О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 февраля 2010 года № 40 «Об утверждении Перечня профессий и специальностей, получение которых в заочной, вечерней формах и в форме экстерната не допускается и Правил выдачи разрешения на обучение в форме экстерната в организациях образования, реализующих образовательные программы высшего образования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 февраля 2010 года № 40 «Об утверждении Перечня профессий и специальностей, получение которых в заочной, вечерней формах и в форме экстерната не допускается и Правил выдачи разрешения на обучение в форме экстерната в организациях образования, реализующих образовательные программы высшего образования»
- Атауы (қаз.)
- «Сырттай, кешкі нысандарда және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 506
- Қабылданған күні
- 28.09.2018
- Көрсетілген редакция
- 28.09.2018 125499_366318.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.09.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800017625
- ЭКБ идентификаторы
- 125499
- Редакция идентификаторы
- 125499_366318
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:03
0
«Сырттай, кешкі нысандарда және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Сырттай, кешкі нысандарда және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6111 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2010 жылғы 12 шілдедегі № 11 актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сырттай және кешкі оқыту нысандарында білім алуға жол берілмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сырттай және кешкі оқыту нысандарында білім алуға жол берілмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесі.»;
2) тармақша алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакциядан жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымша алынып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменттері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Сырттай және кешкі оқыту нысандарында білім алуға жол берілмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 506 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2010 жылғы 8 ақпандагы
№ 40 бұйрығына
1-қосымша
Сырттай және кешкі оқыту нысандарында білім алуға жол берілмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесі
Коды
Білім беру бағыты, мамандық және біліктілік атауы
Сырттай және кешкі оқыту нысандарында алуға жол берілмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтар
1. 0100000 – Білім беру
0102000
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру (деңгей бойынша)
0103000
Дене тәрбиесі және спорт
0104000
Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)
0105000
Бастауыш білім беру
0108000
Музыкалық білім беру
0109000
Өмір қауіпсіздігі және валеология
0110000
Білім беру ұйымдарындағы зертханашы
0111000
Негізгі орта білім беру
0112000
Исламтану
0113000
Теология
2. 0300000 – Медицина, фармацевтика
0301000
Емдеу ісі
0302000
Медбикелік іс
0303000
Гигиена және эпидемиология
0304000
Стоматология
0305000
Лабораториялық диагностика
0306000
Фармация
0307000
Ортопедиялық стоматология
0308000
Медициналық оптика
3. 0400000 – Өнер және мәдениет
0402000
Дизайн (бейін бойынша)
0404000
Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы (түрлері бойынша)
0407000
Ән салу
0408000
Хореография өнері
0409000
Актерлік өнер
0410000
Цирк өнері
0414000
Қайта қалпына келтіріп жөндеу (салалар бойынша)
0415000
Зергерлік ісі (салалар бойынша)
4. 0500000 – Қызмет көрсету, экономика және басқару
0502000
Телекоммуникациялық құралдар мен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша)
0503000
Слесарлық іс
0504000
Бұйымдарды химиялық тазалау және бояу
0506000
Шаштараз өнері және сәндік косметика
0507000
Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру
0508000
Тамақтандыруды ұйымдастыру
0513000
Маркетинг (салалар бойынша)
0511000
Туризм (салалар бойынша)
5. 0700000 – Геология, тау-кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру
0701000
Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау (түрлері бойынша)
0702000
Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау технологиясы және техникасы
0704000
Пайдалы қазбаларды іздеу мен барлаудың геофизикалық тәсілдері
0705000
Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу
070501 2
Тау-кен қазба машиналарының машинисі
070502 2
Жерасты тау-кен жұмысшысы
070503 2
Бекітуші
070504 2
Тазарту забойының тау-кен жұмысшысы
