О внесении изменений в решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 8 февраля 2010 года № 182 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 8 февраля 2010 года № 182 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 182 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 79
- Қабылданған күні
- 29.03.2013
- Көрсетілген редакция
- 28.10.2016 72114_124176.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.10.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13SK002249
- ЭКБ идентификаторы
- 72114
- Редакция идентификаторы
- 72114_124176
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:23
0 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 182 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 182 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 18 наурыздағы № 13-11-172 тіркелген, 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 16 «Тайынша Таңы», 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 16 «Тайыншинские вести» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тілдегі мәтін өзгермейді:
«Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы»;
шешімнің преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабы 2-тармағына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Ережесінің 3, 4-тармақтарына, «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:»
мемлекеттік тілдегі шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тілдегі мәтін өзгермейді:
«Қоса беріліп отырған тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары бекітілсін».
мемлекеттік тілдегі қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тілдегі мәтін өзгермейді:
«Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары».