Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2010 года № 538 «О Книге Славы Республики Казахстан»

Қаулы · № 929 · қабылданған 07.11.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2010-no-538/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2010 года № 538 «О Книге Славы Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 929 ·07.11.2024
07.11.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2010 года № 538 «О Книге Славы Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 929 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2010 года № 538 «О Книге Славы Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 538 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
929
Қабылданған күні
07.11.2024
Көрсетілген редакция
07.11.2024 202394_728197.kaz
Соңғы өзгеріс
07.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000929
ЭКБ идентификаторы
202394
Редакция идентификаторы
202394_728197
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 08:51

0 «Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 538 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 538 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Даңқ Кітабын жүргізуге және сақтауға жауапты болып айқындалсын.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Даңқ Кітабын жүргізу ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісіне, «Отан» орденіне не «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденіне ие болған азаматтарды марапаттау туралы жазбаларды Даңқ кітабына енгізуге сайып келеді. Жазба мемлекеттік тілде жүргізіледі.
5. Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілеріне, «Отан» орденіне не «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденіне ие болған азаматтар туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (келісім бойынша) жоғарыда көрсетілген мемлекеттік наградаларды беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданғаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне жібереді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі марапатталған азаматтар туралы осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген ақпаратты қамтитын жазбаны Даңқ Кітабына келесі жылғы 1 мамырға дейін енгізеді.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы