О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 февраля 2010 года № 40 "Об утверждении Перечня профессий и специальностей, получение которых в заочной, вечерней формах и в форме экстерната не допускается и Инструкции по выдаче разрешения на обучение в форме экстерната в организациях образования, дающих высшее образование"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 февраля 2010 года № 40 "Об утверждении Перечня профессий и специальностей, получение которых в заочной, вечерней формах и в форме экстерната не допускается и Инструкции по выдаче разрешения на обучение в форме экстерната в организациях образования, дающих высшее образование"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 "Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру нұсқаулығын бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 173
- Қабылданған күні
- 26.05.2014
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2014 AI80870_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009496
- ЭКБ идентификаторы
- 80870
- Редакция идентификаторы
- AI80870_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:36
0
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 "Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру нұсқаулығын бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 «Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6111 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 шілдедегі № 11 Қазақстан Республикасы мемлекеттік атқарушы органдарының және басқа орталық мемлекеттік органдардың басылымында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесінде:
«3. Оқытудың сырттай нысанында жалпы орта білім беру базасында жол берілмейтін жоғары білім беру мамандықтары» бөлімде:
«2. Құқық» деген бөлімшеде:
«
5В030300
Құқық қорғау қызметі
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
5В030300
Құқық қорғау қызметі (құқық қорғау органдарына ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарынан басқа)
».