О внесении изменения в решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 8 февраля 2010 года № 182 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 8 февраля 2010 года № 182 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»
- Атауы (қаз.)
- «Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 182 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 327
- Қабылданған күні
- 04.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.10.2016 95914_124172.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.10.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SK003481
- ЭКБ идентификаторы
- 95914
- Редакция идентификаторы
- 95914_124172
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:45
0 «Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 182 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 182 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 18 наурыздағы № 13-11-172 болып тіркелген, 2010 жылғы 16 сәуірдегі «Тайынша таңы» аудандық газетінде, 2010 жылғы 16 сәуірдегі «Тайыншинские вести» аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1 «1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1 1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
2 2) тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
3 3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге ұсынылады;
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.».