070505 2
Бұрғылау қондырғысының машинисі
070506 2
Жерасты қондырғысының машинисі
070507 2
Тау-кен қазбаларын жөндейтін тау-кен жұмысшысы
070508 2
Дизель пойызының машинисі
070509 2
Электровоз машинисі
070510 2
Жер асты тау-кен монтажшысы
070513 1
Жүк тиегіш машинаның машинисі
070514 1
Үңгілеуші
070515 1
Скреперлік шығыр машинисі
070517 2
Толық қималы шахта оқпандарын бұрғылау жөніндегі құрылғы машинисі
070518 2
Көтеруші машинаның машинисі
070519 2
Жарушы
070520 1
Тиеп-жеткізуші машина машинисі
070523 3
Техник-гидрогеолог
070524 2
Скважина бұрғылаушы
070525 1
Тау жынысын тиегіш машина машинисі
070529 2
Дизельді жетегі бар тиегіш машинисі
0706000
Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу
070601 2
Экскаватор машинисі
070602 2
Экскаватор машинисінің көмекшісі
070603 2
Бұрғылау қондырғысының машинисі
070605 2
Сығымдағыш қондырғының машинисі
070606 2
Вибротиеу қондырғысы машинисі
070607 2
Конвейер машинисі
070608 2
Ұсатқыш қондырғылары машинисі
070609 2
Роторлы экскаватор машинисі
070610 2
Қатар қалыптастырғыш машинаның машинисі
070611 2
Жабдықтарды жөндеу жөніндегі кезекші электр слесарі (слесарі)
070612 2
Слесарь-жөндеуші
070613 2
Электровоз машинисі
070614 2
Тепловоз машинисі
070615 2
Электровоз машинисінің көмекшісі
070616 2
Тепловоз машинисінің көмекшісі
070617 2
Электрослесарь-байланыстырушы
070618 1
Үйінді көпір машинисі
070619 2
Бульдозер машинисі
070623 1
Жарушы
070621 1
Қимадағы тау-кен жұмысшысы
070625 1
Габаритті емес тау массаларын қопару қондырғысының машинисі
070627 1
Қоректендіргіш машинисі
070628 1
Күйдіруші
0707000
Тау-кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу
070701 2
Жерасты электр слесарі
070702 2
Көтергіш машинаның машинисі
070703 2
Жерасты тау-кен монтажшысы
070704 2
Жерасты қондырғыларының машинисі
070705 2
Үздіксіз жұмыс істейтін көтергіш-көлік құралдарын монтаждаушы
070706 2
Жабдықтарды жөндеу жөніндегі кезекші электр слесарі (слесарі)
070707 2
Электр монтаждаушы-реттеуші
070708 2
Электровоз машинисінің көмекшісі
070709 2
Дизельпойыз машинисінің көмекшісі
070710 2
Конвейер машинисі
070711 2
Автоматика мен өлшеуіш құралдарын жөндейтін және қызмет көрсететін электр слесарі
070712 2
Электр қондырғыларына қызмет көрсететін электр жөндеушісі
070713 2
Қайта тиегіштердің машинисі
070714 2
Сығымдағыш қондырғының машинисі
070715 2
Вакуумдық қондырғылар машинисі
070716 2
Сорғы қондырғыларының машинисі
070717 2
Гидромониторшы
070718 2
Жерасты тау-кен қазба жабдықтарын монтаждаушы электр слесарі
070720 2
Экскаватор машинисі
070721 2
Бұрғылау қондырғысының машинисі
070722 2
Экскаватор машинисінің көмекшісі
070723 2
Ұсатқыш қондырғылар машинисі
070724 2
Роторлы экскаватор машинисі
070725 2
Қатар қалыптастыратын машина машинисі
070727 2
Қазып суыратын тау-кен машинасының машинисі
070728 2
Слесарь-жөндеуші
070729 2
Вибротиеу қондырғысы машинисі
0708000
Пайдалы қазбаларды байыту (көмір байыту)
070805 2
Басқару пультінің операторы
070811 2
Қоюлатқыштар аппаратшысы
0709000
Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту)
070905 2
Диірмен машинисі
070906 2
Жуу машиналарының машинисі
070909 2
Байыту өнімін бақылаушы
070911 2
Сұрыптаушы
070912 2
Құрал-жабдықтарға қызмет көрсету және оларды жөндеу слесарі
070913 2
Агрегат жөндеу слесарі
070914 2
Басқару пультінің операторы
070917 2
Минералогиялық талдау зертханашысы
070918 3
Техник-технолог
0710000
Ашық кеніштің электр-механикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу
071001 2
Уату-ұнтау жабдығын және сұрыптау мен байытуға арналған жабдықты монтаждаушы
071002 2
Ұсату-ұнтақтау жабдығының және сұрыптау механизмінің машинисі
071003 2
Слесарь-жөндеуші
071004 2
Ашық кеніш электровозы машинисінің көмекшісі
071005 2
Ашық кеніш дизельді пойызы машинисінің көмекшісі
071006 2
Конвейер машинисі
071007 2
Автоматика мен өлшеуіш құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі
071008 2
Электр қондырғыларын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтері
071009 2
Қайта тиегіштер машинисі
071010 2
Компрессорлық қондырғылар машинисі
071011 2
Сорғы қондырғыларының машинисі
071012 2
Гидромониторшы
071014 2
Үйінді жасаушы машинисі
071015 2
Скрепер машинисі
071016 2
Жер асты суын сору қондырғыларының машинисі
071017 2
Бұрғылау қондырғысының машинисі
071018 2
Экскаватор машинисі
0711000
Маркшейдерлік іс
0712000
Жер асты құрылымдарының құрылысы
071201 2
Өту жолы кешенінің машинисі
071202 2
Үңгілеуші
071203 2
Шпур бұрғылаушы
071204 2
Тау-кен қазып суыратын машина машинисі
071205 2
Тиегіш машина машинисі
071206 2
Жер асты тау-кен жұмысшысы
071207 2
Бұрғылау қондырғысының машинисі
071210 2
Толық қимамен шахта оқпандарын бұрғылауға арналған құрылғылардың машинисі
071211 2
Тау-кен жабдықтарын монтаждаушы
071212 2
Топырақты қатыруға арналған тоңазытқыш қондырғылардың машинисі
071213 2
Үстіңгі жұмыстардағы үңгілеуші
6. 0800000 – Мұнай-газ және химия өндірісі
0801000
Мұнай мен газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы (бейін бойынша)
0803000
Компрессорлық стансалар мен жер асты құбырларының электр жүйесін жөндеу және қызмет көрсету
0804000
Технологиялық жабдықтар мен құбырларды монтаждау
0809000
Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша)
0810000
Мұнай-газ құбырларын, мұнай-газ қоймалары мен жанар май құю станцияларын салу және пайдалану
0811000
Химиялық талшықтар өндірісі
0812000
Резеңке-техникалық өндірісі
0813000
Шина өндірісі және вулканизация процесі
0814000
Полимерлік өндіріс технологиясы
0815000
Тұтқыр және сусымалы материалдарды химиялық өндіретін машиналар мен жабдықтарды пайдалану
0817000
Коксохимиялық өндіріс
0819000
Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы
0820000
Изотоптарды бөлу технологиясы мен вакуумды техника
7. 0900000 – Энергетика
0901000
Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша)
090101 2
Электромонтер (барлық атаулар)
090102 2
Электр станцияларындағы электр жабдықтарын жөндеуші электр слесарі
090103 2
Күштік тораптар мен электр жабдықтарының электр монтаждаушысы
0902000
Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)
0904000
Темір жолдардың электр техникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу
0906000
Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары
090601 2
Қазандық жабдықтарын аралаушы машинист
090602 2
Турбиналы жабдықтарды аралаушы машинист
8. 1000000 – Металлургия және машина жасау
1001000
Домна пештерін жөндеу және қызмет көрсету
1002000
Қара металдар металлургиясы (түрлері бойынша)
1003000
Түсті металдар металлургиясы
1004000
Құю өндірісі
1005000
Болатты пештен тыс өңдеу
1007000
Отқа төзімді заттар өндірісі
1009000
Прокаттау өндірісі
1010000
Құбыр өндірісі
1011000
Автоматты желілер және агрегаттық станоктар
1012000
Икемді автоматты желілер
1013000
Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау құралдары және өндірістегі автоматика
1015000
Машина жасаудағы монтаж және автомобильді сынау
9. 1100000 – Көлік (салалар бойынша)
1101000
Ұшу аппараттарының өндірісі
1102000
Авиациялық құралдар өндірісі
1103000
Кеме жасау және кеме машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету
1105000
Қала электр көліктерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу (салалар бойынша)
1107000
Көтергіш- көлік, құрылыс- жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану (салалар бойынша)
1108000
Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)
1109000
Токарлық іс және металл өңдеу (түрлері бойынша)
1110000
Жүк көтергіш машиналар және транспортерлер
1111000
Ұсталық-тығыздау жабдығы
1112000
Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану
1113000
Металлургиядағы машиналар мен жабдықтар
1114000
Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)
1115000
Өндірістегі электрлік-механикалық жабдықтар (түрлері бойынша)
1116000
Геологиялық барлау жабдығы
1117000
Электрондық техника өндірісіне арналған жабдық
1118000
Тамақ, сауда және ет өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтары
1119000
Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар және қондырғылар
1120000
Технологиялық машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)
1121000
Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу
10. 1200000 – Өндіру, монтаждау, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша). Көлікті пайдалану
1201000
Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
120107 2
Автокөлік жөндеу слесарі
120109 2
Көлік жөндеу шебері
1202000
Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша)
1203000
Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
120301 2
4-ші және 5-ші кластардың теміржол стансасының кезекшісі
120304 1
Пойыздарды құрастырушы
120306 2
Жүк пен багажды қабылдап алушы
120307 1
Дабыл беруші
1204000
Cу көлігін пайдалану (бейін бойынша)
1205000
Әуе жол көліктерінің қозғалысын басқару және пайдалану
1207000
Талшықты материалдарды өңдеу технологиясы
1208000
