О внесении изменений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 8 апреля 2009 года № 161/306 «Об утверждении Правил выдачи и учета открепительных удостоверений на право голосования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 8 апреля 2009 года № 161/306 «Об утверждении Правил выдачи и учета открепительных удостоверений на право голосования»
- Атауы (қаз.)
- «Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 28/54
- Қабылданған күні
- 17.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2015 88866_38924.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010757
- ЭКБ идентификаторы
- 88866
- Редакция идентификаторы
- 88866_38924
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:25
0 «Дауыс беру құқығын беретін
есептен шығару куәліктерін беру
және есепке алу қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5653 болып тіркелген, 2009 жылғы 5 мамырдағы № 158-159 (25556) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларында:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстық, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиялары баспаханалық тәсілмен дайындалған дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін (бұдан әрі – есептен шығару куәліктері) дауыс беру күніне кемінде отыз күн қалғанда аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына жеткізуді және беруді қамтамасыз етеді (1-қосымша).»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сайлаушылардың тізiмдерiн жалпы жұрттың танысуы үшін ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде сайлаушы өзінің болатын орнын ауыстырған кезде есептен шығару куәлігі сайлаушыға оның есептен шығару куәлігін алу жөніндегі өтініші (3-қосымша) негізінде (не оның өкіліне сенімхат бойынша) беріледі.