О внесении дополнений в постановление области от 8 апреля 2008 года № 78/4 "Об утверждении перечня объектов коммунальной собственности, подлежащих приватизации"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление области от 8 апреля 2008 года № 78/4 "Об утверждении перечня объектов коммунальной собственности, подлежащих приватизации"
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" № 78/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 162/12
- Қабылданған күні
- 18.08.2009
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2011 AI47654_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09P0003143
- ЭКБ идентификаторы
- 47654
- Редакция идентификаторы
- AI47654_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:32
0 Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" № 78/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы "Жекешелендіру туралы" Заңының 5-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі "Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері" № 1431 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" № 78/4 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3111 болып тіркелді, 2008 жылғы 5 маусымда "Сарыарқа самалы" № 61 және 2008 жылғы 6 мамырда "Звезда Прииртышья" № 49 газеттерінде жарияланды), Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 17 ақпандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" № 78/4 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" № 40/3 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3132 болып тіркелді, 2009 жылғы 21 наурызда "Сарыарқа самалы" № 34 және 2009 жылғы 21 наурызда "Звезда Прииртышья" № 33 газеттерінде жарияланды), Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 5 мамырдағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" № 78/4 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" № 107/8 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3137 болып тіркелді, 2009 жылғы 4 маусымда "Сарыарқа самалы" № 63 және 2009 жылғы 4 маусымда "Звезда Прииртышья" № 62 газеттерінде жарияланды) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес 411 – 421 тармақтармен толықтырылсын.
2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.
4 Павлодар облысы әкімдігінің
2009 жылғы 18 тамыздағы
№ 162/12 қаулысына
қосымша
1
2
3
411
Мемлекеттік нөмірі S 407 ВL, 1990 жылы шыққан УАЗ-3303 автомашинасы
Ақсу қаласы ("Ақсу қаласының N 1 қазақ орта мектебі" ММ-нің балансында)
412
Мемлекеттік нөмірі S 032 АСD, 1988 жылы шыққан Т-40 доңғалақты тракторы
Ақсу қаласы ("Ақсу қаласы Жолқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің балансында)
413
Мемлекеттік нөмірі S 031 АСD, 1989 жылы шыққан ЮМЗ-6 КЛ доңғалақты тракторы
Ақсу қаласы ("Ақсу қаласы Жолқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің балансында)
414
Мемлекеттік нөмірі 96-15 ПАМ, 1987 жылы шыққан ЗИЛ-130 автокраны
Ақсу қаласы ("Ақсу қаласы Жолқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің балансында)
415
Мемлекеттік нөмірі 8476 ПАА, 1994 жылы шыққан ВАЗ-21061 автомашинасы
Павлодар ауданы, Мичурин ауылы ("Психохрониктерге арналған Павлодар мамандандырылған үйі" ММ-нің балансында)
416
Мемлекеттік нөмірі S 161 АS, 1993 жылы шыққан ГАЗ-31029 автомашинасы
Баянауыл ауданы ("Баянауыл ауданы Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің балансында)
417
1998 жылы шыққан "Selectra-2" биохимиялық талдағыш медициналық жабдығы
Павлодар қаласы ("Павлодар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы" ММ-нің балансында)
418
Жалпы аумағы 2523,6 м2, 1966 жылы салынған мектептің бұрынғы ғимараты
Екібастұз қаласы, Шідерті кенті, Ленин көшесі, 7 ("Шідерті жалпы орта білім беретін мектеп" ММ-нің балансында)
419
Жалпы аумағы 423,5 м2, 1956 жылы салынған мектептің бұрынғы ғимараты
Качиры ауданы, Зеленая Роща ауылы ("Береговая жалпы білім беру орта мектебі" ММ-нің балансында)
420
Жалпы аумағы 830,5 м2, 1958 жылы салынған мектептің бұрынғы ғимараты
Ертіс ауданы, Ертіс ауылы ("Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ-нің балансында)
421
Жалпы аумағы 275,3 м2, бұрынғы ведомстводан тыс күзет ғимараты
Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Карел - Полк көшесі, 73-үй ("Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ-нің балансында)