы да­қыл­дар­дың тұқым­да­ры және же­мі­сте­рі, жа­ры­л­ған неме­се жа­рыл­ма­ған:
1207 20
- мақ­та ши­ті:
1207 40
- күн­жіт тұқы­мы:
1207 50
- қы­ша тұқы­мы:
1207 91
-- көк­нәр тұқы­мы:
1207 99
-- бас­қа­ла­ры:

2 Тұқымдық астықтағы улы арамшөп тұқымдарының, тірі зиянкестердің және олардың личинкаларының болуы

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2010 жы­л­ғы 6 қыр­күй­ек­те­гі
№ 904 қа­улы­сы­на
2-қо­сым­ша
"Астық қа­уіп­сіз­ді­гіне
қой­ы­ла­тын та­лап­тар"
тех­ни­ка­лық ре­гла­мен­тіне
4-1-қо­сым­ша
Тұқымдық астықтағы улы арамшөп тұқымдарының, тірі зиянкестердің және олардың личинкаларының болуы
Да­қыл­дар ата­уы
Улы арам­шөп тұқы­мы­ның, ті­рі зи­ян­кестер­дің және олар­дың ли­чин­ка­ла­ры­ның ата­уы
Ес­керт­пе
Би­дай, ар­па
Жі­л­те­сті же­міс ге­лио­тро­пы
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Сұр три­хо­де­сма
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Кене
1 -2 сы­нып - рұқ­сат етіл­мей­ді,
3 сы­нып -1 ки­ло­грам­ға 20 да­на­дан көп емес
Би­дай гал­ла нема­то­ды (би­дай уг­ри­ца­сы)
би­дай - рұқ­сат етіл­мей­ді
Кү­ріш
Кене
1-2 сы­нып - рұқ­сат етіл­мей­ді,
3 сы­нып -1 ки­ло­грам­ға 20 да­на­дан көп емес
Қа­ра­күйе
Су­пер­э­ли­та және эли­та - рұқ­сат етіл­мей­ді
Кү­ріш афе­лен­хі
Су­пер­э­ли­та және эли­та -рұқ­сат етіл­мей­ді
Три­ти­ка­ле
Са­бақ­ты, ер­ге­жей­лі, шаң­ды және қат­ты қа­ра­күйе
0,5 %-дан көп емес
Шаң­ды және қат­ты қа­ра­күйе
Эли­та - рұқ­сат етіл­мей­ді
Та­ры
Жі­л­те­сті же­міс ге­лио­тро­пы
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Сұр три­хо­де­сма
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Қа­ра­күйе
Бі­рін­ші және кей­ін­гі ре­про­дук­ци­я­лар -0,5 %-дан көп емес, Кө­бей­ту пи­том­ни­гі, су­пер­э­ли­та және эли­та -0,1 %-дан көп емес
Қа­ра­құ­мық
Жі­л­те­сті же­міс ге­лио­тро­пы
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Сұр три­хо­де­сма
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Кене
1 сы­нып - рұқ­сат етіл­мей­ді,
2 сы­нып -1 ки­ло­грам­ға 20 да­на­дан көп емес
Құ­май жү­ге­рі
Жі­л­те­сті же­міс ге­лио­тро­пы
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Сұр три­хо­де­сма
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Қа­ра­күйе
Бі­рін­ші және кей­ін­гі ре­про­дук­ци­я­лар -0,5 %-дан көп емес
Кө­бей­ту пи­том­ни­гі, су­пер­э­ли­та және эли­та - рұқ­сат етіл­мей­ді
Ас­бұр­шак
Жі­л­те­сті же­міс ге­лио­тро­пы
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Сұр три­хо­де­сма
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Кене
1 ки­ло­грам­ға 10 да­на­дан көп емес
Ас­бұр­шақ дән қо­ңы­зы
1 ки­ло­грам­ға 10 да­на­дан көп емес
Но­қат
Жі­л­те­сті же­міс ге­лио­тро­пы
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Сұр три­хо­де­сма
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Түйе бұр­шақ, маш, жа­сы­мық, но­ға­тық
Жі­л­те­сті же­міс ге­лио­тро­пы
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Сұр три­хо­де­сма
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Кене
1 сы­нып - рұқ­сат етіл­мей­ді,
2 сы­нып -1 ки­ло­грам­ға 20 да­на­дан көп емес
Күн­ба­ғыс
На­ғыз күйе зи­ян­кесте­рі­нің (Tineidae), қан кө­бе­ле­гі (Pyzalidae)
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Paпс
Ақ та­мыр­д­ә­рі
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Тең­біл убал­дыр­ған
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Қа­ра мең­ду­а­на
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Күй­дір­гі, жа­та­ған, у сар­ғал­дақ
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Дә­рі­лік са­ры­бас­ша
Рұқ­сат етіл­мей­ді
Кене
1 сы­нып - рұқ­сат етіл­мей­ді,
2 сы­нып -1 ки­ло­грам­ға 20 да­на­дан көп емес
Зығ­ыр
Кене
1-2 сы­нып - рұқ­сат етіл­мей­ді,
3 сы­нып -1 ки­ло­грам­ға 20 да­на­дан көп емес
Жер жаң­ғақ
Кене
1 сы­нып - рұқ­сат етіл­мей­ді,
2 сы­нып -1 ки­ло­грам­ға 20 да­на­дан көп емес
Оң­тү­стік скле­ро­ци­ал­ды ші­рік (Selerotium rolfsii Sace)
Рұқ­сат етіл­мей­ді

Қолданыстағы