Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2010 года № 538 «О Книге Славы Республики Казахстан»

Қаулы · № 76 · қабылданған 19.02.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2010-no-538-ekb-86905/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2010 года № 538 «О Книге Славы Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 76 ·19.02.2015
19.02.2015 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2010 года № 538 «О Книге Славы Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 76 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2010 года № 538 «О Книге Славы Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 538 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
76
Қабылданған күні
19.02.2015
Көрсетілген редакция
19.02.2015 86905_Some(98981).kaz
Соңғы өзгеріс
19.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000076
ЭКБ идентификаторы
86905
Редакция идентификаторы
86905_Some(98981)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:36

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 538 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 538 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 318-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Даңқ Кітабын қажеттілігіне қарай кейіннен дайындауды және оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына беруді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Даңқ Кітабын жүргізуге және сақтауға жауапты болып белгіленсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң
2015 жылғы 19 ақпандағы
№ 76 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 маусымдағы
№ 538 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау
ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын (бұдан әрі – Даңқ Кітабы) жүргізу және сақтау тәртібін белгілейді.

2 2. Даңқ Кітабын жүргізуді және сақтауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы) жүзеге асырады.

3 3. Даңқ Кітабының жүргізілуі мен сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырады.

2 2. Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау тәртібі

4 4. Даңқ Кітабын жүргізу ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісіне, «Отан» орденіне не «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденіне ие болған адамдарды марапаттау туралы жазбаларды Даңқ кітабына енгізуді қамтиды. Жазба мемлекеттік тілде жүргізіледі.

5

5. Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілеріне, «Отан» орденіне немесе «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденіне ие болған адамдар туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (келісім бойынша) жоғарыда көрсетілген мемлекеттік наградаларды беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданғаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне жібереді.

6 6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ағымдағы жылы алынған ақпаратты келесі жылдың 1 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына жібереді.

7 7. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы келесі жылдың 1 мамырына дейін Даңқ Кітабына осы Ереженің 5-тармағында көзделген ақпаратты қамтитын марапатталған тұлғалар туралы жазба енгізеді.

Даңқ Кітабына жазбаларды енгізу жылына бір рет жүргізіледі.

8 8. Даңқ Кітабы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайының мұражай қорына енгізіледі.

9 9. Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында жеке қойылған тұғырға орналастырылады.

10 10. Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жоюға жол берілмейді.

_________________________

Қолданыстағы