Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Павлодара от 8 апреля 2008 года № 424/10 "Об утверждении инструкции по назначению социальной помощи"

Қаулы · № 949/18 · қабылданған 31.07.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2008-no-42410/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Павлодара от 8 апреля 2008 года № 424/10 "Об утверждении инструкции по назначению социальной помощи" Күшін жойған Қаулы ·№ 949/18 ·31.07.2008
30.01.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Павлодара от 8 апреля 2008 года № 424/10 "Об утверждении инструкции по назначению социальной помощи"

Күшін жойған Қаулы ·№ 949/18 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Павлодара от 8 апреля 2008 года № 424/10 "Об утверждении инструкции по назначению социальной помощи"
Атауы (қаз.)
Павлодар қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 424/10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
949/18
Қабылданған күні
31.07.2008
Көрсетілген редакция
30.01.2009 AI41392_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08PA000125
ЭКБ идентификаторы
41392
Редакция идентификаторы
AI41392_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:01

0 Павлодар қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 424/10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының, 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджеттiк кодексiнің 92-бабы 8-тармақшасына сәйкес, 2008 жылға арналған Павлодар қаласы бюджетін нақтылау мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Павлодар қаласы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 8 сәуірдегі "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 424/10 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

3-тараудағы "Біржолғы әлеуметтік көмек":
20-тармақ толықтырылсын:
27)-тармақшамен мынадай мазмұнда: "әлеуметтік саладағы жұмыстарға жіберілген жас мамандарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету мөлшері 300000,0 (үш жүз мың) теңге.
Әлеуметтік көмек жіберілген мекенжайы бойынша жұмысқа орналастырылған және азаматтарды тіркеу кітабында тіркелген, облыстың денсаулық сақтау департаментіне әлеуметтік саладағы жұмыстарға жолдама алған, күндізгі оқу бөліміндегі жас түлектерге төленеді";
21-тармақтағы "азаматтарды тіркеу кітабынан үзінді;" сөздерінен кейін мынадай мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын "27)-тармақша үшін тиісті департаментпен берілген жұмысқа жолдама, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі";
6-бөлімдегі "Павлодар қаласының тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік емес ұйымдар арқылы көрсетілетін әлеуметтік көмек":
33-тармақтағы "942,1 (тоғыз жүз қырық екі бүтін оннан бір)" сомасы "1188,57 (бір мың жүз сексен сегіз бүтін, жүзден елу жеті)" сомасымен ауыстырылсын;
34-тармақтағы "9100 (тоғыз мың жүз)" сомасы "9750 (тоғыз мың жеті жүз елу)" сомасымен ауыстырылсын;
35-тармақтағы "1819,17 (бір мың сегіз жүз он тоғыз бүтін, жүзден он жеті)" сомасы "2108,89 (екі мың жүз сегіз бүтін жүзден сексен тоғыз)" сомасымен ауыстырылсын;
36-тармақтағы "122,3 (жүз жиырма екі бүтін, оннан үш)" сомасы "162,37 (жүз алпыс екі бүтін, жүзден отыз жеті)" сомасымен ауыстырылсын;
37-тармақтағы "1013,29 (бір мың он үш бүтін, жүзден жиырма тоғыз)" сомасы "1351,06 (бір мың үш жүз елу бір бүтін, жүзден алты)" сомасымен ауыстырылсын;
38-тармақтағы "4385,4 (төрт мың үш жүз сексен бес бүтін, оннан төрт)" сомасы "5213,89 (бес мың екі жүз он үш бүтін, жүзден сексен тоғыз)" сомасымен ауыстырылсын;
39-тармақтағы "4545,83 (төрт мың бес жүз қырық бес бүтін, жүзден сексен үш)" сомасы "5000 (бес мың)" сомасымен ауыстырылсын;
40-тармақтағы "24361 (жиырма төрт мың үш жүз алпыс бір)" сомасы "29323,81 (жиырма тоғыз мың үш жүз жиырма үш бүтін, жүзден сексен бір)" сомасымен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы: "Көру және оларды әлеуметтік бейімдеу бойынша мүгедектерді кәсіби даярлау және қайта даярлау икемді жүйесін ұйымдастыру жолымен көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету. Бір адамға қызмет көрсетудің орта айлық мөлшері 25000 (жиырма бес мың) теңгені құрайды" (тармақтардың келесі нөмерлері 42-тармақтың қосылу есебімен өзгертілсін) 42-тармақпен қосылсын.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. Ә. Қапеновке жүктелсін.

Қолданыстағы