Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 ноября 2010 года № 1174 "Об утверждении Правил выдачи разрешений на сжигание в факелах попутного и (или) природного газа"

Қаулы · № 1275 · қабылданған 08.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2010-no-1174/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 ноября 2010 года № 1174 "Об утверждении Правил выдачи разрешений на сжигание в факелах попутного и (или) природного газа" Күшін жойған Қаулы ·№ 1275 ·08.10.2012
03.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 ноября 2010 года № 1174 "Об утверждении Правил выдачи разрешений на сжигание в факелах попутного и (или) природного газа"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1275 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 ноября 2010 года № 1174 "Об утверждении Правил выдачи разрешений на сжигание в факелах попутного и (или) природного газа"
Атауы (қаз.)
"Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1275
Қабылданған күні
08.10.2012
Көрсетілген редакция
03.04.2015 AI67974_2.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001275
ЭКБ идентификаторы
67974
Редакция идентификаторы
AI67974_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:12

0 "Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 584-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасында:
1-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

1

«1. Осы Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі – Заң) және «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.»;
екінші бөліктің 2) тармақшасы алынып тасталсын;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

2 «2. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға (бұдан әрі – газды жағу) рұқсатты жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың келісімі бойынша мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган береді.»;

4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

4 «4. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган газды жағуға рұқсат жобасын қажетті құжаттармен бірге жер қойнауын зерттеу және пайдалану және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдарға келісу үшін жібереді.

5 5. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардағы келісу мерзімі құжаттар түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауы тиіс.»;

6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

6 «6. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган жер қойнауын зерттеу және пайдалану және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардан келісім алғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыға газды жағуға рұқсат береді.»;

7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

2 «2) жер қойнауын пайдаланушы жасаған және жер қойнауын зерттеу және пайдалану және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық органдарымен келісілген ұңғымалардың жекелеген объектілерін сынау жоспарлары.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы