О внесении изменений и дополнения в решение Жамбылского областного маслихата от 8 февраля 2008 года № 4-3 "О ставках платы за эмиссии в окружающую среду на 2008 год по Жамбылской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Жамбылского областного маслихата от 8 февраля 2008 года № 4-3 "О ставках платы за эмиссии в окружающую среду на 2008 год по Жамбылской области"
- Атауы (қаз.)
- Жамбыл облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 8 ақпандағы № 4-3 "Жамбыл облысы бойынша 2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6-9
- Қабылданған күні
- 06.06.2008
- Қолданысқа енгізілген күні
- 30.07.2008
- Көрсетілген редакция
- 29.10.2009 40682_187261.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.10.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08G0001708
- ЭКБ идентификаторы
- 40682
- Редакция идентификаторы
- 40682_187261
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:20
0 Жамбыл облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 8 ақпандағы N 4-3 "Жамбыл облысы бойынша 2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 5 тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 462 бабына, "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексінің 19 бабы 6) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 344 қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. "Жамбыл облысы бойынша 2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы" Жамбыл облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 8 ақпандағы N 4-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1675 болып тіркелген, 2008 жылғы 15 наурыздағы N 42-43 (16.634-16.635) "Ақ жол" және 2008 жылғы 12 наурыздағы N 31 (16806) "Знамя труда" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 5 бағанының 7 реттік нөмірдегі "30567,3" деген цифрлар "2600" деген цифрлармен ауыстырылсын;
ескертпеде:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларына:
энергия өндіруші ұйымдар;
табиғи монополия субъектілері үшін коммуналдық қызметтерді көрсеткен кезде түзілетін эмиссия көлемі үшін мынадай коэффиценттер енгізіледі:
1 0,3 коэффициенті;
2 0,43 коэффициенті;
4 0,25 коэффициенті";
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) ескертпенің 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген коэффиценттерді қолдану қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтен тыс көлемі үшін төлемдерге қолданылмайды".