Талшықты материалдарды өңдеу технологиясы
1209000
Тоқу өндірісі (түрлері бойынша)
1210000
Мата емес тоқыма материалдар технологиясы
1211000
Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу
1212000
Аяқ киім өндірісі (түрлері бойынша)
1213000
Үлбір және қой-тон бұйымдарын өндіру технологиясы
1214000
Трикотаж, тоқыма, галантерея бұйымдарының технологиясы
1215000
Жеңіл өнеркәсіп ұйымдарының жабдығы
1216000
Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі
1217000
Темекі өндірісі
1218000
Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтары
1219000
Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі
1220000
Қант өндірісі
1221000
Балық өндірісі
1222000
Консервілер және тағам концентраттары өндірісі
1223000
Сыра, алкогольсыз және спиртті ішімдіктер өндірісі
1224000
Сүт өнімдерінің өндірісі
1225000
Ет және ет өнімдерінің өндірісі (түрлері бойынша)
1226000
Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру
1227000
Полиграфия өндірісі
1231000
Экологиялық қондырғыларды пайдалану және қызмет көрсету
1232000
Шыныталшық және шыныдан жасалған заттар өндірісі
1233000
Фарфор және фаянс бұйымдарын дайындау
1234000
Керамикалық өндіріс
1235000
Әрлеу өндірісі (бейін бойынша)
1236000
Былғары мен теріні химиялық өңдеу
1237000
Жеміс-жидектер мен көкөністерді сақтау және қайта өңдеу
11. 1300000 – Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар. Электрондық техника
1303000
Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару
1304000
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
130406 3
Компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсетуші техник
130408 2
Электрондық-есептеу машиналарын баптаушы
1306000
Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша)
130601 2
Телекоммуникациялық желілер және жүйелер бойынша электромонтер
130602 2
Телефон байланысының электр монтері
130603 2
Байланыс операторы
130605 2
Байланысты монтаждаушы-кабелші
130606 2
Пошта жабдықтарының электромехнигі
1307000
Электр байланысы және желімен хабарлаудың желілік құрылыстарын пайдалану
1308000
Автоматтандырылған байланыс жүйесін пайдалану
1309000
Оптикалық және электрондық құрал-жабдықтар (түрлері бойынша)
12. 1400000 – Құрылыс және коммуналдық шаруашылық
1401000
Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану
140101 2
Тас қалаушы
140102 2
Ағаш ұстасы
140103 2
Құрылыс шебері
140104 2
Сылақшы
140105 2
Бояушы
140106 2
Бетоншы
140107 2
Арқаулаушы
140108 2
Пеш салушы
140109 2
Қаптаушы-мәрмәрші
140110 2
Қаптаушы-тасшы
140111 2
Қаптаушы-өрнектеуші
140112 2
Қаптаушы-жылтыратушы
140113 2
Рулонды және дана материалдардан жасалған жапқыштармен төбе жабушы
140114 2
Болат жапқыштармен төбе жабушы
140115 2
Болат және темір бетон құрылымдарды монтаждау жөніндегі монтаждаушы
140116 2
Паркетші
140117 2
Стропальші
140118 2
Құрылыс слесарі
140119 2
Құрылыс электр слесарі
140120 2
Құрылыстың құрғақ әдісі жөніндегі маманы
140122 2
Қаңқа-қаптауыш құрылымдарды монтаждаушы
140124 2
Кең бейінді құрылыс шебері
140125 2
Өңдеу құрылыс жұмыстарының шебері
140126 2
Жалпы құрылыс жұмыстарының шебері
140128 2
Сылау-сырлау жұмыстары бойынша реттеуші-оператор
140129 2
Құрылыс-сәндік жұмыстар бойынша маман
1402000
Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша)
1403000
Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша)
1404000
Сумен қамтамасыздандыру және су бұрғыш жүйелерінің тазартқыш ғимараттары
1405000
Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану
1406000
Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау
1409000
Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы
1413000
Темір бетон және металл бұйымдары өндірісі (түрлері бойынша)
1414000
Жиһаз өндірісі (түрлері бойынша)
1415000
Лифт шаруашылығы және эскалаторлар (түрлері бойынша)
1416000
Қалдықтарды қайта өңдеу
13. 1500000 – Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология
1502000
Агрономия
1503000
Өсімдік шаруашылығы
1504000
Фермер шаруашылығы (бейін бойынша)
1505000
Балық шаруашылығы (түрлері бойынша)
1507000
Ара өсіру және жібек шаруашылығы
1508000
Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы (түрлері бойынша)
1511000
Жерге орналастыру
1512000
Зоотехния
1513000
Ветеринария
1514000
Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану (салалар бойынша)
1516000
Өрт қауіпсіздігі
1517000
Төтенше жағдайда қорғау (бейін бойынша)
151701 2
Ілгектеуші
151702 2
Такелажшы
151705 2
Кинолог
151707 2
Өнеркәсіптік альпинист
151708 2
Сүңгуір